Сабақтың тақырыбы : «Үрмелі аспаптар оркестрі»



Дата07.05.2017
өлшемі150,27 Kb.
#15740
түріСабақ
3 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары , 3тоқсан 02.02.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Үрмелі аспаптар оркестрі»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру, оларға түсінік беру;

Дамытушылық: Музыкалық аспаптармен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау, тыңдау,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Музыкалық аспаптарды қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, музыкалық ертегі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, музыка тыңдау, ән айту, жеке, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үрлемелі музыкалық аспаптардың суреттері, ноталар, қоржын,музыка және шулы аспаптар, баян, музыкалық центр.
1. Суреттер арқылы топтарға бөлу

2. Қалай оқу керектігін үйрену.

3. Сын тұрғысынан ойлау.

4. Оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалау.

5. АКТ ны пайдалану.

6. Диалогтік оқыту

7. Дарынды және балаларды оқыту

8. Оқушылардың жас ерекшеліктерін назарға алу.



Музыка екпінімен балалар сыныпқа кіреді. Парталарға орналасады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен музыка тілінде амандасу; балаларды түгелдеу; сабақтың мақсатымен таныстыру.Суреттер арқылы балалар екі топқа бөлініп отырады.

2.Үй тапсырмасын тексеру –сөзжұмбақ шешу; «эстрадалық» сөзі шығады.

1.Жаңа заманның жанаша әуендері.

2.ҚР еңбегі сінірген әртісі, халықтың ерке қызы-әнші.

3.Ерлердің жоғары дауысы.

4. ҚР еңбегі сінірген әртісі,опера әншісі.

5. ҚР еңбегі сінірген әртісі, халықтың бұлбұлы.

6.Қазақ эстраданың тұңғыш жұлдызы.

7.ҚР белгілі талантты скрипкашы.

8. «Әлия», «Айгөлек» әндерінің орындаушысы.

9.ҚР атақты скрипкашысы .

10.Үрмелі аспап.

11.Шекті-ыспалы аспап.




3. Ән орындау: «Қыс қызығы» әні И.Нүсіпбавтікі.

4.Гамма туралы көрініс. Кейіпкерлер тақтаға шығады, тақпақтар оқиды, дауысқа жаттығулар жасалынады.

Ноталардың қысқаша қайырымдарын орындау.

До нотасына қысқаша қайырым:

Мен отырмын бақылап,

Бірінші сызық жақын-ақ!

До нотасы болған соң,

Көтерілем сатылап.
Ре нотасына қысқаша қайырым:

Мен ре, ре мін, ре мін,

Ре ретінде білемін,

Бірінші сызық астында ,

Қатарлсып келемін.
Ми нотасына қысқаша қайырым:

Бірінші сызық үстіне,

Шығып алдым, күш міне!

Ми нотасы боламын,

Естеріңе түсті ме?
Фа нотасына қысқаша қайырым:

Мен фа, фа нота болғасын,

Екі сызықтың ортасын,

Иеленіп жатырмын,

Меншігімді қорғасып.
Соль нотасына қысқаша қайырым:

Соль мін, соль мін, тұз деме,

Төменнен де іздеме,

Екінші сызық үстінде,

Тұрмын түспей, түс десе.
Ля нотасына қысқаша қайырым:

Мен ля, ля, ля биікпін, биікпін,

Көңілдімін сүйіктім, сүйіктім!

Аяғым екінші сызықта,

Төбем үшке тиіп тұр, тиіп тұр.
Си нотасына қысқаша қайырым:

Си нота деп аталдым,

Рас, біраз мен қиналдым,

Үш сызыққа шыққанда,

Қасыма бәрің жинадым.
До нотасына қысқаша қайырым:

До нотаның інісімін,

Танысайық бауырлар,

Барлығыңа сәлем беріп,

Мен түсемін сатылап.

5.Ноталар реңжісіп қалады, сонда ата-анасы музыка атасына барады,ақыл сұрайды. Музыка атасы шығады, балаларға батасың береді .Барлығы татуласады.



6. Ән орындау «Әгугай, домбыра!» - әні А.Қоразбаевтікі – халык аспаптармен орындау.

7. Жаңа сабақ. А).«Үрлемелі аспаптар оркестрі» видеосы көрсетіледі.

Талқылау:- Бұл видео не жайында? -Не түсіндіңіздер? - Қалай ойлайсындар бүгінгі тақырып не жайында болады? Дұрыс,балалар. Балалар дәптерлерімізді ашып жазайық. Бүгінгі күннің ретін және бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үрлемелі аспаптар оркестрі».

Б).Презентация: «Үрлемелі аспаптар оркестрі» балаларға түсіндіріп шығу.

В).Жаңа тақырып бойынша оқушылар ақпарат хабарлайды - Жанел,Жұлдыз.

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикалық жағдайда— концерт залдарында,ашық ауада, марштарда пайдаланылады.Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.

Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, Yндістан елдерінде салтанатты діни жиындарда және әскери жорықтарда қолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; XX ғасырда Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттік Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80 — 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалық аспаптар (валторна, труба, тромбон, кларнет, баритон, бас және контрабас) және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там, маримба, вибрафон, т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениет сарайлары мен музыка насихаттау кештерінде, көркемөнерпаздар үйірмелерінде қойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрлемелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды. Бұл ұжым Франция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка фестиваліне, ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтың мемлекеттік үрлемелі оркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, Т.Қажығалиев, Б.Қыдырбек, т.б. композиторлардың шығармалары елеулі орын алады.

8.Ән орындау: «Ұландары елдің» әні Е.Ташевтікі. (ұрмалы аспатардың

сүйемелдеуімен) Сол кезде есік қағылады.

Мұғалім: - Кіріңіз (ел бала кіреді). О, Елбала кіре ғой, қайдан жүрсің?

Елбала: -Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осындама екен?

Мұғалім: - Ия, олар осы сыныпта. Кел төрлет.

Елбала: -Бұл балалар көп біледі ме? Мен жолдан көп кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер нені ашатынын білмей , басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді)

Мұғалім: -Балалар бұл кілттер нені ашады біздер елбалаға бірігіп көмектесейік. Ең алдымен жұмбақ жасырайын:

Құлып аузын ашатын да,

Жабатын да құралмын

Бірақ қазір бұл жерде мен,

Музыка әлемін ашамын. (Скрипка кілті)

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді осы сиқырлы кілтпен ноталарды ашайық.(ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді). Сіздер білесіз балалар. Бұл соль кілті. Нота дыбыстарын ашады.

Елбала: - Қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын. Кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістікпе?

Мұғалім: - Жарайды, келісейікпе балалар? Ендеше елбаланың қоржынында бізге деген сыйлығы бар. Соны ашайық. Бұл ноталар ғой !!! До нотасы.



9.Музыка тыңдау: «Триумфалдық марш» Д.Верди, ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрі.

10.Музыкаға талдау жасау.

Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар. Музыкалық қаблеттерін жақсы екен.Әрі қарай елбаланың қоржынынан сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз. «Ре» нотасы.



11.Сергіту сәті.

Балалар, елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз,бұл «ми» нотасы.



12.Музыка тыңдау: ұлттық үрмелі аспабы - сыбызғы дыбысын тыңдау.

1) Сыбызғы – қамыстан, қурайдан жасалады, түрі жіңішке, ұзынша келген.

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз «Фа» нотасы.

13.Ән орындау: «Егеменді ел» .

Келесі қандай нота? Дұрыс айтасыз «соль» нотасы

10. Топтарға тапсырма: «Соль» нотасына - ребус құрастыру.

11. «Ля» нотасы – карточкамен жұмыс. «Қайсы артық?»

1. фагот, домбыра, флейта, габой;

2. сыбызғы, труба,тромбон, волторна;

3.скрипка,виолончель,контрабас, тұяқтас;

4.барабан,литавры, сазсырнай,тарелки



12. «Си» нотасы – бұл қандай топқа жататың аспаптар? Сәйкестік тест.

1.Жезден жасалған үрмелі аспаптар А. Сыбызғы

2.Ағаштан жасалған, үріп ойнайтын аспап Ә. Барабан, литавра, дабыл, үшбұрыш, цимбал.

3.Ішекті ұлттық аспаптар Б. Кларнет, гобой, флейта, фагот,

4. Ысқышпен ысып ойнайтын музыкалық аспаптар В. Труба, тромбон, туба, волторна

5. Ішекті аспаптар г. Скрипка, альт, виолончель, контрабас.

6. Ағаштан жасалған үрмелі аспаптар Ғ. Қобыз, қылқобыз. скрипка

7.Ұрып ойнайтын аспаптар Д. Домбыра , қобыз, шертер



13.Қорытынды.

Тест сұрақтары

1. Ми нотасы қай сызықта орналасқан?

А) Бірінші сызықта Ә) бірінші сызықтың астында Б) екінші сызықта

2. Төменгі до нотасынан жоғарғы до нотасының аралығы қалай аталады?

А) эпос Ә) әуен Б) октава

3. «Әгугай домбыра» кімнің әні?

А) Кеңес Дүйсекеев Ә) Алтынбек Қоразбаев Б) Ибрагим Нүсіпбаев

4. Оркестрді кім басқарады?

А) Жазушы Ә) Композитор Б) Дирижер

5. Симфониялық оркестр орындайтын музыка?

А) Симфониялық оркестр Ә) Вариация Б) Симфониялық музыка

6.Үрмелі аспап?

А)қобыз Ә)скрипка Б)кларнет

7. Сілкіп ойналатын аспап?

А) асатаяқ Б) шаңқобых Б) дабыл

8.ҚР Мемлекеттік үрлемелі оркестрдің жетекшісі кім?

А )Қанат Ахметов Ә) Бибигүл Төлегенова Б) Роза Рымбаева



14.Рефлексия. Музыка ырғағымен «Домбыра ойыны»-.Сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнады? Саған ше? Келесі сабақта не білгін келеді?

Сұрақтар: 1. Симфониялық оркестр орындайтын музыка?

2. Оркестр дегеніміз не? (әр түрлі музыкалық аспаптарда орындалатын шығарма)

3. Оркестрді кім басқарады? (дирижер)

4.Үрмелі аспаптар қатарына қандай музыкалық аспаптар кіреді?

5. Ұрмалы аспаптарды ата?

6.Біздің еліміздің үрмелі оркестрдің жетекшісі кім?



7.Тағы қандай қазақ үрлемелі аспаптарды білесіңдер? (Үскірік,сыбызғы,тастауық,сазсырнай.)

15.Осымен сабақ аяқталды сау-саламат болындар! Бағалау.Музыка ырғағымен балалар сыныптан шығады.

Үйге тапсырма: 52-54 бет оқу, ән қайталау, музыка тыңдау, суреттеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет