Сабақтың тақырыбы:Үш бақытым. М.Мақатаев
Сабақтың мақсаты:өлеңді түсініп оқып,ақынның айтайын деген ойы арқылы сезімдерін ашу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.Ұлттық,адами құндылықтар туралы оқушыға ой салу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық деңгейлерін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: Өлеңдегі патриоттық сезім идеясы арқылы адамшылық қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі:автор портреті,слайд,жалауша.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту
-Балалар бізде қазір қандай сабақ?
Әдебиеттік оқу бізді тарихымызбен, ана тілімізбен сусындататын пән.Сондықтан біз сабағымызды ақиық ақындарымыздың бірі Қадыр Мырза Алидің өлеңінен үзінді оқудан бастайық.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Топқа бөлу
Текше жақтарына жазылған сөздер бойынша топтарға бөлініп отыру.
Отбасы Отан Мектеп Достық
1-топ Отбасына ризашылық хат жазу.
2-топ Отан деген ұғымға анықтама беру.
3-топ Өздерінің өміріндегі мектептің алатын орны туралы әңгімелеу.
4-топ Достық туралы мақал -мәтелдер айту.
Мағынаны тану
-Балалар ,сендердің өмірлеріңде адамды бақытқа жетелейтін ұғымдар өте көп екен.Ал ақын Мұқағали Мақатаев аталарың «Үш бақытым» өлеңінде өзі үшін маңызды нелер екенін атап өткен екен.Бүгін біз сол өлеңмен таныспақпыз.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.Балалық шағы соғыспен тұспа- тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бес жасынан жаза бастаған
М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шуағым менің», «Өмір дастан» т.б жыр жинақтары туған.
«Райымбек-Райымбек» дастанында ел тарихын,ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
Мұқағали Мақатаев поэзиясы кең,ауқымды тақырыптарды қамтиды.Оның туған жер ,адамдар тағдыры, ана мен бала, т.б тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта ,ұлттық зермен кестеленген.
Поэзия минуты
Ақын өлеңдерін жатқа оқу.
Елім барда.
Айхай далам.
Туған ел.
Туған жер- ай.
Оқулықпен жұмыс
А)іштей оқу
Ә) тізбектей оқу
Б) жеке оқу
В) талдау
-Ақын неліктен халқын бірінші орынға қойған? Халықсыз өмір сүру мүмкін бе?
1-шумақ
Қазақстан халқы туралы әңгімелеу
2-шумақ
Қазақ тілінің келешегін болжау
3-шумақ
Отан деген ұғымға «Бес жолды өлең жазу»
Сен үшін бақыт нешеу?
Ең бірінші бақытым-.......
Одан кейінгі бақытым-........
Бақыттардың бақыты-......
Еркін жазу
Өзіндік жұмыс
«Менің бақытым» тақырыбына шағын эссе жазу
Ойтолғаныс
«Бақыт» сөзін топтастыру
Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашатындай мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру.
Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттап келу
Бағалау
-Иә ,ақындар өлең арнап,композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім шығармасына қоса білген.Ендеше, барлығымыз бірігіп туған жер туралы ән орындайық.
Достарыңызбен бөлісу: |