Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жыл қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
Жамбыл облысында елді мекендерін, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) 20 бөлімшелері жүзеге асырады, оның ішінде: 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, 13 өрт сөндіру бөлімдері, 1 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметі және аудандық 4 өрт сөндіру бекеті.
Облыс бойынша күнделікті өрт сөндіру бөлімдерінде тәуліктік кезекшілікке 110 өрт сөндіруші және 27 бірлік өрт сөндіру техникасы жауынгерлік есепке қойылады. Сонымен қатар, 45 бірлік техника қосымша әзірлікте (резерв) тұрады.
2015 жылы Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді сөндіруге 698 шығу жасады, бұл көрсеткіш 2014 жылға қарағанда 23%-ға артқан, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 145 шығу (-39%-ға төмендеген), жану оқиғаларына 1389 шығу (46%-ға артқан) және жалған шақыруларға 5 шығу (2014 жылы 6 жалған шақыру тіркелген).
Бөлімшелердің дабыл бойынша шығуларының салыстырмалы кестесі
Өрт
АҚЖ
Жану оқиғасы
Жалған
Жалпы кезекші қарауылдардың дабыл бойынша жолға шығуы 2014 жылмен салыстырғанда +23 % өсіп 2237 шығуды құрады. Өрттерді сөндіру барысында Мекеме бөлімшелерінің жеке құрамымен 122 адам құтқарылып (оның ішінде 42 бала), 887 адам қауіпсіз орынға көшірілді (оның ішінде 121 бала). Өрттің қауіпті факторларынан 22 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды және 11 адам қаза болды. Өрттерден келтірілген материалдық шығын 120 млн. 477 мың 57 теңгені құрады.
Құтқарылған, қауіпсіз орынға көшірілген, жарақат алған және қаза болған адамдардың салыстырмалы кестесі
Қауіпсіз орынға көшірілді
Құтқарылды
Жарақат алды
Қаза болды
Жеке құрамның жауынгерлік дайындығының негізін өрт-тактикалық оқу-жаттығулар құрайды. 2015 жылы Мекеме бөлімшелерімен 59 өрт-тактикалық оқулар өткізуге 126 шығу жүргізілді, 43 өрт-тактикалық оқу бекітілген жоспар бойынша және 16 өрт-тактикалық оқу жоспардан тыс. Бөлімшелердің шығу ауданында орналасқан адамдардың жаппай жиналатын нысандарында және үлкен нысандарда өрт-тактикалық жаттығулар өткізуге Мекеме бөлімшелерімен 1306 шығу тіркелді. Одан басқа, өрттен-құтқару дайындығы нормативтерін өңдеу бойынша практикалық сабақтар өткізуге 5257 шығу жасалды.
Сонымен қатар, 2015 жылы гарнизон жеке құрамының жауынгерлік дайындығын және мүмкіндігін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар атқарылды, соның көрсеткіші ретінде:
1. 670 (91,5 % жалпы санынан) өрт бір қарауылдың күшімен сөндірілді, оның ішінде:
1) 497 өрт - бірінші оқпанмен автоцистерна сыйымдылығынан;
2) 76 өрт - өрт сөндіру автокөлігін су көзіне орнату арқылы;
3) 84 өрт - бірнеше автоцистерна сыйымдылығынан;
4) 1 өрт - асылмалы қондырғы жүйесін пайдаланумен;
5) 12 өрт - оқпан бермей сөндірілді.
2. 28 (3,8 %) өрт қосымша күш пен құралдарды тарту арқылы жойылды.
3. 34 (4,7 %) өрт тұрғындармен, ЕӨСҚ және т.б. сөндірілді.
Аталған кезеңде 34 өрт арыз бойынша тіркелді (2014 жылы 37 өрт тіркелген). Арыз бойынша тіркелген өрттер көбіне аудан орталығынан алыс жерде орналасқан және өрт сөндіру бөлімі жоқ елді мекендерден келіп тіркелуі байқалуда.
Өртті сәтті сөндіруге әсер ететін және өрттен келтіретін шығынды азайтатын фактордың бірі өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына жету уақыты және өрт сөндіру негізгі, арнайы техникаларын және құралдарды өртті сөндіруге дер кезінде бағыттау болып табылады.
Облыс бойынша өртке және АҚЖ жету уақыты:
5 минутқа дейін – 144 жағдай (өрт және АҚЖ), жалпы санынан 17,1%;
5 минуттан 10 минутқа дейін – 327 жағдай (38,8 %);
10 минуттан аса – 372 жағдай (44,1 %).
Өрт орнына келіп жету уақытының көбеюіне өрт сөндіру деполарының жеткіліксіздігі, бір-бірінен алыс орналасуы, автотехникалардың көбеюмен жолдардағы автомобилдердің тығыншылығы және кейбір аудандағы жолдардың күрделі жағдайы (сай, шұқырлар т.б.) себеп болуда. Жүргізілген талдауға сай 2015 жылы облыс орталығында өртке (АҚЖ) жету уақыты 9,7 минутты, облыс қалаларында 14 минутты, елді мекендерде 33,6 минутты құрады. Жалпы облыс бойынша орташа өртке (АҚЖ) жету уақыты 22,75 минут. Өртке (АҚЖ) жол жүру уақытының ең үлкен көрсеткіші 2015 жылы Талас және Мойынқұм аудандарында тіркелген (85 және 68 минут сәйкесінше).
Бөлімшенің өртке жеткеннен толық жойғанға дейінгі уақыты:
15 минутқа дейін - 85 өрт (12,1 % жалпы санынан);
15 минуттан 30 минутқа дейін - 192 өрт (27,5 %);
1 сағатқа дейін – 270 өрт (38,7 %);
2 сағатқа дейін - 101 өрт (14,5 %);
2 сағаттан жоғары - 50 өрт (7,2 %).
Өртті орташа жою уақыты 44,5 минут.
2015 жылғы есептік кезеңде Жамбыл облысы аумағында ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №110 бұйрығымен бекітілген «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сай зерделеуге жататын 3 өрт оқиғасы тіркелді:
1. 2015 жылғы 05 ақпандағы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылындағы Мәдениет үйіндегі өрт, көлемі 500 кв.м.
Өрттің үлкен көлемге өршуіне нысанның өрт сөндіру бөлімінен алыс орналасуы себеп болды (250 км).
2. 2015 жылғы 19 маусымдағы Тараз қаласы Желтоқсан көшесі №78 мекен жайда орналасқан Жамбыл облысы Әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратындағы өрт, көлемі 1971 кв.м.
Өрттің үлкен көлемге тез арада өршуіне – ашық жалынды жану, тез жанатын материалмен (алюкобонд) қапталған ғимараттың қасбеті арқылы өрттің тез таралуы себеп болды. Өртті сөндіруге ғимараттың ішкі бөлмелерінің қалың түтінденуі қыйындық туғызды.
3. 2015 жылы 19 тамыздағы Талас ауданы Қаратау қаласы Д.Қонаев көшесі №11 мекен жайда орналасқан «Қазпошта» АҚ филиалының бөлімшесінде орын алған өрт оқиғасы, көлемі 640 кв.м. Аталған өртті сөндіру барысында топтық жарақат алу фактісі орын алды.
Өртті жан-жақты зерделеу барысында жауынгерлік іс-әрекет жүргізу тактикасы қате таңдалғаны және Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Аталған жағдай бөлімше командирі Е.Ахметовтың қаза болуына, өрт сөндіруші М.Қуаныштың жеңіл деңгейде аяқ жарақат алуына және ғимараттың жалпы ауданы бойынша өрттің таралуына алып келді.
Өрттің үлкен көлемге таралуына себеп болған негізгі фактор ол өрт туралы ақпараттың кеш түсуі, сондай-ақ бірінші өрт сөндіру жетекшісінің шешуші бағытты дұрыс таңдамауы және косымша күштер мен құралдардың уақытылы тартылмауы.
Өртті зерделеу қорытындысы бойынша кемшілікке жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, ал бөлімше бастығы өзінің қызметтік лауазымынан босатылды.
Есептік жылы өрттерді сөндіру барысында 75 рет ауа-көбікті оқпандар қолданылды, оның ішінде: 26 рет «Пурга» және 49 рет ГПС-600, бұл жағдайда 9041,1 литр көбіктүзгіш қолданылды.
Мекеме бөлімшелері 2015 жылы бірнеше рет АҚЖ жүргізу мақсатында жұмылдырылып, алға қойған тапсырмаларды сәтті орында. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының бойында орналасқан Мекеме барлық бөлімшелері авариялық-құтқару құралдарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бүгінгі күні Жамбыл облысы ТЖД-нің қаржы бөлімі арқылы соммасы 2217000 теңгені құрайтын жергілікте бюджет есебінен алынған 15 жинақ көлеміндегі авариялық-құтқару жабдықтарын (абразивно-отрезных устройств) бөлімшелерге беру сұрағы шешілуде. Сонымен бірге авариялық-құтқару құралдармен жабдықталмаған бөлімшелер де бар (Сарысу ауданы №4 ӨСБ, Жамбыл ауданы №6 ӨСБ, Байзақ ауданы №8 ӨСБ, Мойынқұм ауданы №12 ӨСБ), ол өз кезегінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көрсетілетін көмектің сапасы мен көлемін төмендетеді.
2015 жылы Мекеме бөлімшелері 145 рет авариялық-құтқару жұмыстарын (бұдан әрі – АҚЖ) жүргізуге жолға шықты, оның ішінде:
- полицияға көмекке (ДТП) немесе нысанға жарылғыш зат қойылғанға шығу - 52 рет (35,9 % АҚЖ жалпы санынан);
- суды жеткізуге және шығаруға – 6 рет (4,1 %);
- түтінді кетіруге – 44 рет (30,4 %);
- төтенше жағдайларға – 17 рет (11,7 %);
- өрт сөндірумен байланысты емес апаттарда адам құтқаруға – 14(9,7 %);
- өрт сөндірумен байланысты емес өндірістік апаттарға – 6 рет (4,1 %);
- газды, улы заттарды шығаруға – 6 рет (4,1 %).
АҚЖ жүргізу барысында Мекеме жеке құрамымен 178 адам құтқарылып, 168 адам төтенше жағдай аумағынан қауіпсіз орынға шығарылды, 12 адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді.
2015 жылы Мекеме бөлімшелерімен жүргізілген АҚЖ талдауы көрсеткендей, АҚЖ-ның бастапқы себептері табиғаттың қолайсыз жағдайына (қарлы боран, көк тайғақ, қар, дауыл, су басу және т.б.) байланысты. Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жыл басынан негізінен автотехникаларды сүйреу жұмыстарына, төтенше жағдай салдарын жоюға, жол-көлік оқиғаларының салдарынан полицияға көмекке, түтін шығару жұмыстарына және су кетіруге шықты.
Мысалы, 2015 жылдың 07-22 сәуір аралығында Мекеме бастығының орынбасары М.Шайкрамов бастаған күштер мен құралдардың құрама тобы 20 адам және 3 бірлік (ПНС, АР-2, Вахтовка) техника Қарағанды облысындағы су тасқыны салдарын жоюға жолданды. Аталған топ Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка, Кантай, Тасбұлақ ауылдарындағы төтенше жағдай аумағынан адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру, суды шығару және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдай аумағынан 50 мың куб метр су шығарылды.
2015 жылдың 23 желтоқсанында метрологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Алматы-Ташкент республикалық маңызы бар тас жолының Шақпақ ата өткелі маңында 50 автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Аталған ақпарат Мекеменің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне түсісімен төтенше жағдай орнына Жуалы ауданы №7 ӨСБ-нен шынжыр табанды ГТТБ автокөлігінде (тягач) 4 адам жеке құрам жіберілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай аумағына Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонынан жоғары жүрісті Урал-Вахтовка автокөлігінде 15 адам жеке құрам жіберілді. Төтенше жағдай орнында өртке қарсы қызмет жеке құрамымен адамдарды құтқару мен қауіпсіз орынға көшіру бойынша, сондай-ақ жолаушылар автобустары мен жеңіл автокөліктерді қар құрсауынан шығару бойынша АҚЖ жүргізілді. Барлығы қар құрсауынан 47 адам, 34 бірлік техника қауіпсіз орынға көшірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.
Бөлімшелердің АҚЖ келген уақыттан аяқталғанға дейін:
15 минутқа дейін – 31 АҚЖ (21,4 % жалпы санынан);
15 минуттан 30 минутқа дейін – 50 АҚЖ (34,4 %);
1 сағатқа дейін – 31 АҚЖ (21,4 %);
2 сағатқа дейін – 20 АҚЖ (13,8 %);
2 сағаттан аса – 13 АҚЖ (9 %).
ТЖ жоюдың орташа уақыты 36,2 минутты құрады.
2015 жылғы жазғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында, табиғи мазмұндағы төтенше жағдайларды жою бойынша шұғыл тапсырмаларды орындау үшін бірқатар іс-шаралар атқарылды:
2015 жылғы 20-24 сәуір аралығында Мекеменің бөлімшелері Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына кіретін облыстың барлық орман шаруашылығы және басқа құрылымдардың ерікті өрт сөндіру жасақтарын тартумен орман және далалық аймақтарда өрт тактикалық оқулар өткізілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп табиғи өрттерді алдын алу және сөндіруге бағытталған дайындық шаралары жүргізілді. Жеке құраммен табиғи өрттерді сөндіру тактикасы бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөнінде жоспардан тыс нұсқаулықтар жүргізілді. Барлығы облыста бар 14 орманды және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемелерімен 10 өрт-тактикалық оқулар өткізілді.
Жауынгерлік дайындықты жоғарылату және табиғи өрттерді сөндіруде іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру мақсатында, Мекеменің барлық өрт сөндіру техникалары әзірлікке келтірілді. Жеке құрамды өрт туындаған жетуге қыйындық туғызатын орындарға жеткізу үшін жүрісі жоғары өтімді автотехника дайындыққа келтірілді.
Өртті сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда облыс көлеміндегі аса маңызды деген нысандарда «Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын жасау, әзірлеу және рәсімдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар» талаптарына сәйкес жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары құрастырылған. Бүгінгі күнде Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінде 628 жедел өрт сөндіру жоспары мен 733 өрт сөндіру карточкалары бар. Барлық жоспарлар мен карточкалардың электронды нұсқалары Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің электронды порталына енгізілген. Кестеге сәйкес 2015 жылы 619 ШЖ мен 708 ШК машықталып, жаңадан 129 ШЖ және 139 ШК құрастырылды.
Мекеменің жауынгерлік жарағында әртүрлі бағыттағы 118 бірлік өрт сөндіру техникалары бар. Оның ішінде:
негізгі өрт сөндіру техникасы – 65 бірлік (нормаға сай 136 бірлік болуы қажет, 47,7 % жабдықталған);
арнайы өрт сөндіру техникасы – 14 бірлік (нормаға сай 80 бірлік болуы қажет, 17,5 % жабдықталған);
көмекші техника – 39 бірлік (нормаға сай 212 бірлік болуы қажет, 18,4% жабдықталған).
Мекеменің жалпы техникалармен жабдықталуы 27,5%, қажеттілік нормасына сәйкес 428 бірлік техника болуы қажет.
Баланстағы бар автокөліктердің 44-інің пайдалану мерзімі 20 жылдан жоғары автокөлік, жалпы саны бойынша - 34% ескірген техникалардан тұрады.
Жыл сайын жаңартылуы жоспарланған және автокөліктерді факті бойынша алу гарнизонды жарақтандыру бойынша автокөлік паркіне сәйкес Мекеменің нормативті қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Биылғы жылы аталған мәселені біртіндеп шешу үшін өрт сөндіру бөлімінің техникалық бекетінде автотехникаларды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жұмыстары жүргізіліп, өз ресурстарын барлық параметрлерімен толық жасап, қалыпқа келтіру бойынша жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Қордай ауданы №9 ӨСБ бөлімшесінің 1977 жылғы м.н. Н533AW АЦ-40 (131)137А автотехникасы ӨСБ ТҚКҚ базасында 2 ай мерзіміндегі жұмыс барысында, аталған техниканың барлық агрегаттары мен трансмиссия желілері, қозғалтқыш пен жүріс бөлшегі қалыпқа келтіріліп, сорғысы ауыстырылды. Жұмыс аяғында дөңгелегі ауыстырылып, сырланды. Сонымен қатар, автотранспорттың жұмысқа қабілеттілігін қалыпқа келтіру бойынша өзге де жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұстарына қажетті шаралар атқарылды.
Мекеменің балансында тұрған автотехникаларға техникалық қызмет көрсету бекітілген кестеге сәйкес (507 рет ТҚ-1 және 95 рет ТҚ-2) дер кезінде жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, автотранспорттарға кезеңдік жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы мәселелердің қатарында ӨСБ ТҚКҚ бөлімшелерінің техникалық тұлғаларының жоқтығына байланысты бірқатар түйткілді мәселелер бар болып табылады. Біліктілігі бар мамандардың жетіспеуі, атап айтқанда 21 қызметкер кәсіби техникалық маман, қазіргі уақытта 10 адам азаматтық қызметкерлер қатарынан болып табылады. Осыған байланысты техникаларға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарын жоспарлау қиындық туғызуда, автотехникалар бұзылған жағдайда жауынгерлік бөлімшелердің анағұрлым дайындығы бар жүргізушілері тартылады.
Автотехникалар паркін қолдау үшін және жергілікті бюджеттен төтенше жағдайлар жүйесіндегі шығындар үшін қаржы бөлу бағдарламасын іске асыру аясында Жамбыл облысы Әкімдігімен ағымдағы жылы жоғары өтімді жүрістегі 2008 жылы шыққан саны 3 дана Нива техникаларын қайтарымсыз негізде беру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өз ресурстарын жасаған автотехникаларды іске асыру үшін 2015 жылы саны 14 дана автотранспортты Мекеме балансынан алу туралы мәселелер қарастырылды. Олардың ішінде 6 данасы ведомстволық Комитет арқылы есептен шығарылып, 5 данасы Мойынқұм аудандық Әкімдігі ведомствосына беру мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта 3 дана техника мемлекеттік мүліктер және приватизация аумақтық комитеті арқылы аукцион жүйесімен іске асырылды. Есептен шығару ережесінің өзгеруіне байланысты ҚР ІІМ ТЖК келісілген құжаттардың жоқтығына орай жоспарланған транспорт құралдарын есептен шығаруға ұсынуға мүмкіндік болған жоқ. Материалдық рессурсты шығындаған 2 дана техника, атап айтқанда АЦ-40 және автокран Мойынқұм аудандық Әкімдігінің балансына берілді және есептен шығаруға дайындалды, ал жоспарланған үш транспорт құралдарын беру қабылдаушы тарап коммуналды меншігінің еншісі мен басшысының өзгеруіне байланысты жүргізілген жоқ. 2014 жылы 1 дана техника Қордай аудандық Әкімдігінің ведомствосына берілді.
2015 жылы гарнизондағы техникалардың жауынгерлік шығулары бойынша жалпы саны 1148 оқиғаны құрады. Оның ішінде өрттерді жою бойынша 960 оқиғасына, апаттық-құтқару жұмыстарына – 188 рет шыққан. Өртте нақты пайдаланатын техникаларды қарастыра отырып көбінесе негізі бағыттағы техника модельдері – 923 рет, арнайы – 37 рет пайдаланылған. Апаттық-құтқару жұмыстарымен байланысты оқиғаларға негізгі бағыттағы техникалар 139 рет, арнайы техникалар 25 оқиғаларға шыққан. Өткен кезеңде өртте техникаларды пайдалану мен апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде техникалардың істен шығу фактілері тіркелген жоқ. 2015 жылдың көктемінде негізгі бағыттағы 2 дана техника (ПНС-110, АР-2) Қарағанды облысындағы төтенше жағдай аймағында ауыр жағдайда су сору бойынша жұмыстарына қатысты.
Айта кеткен жөн, АЦ-8,0-70 (6317) «Cafs» компрессиялық көбікті беру инновациялық жүйесі есепке қойылған уақыттан бастап 31 рет пайдаланылды. Олардың ішінде 14 өрт оқиғасына, 2 апаттық-құтқару жұмыстарына және 15 рет өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты. Аталған техниканы тәжірибе жүзінде қолдану аталған автоцистерна орналасқан жаңадан құрылған №15 МӨСБ жеке құрамының жоқтығына байланысты ұзақ уақыт іске асырылған жоқ. Ал аталған техника өзге бөлімшелерге габариті бойынша (биіктігімен) сыймайды. Қазіргі уақытта №15 МӨСБ штаты жасақталды және техника жауынгерлік есепте тұр. Өртте «Cafs» компрессиялы көбігін беру жүйесін қолдану жағдайы ұсынылған жоқ. АЦ-8,0-70(6317) инновациялық жүйесімен тактика-техникалық сипаттамасын пайдалану, оқыту көбікті берумен ӨТЖ және сабақтар жүргізіледі.
Бүгінгі күні гарнизонда буксирлі арнайы жүк техникасын алу жөнінде өткір мәселесі тұр. Гарнизондағы бар болып табылатын ГТ-ТБ тягачы ескірген, желілері мен агрегаттары үнемі істен шығады. Қазақстан Республикасы бойынша қосалқы бөлшектерінің жоқтығынан жөндеу жұмыстары процесін қиындата түседі. 2015-2016 жылғы қысқы кезеңге дайындық барысында қарлы және жетуі қиын жерлерде, жолсыз жағдайларда жұмыстарды орындау үшін желтоқсанның басында ГТ-ТБ-тягачы жоғары өтімді техникасына қажетті трансмиссия агрегаттары ауыстырылып, 2 жаңа СТ-190 аккумуляторлары алынып, жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жөндеу жұмыстарына жалпы жұмсалған сомасы 168000 теңгені құрады.
Ағымдағы жылы қызметтік транспорт құралдарымен ЖКО тіркелген жоқ және жасалған жоқ. Алайда, Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жұмыстан тыс уақытта жеке автотранспорттарымен ЖКО орын алды. Екі оқиға бойынша қызметкерлер кінәлі емес деп табылып, бір оқиға бойынша кінә қызметкерден болды. ал енді бір оқиға бойынша жағдай транспорт құралының аударылуы оқиғасы орын алып, қызметкер қаза болды.
Барлық жағдайлар бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп, сондай-ақ орындарда жеке құраммен жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қосымша сабақтар жүргізілді.
Мекеме балансында барлығы 22 түрлі бағыттағы ғимараттар бар, оның ішінде: 20 ғимарат өрт сөндіру депосы (9 ғимарат – типті, 11 ғимарат – бейімделген), 1 өрт-техникалық орталығы және 1 мобилизациялы қор қойма ғимараты.
Ғимараттың үлкен бөлігіне күрделілігі мен көлеміне қарай түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, кейбір ғимараттар техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Техникалық жағдайын ұстап тұру үшін және элементарлық санитарлық нормаларына, жыл сайын жоспарлы түрде бөлімшелердің ғимараты мен жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Алайда, 2015 жылы Мекеме балансындағы ғимараттар мен жайларға жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Аталған факт осы специфика бойынша қаржының жоқтығына байланысты. Жекелеген бөлімшелерде 2015 жылы аталған мәселе өте маңызды орын алып отыр, Жаңатас қаласы №4 ӨСБ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бағдарлама бюджетінің қысқартылуы себебінен тоқтатылды.
2011-2015 жылдары Жамбыл облысын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында және 11.02.2015 жылғы №08-0058/15 Қордай ауданы Сортөбе ауылында 2 шығуымен өрт сөндіру депосының құрылысы үшін ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын алу бойынша бақылау шаралары атқарылды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сөндіру байланыс орталық пунктінде біріңғай сотқа дейінгі тергеу жүргізу реестрі жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуде арнайы бағдарлама орнатылған. Бағдарламаның қиындықсыз жұмыс істеуіне байланысты Жамбыл облысының барлық бөлімшелерінің IP-VPN каналдарының жылдамдығы 1 Мбит/сек.-тен 2 Мбит/сек. дейін жоғарлатылды.
Барлық өрт сөндіру бөлімшелері мен өрт сөндіру байланыс орталық пунктінде авариялық жағдайлар кезіндегі арыздарды тіркеу журналы, баянаттарды есепке алу журналы арналып, талон-хабарландыру және Сотқа дейінгі тергеу-тексеру рестр мөртаңбасы аланды.
Барлық «101», «112» желілеріне келіп түсетін қоңыраулар ай сайын сарапталып, қорытындылары Республикалық дағдарыс орталығына жолдануда. Жыл басынан «101» желісіне: 72946 және «112» желісіне: 332540 хабарлама түсті.
Мекеме бөлімшелерінің барлығын қамтитын, Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері Т.Рысқұлов ауданындағы «Мақпал» тауының биіктігінде орналасқан бір УКВ ретранслятормен жабдықталған (репитер). Қазіргі таңда ӨСБОП-мен барлық бөлімшелер арасында радиобайланысы орнатылған. Сондай-ақ, 2015 жылдың желтоқсан айының басында №1 МӨСБ аумағындағы мачтаға Тараз қаласын және қалаға жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімдерін қамтитын УКВ ретранслятор орнатылды. Жүргізілген жұмысқа байланысты Тараз қаласы гарнизонының байланыс жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істеуде. Радиобайланыс пен бөлімшелердің күштері мен құралдарын шұғыл басқаруда Мекеме жарағы командалық штабтық автокөлігі (КШМ) мен байланыс және жарықтандыру өрт сөндіру автомобилі АСО-20 жабдықталған. КШМ автокөлігі «АСТЕЛ» АҚ серіктік байланыс жүйесімен жабдықталған және онда КВ, УКВ, УКВ технологиялық байланыс түрлері бар. Одан басқа, екі жылжымалы серіктік терминал орналасқан (Турайя и Иридиум).
Кәсіби даярлық мектебі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 қаулысына сәйкес жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық шараларға, ҚР ІІМ 2014 жылғы 27 қазандағы бұйрығымен бекітілген штаттық кестеге сәйкес Мекеме негізінде Кәсіби даярлық мектебі құрылды.
Штат саны үш адамнан тұрады: Кәсіби даярлық мектебінің бастығы және 2 аға оқытушы.
Оқу-әдістемелік жұмыс барлық оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізуден, ағымдағы және қорытынды бақылаудан тұрады.
Оқу-әдістемелік жұмыс оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуден, сондай-ақ тыңдаушылардың оқу материалын меңгеруін ағымдағы және қорытынды бақылаудан тұрады.
Тыңдаушылардың алған теориялық білімдерін және олардың өрт-техникалық жарақтармен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен жұмыс істеу дағды-машықтарын нығайту, оқу мұнарасында, жаңа заманға сай контейнерлік типтегі жылу-түтін камерасында іс жүзінде жаттығулар Тараз қаласы №1 МӨСБ базасында іске асырылады.
Кәсіби даярлық мектебі қарамағында керекті көрнекі құралдармен, қызмет бағытына сәйкес және өрт-техникалық жабдықтардың жаңа үлгілерінің стенділермен жабдықталған өрт тактикасы сыныбы, өрт техникасы сыныбы және тестілеу бағдарламаларымен жұмыс істеу үшін компьютерлік сынып, 14 орынға арналған жатын бөлмесі, оқытушылар бөлмесі, ас қабылдау бөлмесі және жуыну бөлмесі бар. Жалпы тыңдаушылардың сапалы білім алуы және қалыпты тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданған.
Оқу-материалдық базасы мен техникалық оқыту құралдарының жай-күйі жақсы. Барлық санаттағы тыңдаушылардың тәжірибесін шыңдау үшін АЦ-3-40 автоцистернасы, МК-104-Н өрт сөндіру құралдарының көп қызметті оқу-жаттықтыру кешені, «АЛ-50 өрт сөндіру автосатысы» интерактивті жаттықтырғышы және интерактивті тақтасы, бейне проекторы, LED теледидары бар.
Тыңдаушылар оқу кезінде қолдану үшін өткен жылдың соңында соңғы басылымдағы оқулықтармен толықтырылған кітапхан қоры бар.
2015 жылдың 12 айында Кәсіби даярлық мектебінде барлығы 205 қызметкер оқытылды (2014 жыл - 67 қызметке), оның ішінде, алғашқы кәсіби даярлықтан өткендер: өрт сөндірушілер санаты бойынша – 84 қызметкер (2014 жыл- 7 қызметкер), өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері санаты бойынша - 36 қызметкер (2014 жыл- 14 қызметкер), ауасы сығымдалған «Драгер» және «МSА AUER» аппараттарында жұмыс істеу үшін 23 газ түтіннен қорғаушы жеке оқытылды (2014 жыл-2 қызметкер).
2015жылдың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында Кәсіби даярлық мектебі қызметкерлерінің 3 мақала және ҚР ТЖК сайтында бір мақала жарияланды сондай-ақ Кәсіби даярлық мектебінің оқытушы құрамы мен тыңдаушылары жергілікті телевидение үшін түсірілген бейне роликті дайындауға белсенді қатысты.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божконың жанындағы 2015 дылғы 30 маусымдағы №39 жедел кеңесінің хаттамалық шешімімен берілген тапсырмаларды орындау бойынша Жамбыл облысының ІІД-нің Әкімшілік полиция 129 қызметкерін, Ұлттық ұлан №5513 ӘБ-нің 161 қызметкерлерін ТЖ алдын алу және жою кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ өрт сөндіру және адамдарды эвакуациялау кезінде бірінші кезектегі іс қимылдарды жүргізу қағидаларын оқытып сынақ қабылданды.
Жамбыл облысының аудандарында барлығы 2141 адам ерікті өртке қарсы жасақ мүшелерін оқыту (2014 жыл - 15 адам.), сондай-ақ бастапқы даярлау көлемінде практикалық көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында көшпелі оқу сабақтары ұйымдастырылды. Арнайы бекітілген бастапқы даярлау бағдарламасы көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық база, өрт-техникалық дайындығы, өрт сөндіру тактикасы, өрттерді сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі теориялық және практикалық сабақтарды Төтенше жағдайлар департаментінің, Кәсіби даярлық мектебінің командалық-оқытушылар құрамы және аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлері жүргізді.
Жауынгерлік қанат жаю және өрт-техникалық жарақтармен жұмыс істеу жөніндегі тәжірибелік сабақтар аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің негізінде жеке құрам мен өрт сөндіру техникасының тартылуымен өткізілді. Ерікті өрт сөндірушілер өрт сөндіру жарақтарымен жұмыс істеу дағды-машықтарын іс жүзінде атқарды. Оқыту барысында, әсіресе, өрттерді сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы шараларына баса көңіл бөлінді.
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесі
2015 жылдың 21 қыркүйектен 30 қазан аралығында Мекеменің өрт сөндіру бөлімшелерімен Жамбыл облысы аумағындағы өртке қарсы су көздерінің жағдайына маусымдық түзету жұмыстары жүргізілді. Түзетулер кезінде облыс аумағында орналасқан барлық өрт гидранттары және өрт суаттары қаралды. Облыс елді мекендерінде 6923 өрт гидранттары және 149 өрт суаттары бары анықталып, оның ішінен 1554 өрт гидрантының (22,4% жалпы санынан) және 47 өрт суаттарының (31,5% жалпы санынан) істен шыққандығы анықталды.
2015 жылы түзетулер кезінде Жамбыл облысының елді мекендерінде 973 өрт гидранты жаңадан қабылданды.
Алынған ақпарат 2014 жылмен салыстырғанда өрт гидранттарының санының өсуіне қарамастан өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі жағдай жақсармағаның көрсетеді.
Өртке қарсы су көздерінің өте нашар жағдайы Шу ауданы мен Шу қаласында байқалады. Мәселен, Шу ауданындағы 309 өрт гидрантының 285-і істен шыққан, яғни 92,5% жарамсыз, Шу қаласындағы 100 өрт гидрантының 46 (46%) жарамсыз.
Сонымен бірге, Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандарында су жүйелеріне суды күніне кесте бойынша (тәулігіне таңертең және кешке) берілетіндіктен, жұмысқа жарамды өрт гидранттарының өзі өрт сөндіру мақсатында пайдалану мүлдем тиімсіз болып табылады.
Егер, өртке қарсы суат көздеріне келетін болсақ, 47 жарамсыз суат көздерінің барлығы шаруашылық мекемелерінің, жалпы білім беру мектептері және медицина мекемелерінің аумағында орналасқаның атап кеткен жөн. Сондықтан, төтенше жағдайлар бөлімдері шаруашылық нысандарын тексеру кезінде, өрт суат көздерінін жағдайына аса үлкен көңіл бөлу қажет.
Түзету жұмыстарының қорытындысы бойынша жергілікті әкімдіктерге, барлық аудандық және қалалық су шаруашылық мекемелеріне ақаулы жарамсыз өрт гидранттарының жағдайы туралы ақпараттар берілді.
Өрттерді сөндіру кезінде өртке қарсы су көздерінің маңызы өте зор. Өртке қарсы су көздерін пайдалану өрттерді сәтті сөндіруге, өрттен келетін шығынды азайтуда және адам шығынына келтірмеуге зор әсерін тигізеді.
Кадрлық қызмет
Мекеме жеке құрамының штаттық саналымы 680 адамды құрайды, оның ішінде:
Аға басшы құрам – 133 адам;
Қатардағы және кіші басшы құрам – 524 адам;
Азаматтық қызметкерлер – 23 адам.
Бөлімшелер 95 % жабдықталған, штат жетіспеушілігі 34 бірлікті құрайды.
2015 жылдың 12 ай мерзімі ішінде мекемеге 145 адам қызметке қабылданды.
Мекемеге жаңадан қабылданған мамандарға «Өрт сөндіру қызметі және аппаттық – құтқару жұмыстары» мемлекеттік басқарамасының бұйрығы бойынша жаттыққан , тәжірибелі жетекші қызметкерлер бекітілген.
2015 жылы әр түрлі себептермен (өз еркемен, зейнетке шығу, басқа мекемеге ауысы) 48 қызметкер жұмыстан босатылды.
Қызметкерлердің іскерлік және кәсіби сапасына әділ баға беру үшін мекемеде аттестациялық коммисия жұмыс атқарады.
Бекітілген кестеге сәйкес, 2015 жылы 138 қызметкерден аттестация қабылданады. Оның ішінде 13 қызметкерге аттестация 2015 жылға белгіленген, 2014 жылдың екенші жарты жылдығында мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 125 қызметкері аттестацияның негізгі кезеңінен өткізілді – психотест, дене даярлығы және заңнама біліктілігін анықтайтын сынақтама.
«Құқық қорғау органдарының қызметі» Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабының 5 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес полиграфилогиялық зерттеулерінің қорытындысынсыз аттестация жарамсыз саналады. Қазіргі таңда полиграфологиялық зерттеуден өткізілмеген 125 қызметкер, полиграфтың жоқтығы және Жамбыл облысы ІІД полиграфологтарының жұмыс бастығына байланысты, жуырда полграфологиялық зерттеуден өткізілуге жолданады.
Тәртіптік жазаларды жүзеге асыру мониторингі
жылы мекеменің 22 қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде
өз функционалдық міндеттерін орындауына немқұрайлы қарағандығы үшін – 22 адам
Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес» заңының бұзылуы – анықталмаған
Прокуратура органының тексерісі кезінде анықталған бұзушылық – анықталмаған
Оның ішінде түрлері бойынша
ескерту – 3
сөгіс – 18
қатаң сөгіс – 1
2015 жылы 18 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді, оның ішінде басқарушы құрамынан 2 қызметкер біліктілігін арттыру курсын Алматы қаласындағы Азаматтық қорғаныс Республикалық оқыту – методикалық орталығында, 4 қызметкер – Көкшетау техникалық институтында, 12 – қызметкер Беларусь Республикасының ТЖМ біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Мекеме жеке құрамы әскери – дәрігерлік комиссиясының бекітілген кестесіне сәйкес, аудандық бөлемшелерге медициналық бригаданың шығуымен жыл сайынғы медициналық тексеріс өткізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша «Д» есебіне 15 қызметкер алынды.
