7 сынып.Х, ХІ тарау.ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті .
2-нұсқа І. Жабық тест 1.Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі жазылған жылдар: А) 1600-1602жж. В) 1623-1625жж. С) 1541-1546жж. Д) 1465-1466жж. Е) 1583-1587жж.
2. Қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады: А) ХVI-XVIIғғ. B) XV-XVIғғ. C) XIVғ. Д) XVIIғ. E) XVғ.
3. Маусымды көші-қон ... мезгілге бөлінді: А) 6 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 3
4. Көшіп-қонуға күш-көлігі жоқ, жайлауға апаратын малы жоқ, егіншілікпен айналысқан кедейлерді атаған: А) шаруа В) жатақ С) тақыр Д) егінші Е) күзеу
5. Есім ханның әскербасы қызметін атқарған және кеңесшілерінің бірі болған жырау: А) Доспамбет В) Жиембет С) Асан Қайғы Д) Марғасқа Е) Бұқар