1. Етістіктің ауыспалы өткен шағын табыңыз.
А) Жазады. В) Барған. С) Барсың.
Д) Бармақ. Е) Барайын.
2. Күрделі нақ осы шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.
С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
3. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістік жұрнағы дұрыс жалғанғанын белгілеңіз.
А) Балама айт. В) Бұл да бір амал ма?
С) Сен ойлама. Д) Балдай тәтті алма.
Е) Ол жақсы бала ма?
4. Болжалды келер шақтың жұрнағын
табыңыз.
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек. В) -етін, -йтын, -итін.
С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
5. Сөйлемнен етістікті анықтаңыз.
Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.
А) Өз. В) Отбасымыз. С) Ұлттық.
Д) Дәстүрлерді. Е) Сақтаймыз.
6. Жалаң нақ осы шақты табыңыз.
А) Бар. В) Кел. С) Айт. Д) Күл. Е) Жүр.
7. Етістіктің мақсатты келер шақғын табыңыз.
А) Жарыстым. В) Жарысқан. С) Жарысыпты.
Д) Жарыспақшы. Е) Жарыспас.
8. Мақсатты келер шақтың жұрнағын
табыңыз.
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. В) -ды, -ді, -ты.
С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
9. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.
А) Ойна. В) Түн. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.
10. Етістікті анықтаңыз.
А) Бесінші. В) Ол. С) Аспазшы.
Д) Келші. Е) Қызғылттау.
Достарыңызбен бөлісу: