1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу/Чтение текста с пониманием содержания.
Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау үшін қажетті құрылғылармен, көтергіш-көлік тетіктерімен, аспаптармен, құрылғылармен және саймандармен жабдықталған, осы жұмыс үшін арнайы бөлінген орындарда (посттарда) жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу едендік постына орнатылған автомобиль дөңгелектің астына кемінде екі тіректі қою жолымен сенімді түрде бекіту, тұру тежегішімен тежеуі қажет. Бензин қозғалтқыштары бар автомобильдерде оталдыруды сөндіру, ал дизель қозғалтқыштары бар автомобильдерде жанармай беруді жабу керек. Автомобильдің рульдік дөңгелегіне «Қозғалтқышты іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар тақтайша іліп қою керек. Автомобильге көтергіште қызмет көрсету кезінде көтергішті басқару механизміне «Тиіспеңіз! Көлік астында адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар тақтайша іліп қою керек. Жұмыс жағдайында көтергіштің плунжері көтергіштің өздігінен түсірілуін болдырмайтын тіреумен сенімді түрде бекітілуі тиіс