Жемқорлықтық құқық бұзушылық күресін алдын алу бойынша мекемеде тосан сайын жеке құраммен прокуратура қызметкерлерін шақыртылуымен, іс шаралар өткізіледі.Басшылардың атқарылған жұмыстары есептерінің тыңдалуымен, құрылым бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуы туралы сұрақтар қаралды.
2015 жылы жемқорлыққа қарсы тұруына «Нұр Отан» партиясы, салық және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен - 16 дөңгелек үстел, қызметтік дайындау шеңберінде әр ауданда және қалалық бөлімшелерде - 12 сабақ, басқарма қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы әрекеті бойынша - 3 сабақ өткізілді. 2015 жылы «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен қызметтік тәртіптік жазасы сақталуы бойынша – 12 дөңгелек үстел өткізілді.
2015 жылға жемқорлық құқық бұзушылық фактілері қызметкерлер арасында тіркелмеген.
Ағымдағы жылы құқық қорғау органдары мемелекеттік қызмет ісі Агенттігінің және де Тараз қаласы бойынша ІІБ полиция бөлімінің әкімшілігі өкілдерімен жеке құрам аралығында қызметтік тәртіптің сақталуы – 2 дөңгелек үстел, аудандың бөлімшелерде құқық қорғау органдарының қатысуымен ұқсас – 12 дөңгелек үстел өткізілді.
Психологиялық және дене даярлығына үлкен көңіл бөлінеді.
Спорттың әр түрлі түрлері бойынша жарыстар мекеменің күнделікті өмірінің нышанына айналды.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №86 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2015 жылға арналған қызметтік даярлау тақырыптық жоспары бекітілген (құқықтық даярлау, қызметтік даярлау, өрттен – құтқару даярлығы, кәсіби – психологиялық). 2015 жылдың 12 ай ішінде жоспарға сай қызметтік даярлық бойынша 88 сабақ өткізіді, кадр қызметтінің өкілдері ай сайын конспектерге тексеріс жүргізеді. Әр аптаның сейсенбі және жұма күндері Басқарма жеке құрамы дене даярлық сабақтарына шығады, қызметкердердің қатысуы және жоқтығы журналға тіркеледі. Қалалық және аудандық бөлімшелер өздерінің кестелеріне сәйкес дене даярлық сабақтарын жүргізеді.
Оқу жылы аяқталуы қарсанында жалпы білім беру мектептері бітірушілері арасында кеңінен ҚР ТЖК жүйсінің қызметі насхатталды. ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқу үшін күндізгі оқу бойынша - 20 үміткердің жеке құжаттары қалыптастырылды, сырттай оқу бойынша – 2 үміткердің құжаттары қалыптастырылды. Оның ішінде күндізгі оқу бойынша - 20 үміткердің басқа да жоғарғы оқу орындарына түсуіне байланысты 4 үміткер бас тарту туралы өтініштері берілді және де 6 үміткер Әскери дәрігерлік комиссиясының медициналық тексеру қорытындысы бойынша жарамсыз болып таңылды.
Өрт сөндіру мәселесін ұйымдастыруды жетілдіру және Мекеме бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын жоғарылату мақсатында төменде көрсетілген шараларды орындау қажет:
1. Өрттерді сөндіру және АҚЖ жүргізу бағытында өрт сөндірушілердің дайындық жүйесін жаңа сапалы деңгейге шығару.
2. Жауынгерлік дайындықты, қызметтің ұйымдастырылуын, қызметтік құжаттардың жүргізілуін тексеру үшін басқарма аппараты қызметкерлерінің бөлімшелерге (негізінен алыс орналасқан аудандық бөлімшелерге) жедел жоспарлы және жоспардан тыс шығу практикасын жалғастыру.
3. Жүйелі деңгейде өрт-тактикалық оқуларды өткізуді ұйымдастыру, міндетті түрде өрт сөндіруге қалалық (аудандық) қызметтерді тарту арқылы өзара әрекеттестік сұрақтарын машықтаумен (шақырту орындарына кезекші бригадалардың шұғыл келуіне қамтамасыз етумен).
4. Жаңадан құрылған Тараз қаласы №15 МӨСБ ескере отырып Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне түзетулер енгізу. Қажеттілігіне қарай облыс аудандарында күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарын және қызметтермен өзара әрекеттестік жоспарларын (нұсқауларын) түзету.
5. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына бақылауды күшейту. Су шаруашылығы коммуналды қызметтерімен тығыз байланыста істен шыққан өрт гидранттарын жұмысты жағдайға келтіру сұрағы негізінде. Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп табиғи су көздерінде пирстарды жабдықтау мәселесін қарастыру.
6. Кәсіби даярлық мектебінде өрт-техникалық жарақтарды, өртке қарсы және авариялық-құтқару жабдықтарды және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын меңгеру бойынша сабақ беру және практикалық сабақ денгейін жоғарылату.
7. Мекеменің барлық бөлімшелерін авариялық-құтқару құралдармен қамтамасыз ету.
8. Мекеме қызметкерлерінің аттестациядан өтуін уақытылы ұйымдастыру мақсатында полиграфты алу және полиграфологты дайындау мәселесін қарастыру (соның ішінде жергілікті бюджет есебінен).
Достарыңызбен бөлісу: |