Өрт сөндіру құрылғылары және қондырғыларыөрт сөндіргіш заттардың құрамы мен түрлеріне байланысты олар



Дата03.12.2023
өлшемі19,33 Kb.
#194848
түріРеферат
Байланысты:
Жаңбырбаев Аслан Реферат Өрт салдары


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: . Өрт сөндіру үшін керекті техника санын анықтау

Дайындаған: ЖАҢБЫРБАЕВА АСЛАН
Тексерген: Торгаев А.
Тобы: Л-20-2К

Алматы 2023
Өрт сөндіру құрылғылары және қондырғыларыөрт сөндіргіш заттардың құрамы мен түрлеріне байланысты олар аэрозольді (галоидті-көмірсутекті), сулы (спринклерлі, дренчерлі), газды (азотты, көмір-қышқылды), сұйықтықтыбулы және ұнтақтыболып бөлінеді. 
Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғыларының жіктелуі
 

Өрттен қорғану үшін әртүрлі тұрақты қондырғыларды қолданады. Олар пайдалану мақсаты, жұмыс принципі, режимі, қолданылатын от сөндіру заты бойынша, өрт сөндіру затымен қамтамасыз ету немесе оны беру әдістері бойынша жіктеуге болады. 

Өрттен сақтандырушы қондырғылар – қауіпті аймаққа от сөндіруші (флегматизирлеуші) заттарды енгізуге немесе технологиялық агрегаттың (құрылғының) жұмыс режимін өзгерту арқылы өрт-жарылыс қаупін жоюға арналады.
Өрт сөндіруге арналған қондырғылардың міндеті туындаған жануды жою немесе жануға әкелген жағдайларды жою арқылы өртті толық тоқтату.
Өртті тежеуге арналған қондырғылардың мақсаттары – мекеменің жылжымалы өрттен қорғау, авариялық құтқару қызметтері келіп жеткенше жануды тежеу, яғни жану ошағының таралып кетпеуін болдырмау. Өртті сөндіруге мүмкіндік болмаған жағдайларда бұл шаралар авариялық құтқару жұмыстарын тиімді атқаруға мүмкіндік береді.


Өртке тосқауылшы қондырғыларды қолдану мақсаты – нысандарды өрттің қауіпті факторларынан, жоғары температурадан қорғау, мысалы жылдам тұтанғыш сұйық немесе газды ыдысы бар технологиялық қондырғыны, темір құрылыс имаратын қорғау. Бұл қондырғылар технологиялық имаратты салқындатуға немесе оның жоғарғы температурадан қызып кетпеуі үшін судан перде жасауға қажет. 

Өрт сөндіруші қондырғылар ондағы 
пайдаланылатын өрт сөндіруші заттарына қарай төмендегідей жіктеледі: 




  • Сумен сөндіруші – өртке суды тұтас ағынмен, тамшымен, шашыратып немесе бүркіп беретін; 



  • Су химиялық – химиялық заттардың судағы ерітіндісін беретін; 



  • Көбікті – химиялық немесе ауа көбігін беретін; 



  • Газды – көміртегі диоксидін, галогенді көмірсутектерді, буды және инертті газдарды беретін; 



  • Ұнтақты– ұнтақты қоспаларды беретін; 



  • Комбинирленген (аралас) – бір уақытта бірнеше түрлі от сөндіргіш заттарды, мысалы көбікті және ұнтақты, су мен газды беретін қондырғылар; 


Өртті сөндіру принципіне байланыстықондырғылардың жіктелуі: 




  • Өртті аудан әдісімен сөндіру қондырғысы– бөлменің қай жерінде өрт басталғанына қармастан, қондырғы бүкіл бөлме ауданындағы өртті сөндіреді. Өрттен қорғау аумағы шектелмейді. Өртті сөндіруге су, көбік, ұнтақ қолданылады. 



  • Өртті көлемді сөндіру қондырғысы – өрттен бүкіл бөлме көлемін қорғау үшін қолданылады. Өрт сөндіруші зат ретінде көміртегі диоксиді, көмірсутекті галоген қоспасы, инертті газдар, бу және көбік пайдаланылады. 



  • Жергілікті өрт сөндіру қондырғылары – жергілікті бөлмедегі немесе ашық алаңдағы технологиялық жабдықты, аппаратты, нысанды өрттен қорғау үшін қолданылады. Мұндай қондырғыларды өрттен қорғайтын нысанда өрт қауіпті материалдар біркелкі орналасқанда, өрт қауіпті жерлер ғимараттың әр бөлігінде орналасқанда қолданады. Бұл қондырғыларды мүмкін болар өрт ошағындағы жануды сөндіруге қолданады. Өрт сөндіруші зат ретінде барлық өрь сөндіру заттар түрін пайдалануға болады. 



  • Өртке тосқауылшы қондырғыларды болған өртті басқа жабдыққа таралмауын, яғни көрші жабдықтарды өрттен қорғау үшін қолданады. 



Өртің алғашқы көзін жоюға арналған немесе өрт тосқауылшы қондырғылардың жұмыс істеу мерзімі туындаған аварияны тоқтатуға және өрт күзеті бөлімшелерінің жұмысын дайындауға қажетті уақытпен есептеледі. 

Іске қосылу уақытына байланысты 
өрт сөндіру қондырғылары: 






  • Жоғарғы жылдамдықта іске қосылушы (инерциясыз іске қосылу уақыты 0,1сек дейін); 



  • Жылдам іске қосылушы (іске қосылу уақыты 0,1-3сек); 



  • Орта инерционды (іске қосылу уақыты 3-30 сек ); 



  • Инерционды (іске қосылу уақыты 0,5 мин жоғары ); 



Өрт сөндіру уақыты бойынша 
қондырғылар: 





  • Қысқа әрекет етуші – 15 мин дейін; 



  • Орташа әрекетті – 30 мин дейін; 



  • Ұзақ әрекетті (30 мин артық) деп бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет