КММ «Маяковский атындағы орта мектебі»
Бекітемін мектеп директоры МА: В.С.Омарова
«___» сәуір 2015 жыл
Ата –аналарға «Ашық есік» күніне арналған №2 даярлық тобында өткізілген ашық сабақ жоспары.
Сабақ : Қоршаған дүниемен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»
Өткізген:№2 даярлық топ тәрбиешісі – А.М.Семсенова
Қалбатау ауылы,2014 – 2015 оқу жылы
Күні:
Сабақ:Қоршаған дүниемен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Ғарыш әлемі жайлы білімдерін одан әрі нығайту.Ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы білімдерін молайту.Математика,сауат ашу,тіл дамыту,экология пәндерін байланыстыра отырып сабақтың тақырыбын аша түсу.
Дамытушылық:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,ойындар ойнату арқылы жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.
Тәрбиелік:Ғарыш әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес,аралас сабақ.
Сабақтың типі:Алған білім,білік – дағдыларын бекіту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:Түсіндіру,көрсету,сұрақ – жауап,ойын.
Оқыту технологиясы:Денсаулық сақтау,ойын,АКТ элементтері.
Пәнаралық байланыс:экология,математика,сауат ашу,тіл дамыту.
Көрнекіліктері:Тақырыпқа байланысты слайдтар,зымыран,рефлексия бөліміне арналған күн суреттері,сыйлықтар.
Сабақ жоспары:
Кіріспе бөлім:
1)Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме,балалар,бүгін бізде ата – аналарға арналған «Ашық есік» күніне арналған сабақ өткелі тұр.
-Балалар,біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
-Далаға шыққанда төбемізде не көреміз?
-Ал,түнде аспаннан не көресіңдер?
-Оны тағы Ғарыш деп те атаймыз,солай ма?
- Аспанмен,Жермен,достарымызбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба,Алтын Күн!
Амансың ба,Жер – Ана!
Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
-Ал,енді балалар,бізге сабақққа келген ата – аналарымызға қарап амандасып алайық:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де. (С.Мәуленов)
-Енді,балалар,сабағымызды бастайық.Балаларбүгінгі біздің қандай тақырыпта сабақ өтетінімізді білу үшін жұмбақтар шешіп,сол жұмбақтар шешімін тапқаннан кейін ғана біздің жаңа тақырыбымыздың әрбір буыны ашылып,соңында өтетін тақырыбымызды да анықтап аламыз.
-Жұмбақтар шешеіп бүгін қандай тақырып төңірегінде сабақ өткізетінімізді біліп алайық па?
-Иә.
2)Жұмбақтар шешу:
1)Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.(Аспан)
2)Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
3)Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)
4)Алып кілем –
Гүлге толы
Үсті кілең. (Жер)
5)Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
6)Түсі бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.(Ауа)
7)Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
8)Күміс қанат,сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Басқа планетаға ұшып,
Кеткен адамды кім дейді?(Ғарышкер)
-Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымызды буындап оқып шығайықшы (балалармен бірге оқу): «Байқоңыр – ғарыш айлағы».
Жаңа сабақ:
Слайдпен жұмыс:
-Балалар,біз өткен сабақта бұл тақырыппен танысып өткенбіз,қазір тек қана есімізге түсіріп мына слайдтағы суреттерге қарай отырып өткен сабақта алған білімдерімізді еске түсіріп өтейік.
1)Аспан әлемі
2)Күн жүйесі
3)Байқоңыр
4)Ғарышкерлер суреті
5)Зымыран
6)Скафандр
7)Белка мен Стрелка
8)Юрий Гагарин
9)Тоқтар Әубәкіров
10)Талғат Мұсабаев
-Балалар,сендерге мынадай тапсырма орындау керек.Мына сөздерді оқып,бүгінгі өтіп жатқан тақырыпқа сай келмейтін сөздерді сызып тастау керек:
Аспан,Ай,Алма,Күн,Жұлдыз,Ғарыш,Гүл,Жер,Ауа,Тоқтар аға,Машина, Ғарышкер,Зымыран,Тасбақа.
Сергіту сәті:
Аспан,аспан,арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
-Балалар,мына өлеңді оқып,бірнеше рет қайталап өтейік,сосын жатқа айтамыз.
Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр.
(Е.Ерботин)
3.Бекіту.
-Келесі тапсырма сендерге ,балалар,математика пәнінен болады.Сендер ғарышқа ұшып барғыларың келе ме?Олай болса,қазір мен сендерге Зымырандар таратамын,қазір мына интерактивті тақтадан қарап өрнектерді шығарайық.сосын мына байқоңырға келіп,Ғарышқа зымыранмен кім есепті жылдам,тез шығарып ғарышқа ұшамыз.Есепті шығарып болған балалар тыныш отырады.
4.Сабақты қорытындылау.
-Балалар,сабағымыз аяқталуға да аз қалыпты.Бүгінгі сабағымызды «Ғарышқа ұшу» ойынымен аяқтайық.Ойынның шарты:Бір бала мына Зымыранға келіп әйнегінен қарап тұрып Жұлдыздардың сұрақтарына жауап береді:
Қорытынды сұрақтар:
-Аспан денелеріне нелер жатады?
-Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
-Ғарышқа ұшқан иттердің атын ата.
-Ғарышкерлердің киетін киімі қалай аталады?
-Ғарышқа ұшатын адамды қалай атайды?
-Ғарышқа немен ұшады?
-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Рефлексия:
-Балалар,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?Сабақта не істедік.Қазір,сабақ сендерге ұнаған болса, мына Жарқын,Күлімдеп тұрған Күнді Оң жақтарыңның бас бармағына киіп көрсетіңдер.
-Құрметті ата – аналар,егер сіздерге біздің бүгінгі сабағымыз ұнаса, балалардың сабақ үстінде тәртіптері жақсы болды десеңіздер мына Күнді оң қолдарыңыздың бас бармағына киіп көрсетіңіздер.
-Сабаққа рахмет!Балалар,сендер бүгінгі сабақта барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,сондықтан да сендерге Ғарыштан мына зымыранмен сыйлықтар беріп жіберіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |