10. Сөйлемдерді толықтыр.
1. Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған _______________ орны ерекше болды.
2. _______________ билік жүйесі дегеніміз – таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталған дәстүрлі билік жүйесі.
3. _________ арғы тегі – арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінің таратушылардың ұрпағы.
10-сынып.VI тарау. Көшпенділер өркениеті
2 - нұсқа
І. Жабық тест
1. Өнерде пайда болған "аң стилі"Қытайдан Дунайға дейін аралықтағы отырықшы елдерде тараған уақыт:
А) б.з. ІІІ ғ. В) б.з.б. ХІІІ ғ. С) б.з.б. ІІ мыңжылдықта D) б.з. Х ғ. Е) б.з.б. І мыңжылдықта.
2. Қазақ жерін Ресей империясы жаулап ала бастады:
А) ХІІІ ғ. В) VІ-ХІ ғғ. С) ІV-Х ғғ. D) VІІ ғ. Е) ХVІІІ ғ.
3. Шын қандас туыстық жүйе ... атадан басталады:
А) 7 В) 5 С) 9 D) 8 Е) 3
4. Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ:
А) көсемдер В) сұлтандар С) бектер D) абыздар Е) қолбасшылар5. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар:
А) Ж.Баласағұни, Ш.Уәлиханов В) Әл-Бируни, Әбілғазы С) Әл-Фараби, А.Байтұрсынұлы
D) Әл-Фараби, Ж.Баласағұни Е) М.Ж.Көпейұлы, М.Қашғари
6. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда будда храмдары табылған қалалар:
А) Тараз, Мерке В) Баба-Ата С) Ақбешім, Испиджаб D) Қызылорда Е) Түркістан, Отырар
ІІ. 7. 8 жауаптан бірнеше дұрыс жауапты таңда. Қазақстан жеріндегі ислам дініне қатысты деректі белгіле:
А) хатибтар
В) шешендер
С) мутаввалдар
D) молдалар
E) елшілер
F) бақсылар
G) абыздар
H) сұлтандар.
A) А,С,D B) C,D,H C) F,G,H D) A,B,C E) B,E,Н 8. Хронологиялық ретпен орналастыр:
1. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қала мәдениеті қалыптасты
2. Батыс Түрік қағандары шығыстан келген манихей дініне қолдау жасады
3. Көшпелілерде «аң стилі» пайда болды
4. Түркі тайпалары темір үзеңгілі ер-тоқым пайдаланған
5. Әл-Фараби өмір сүрген ғасыр
А) 1,2,3,4,5 В) 3,4,1,2,5 С) 5,2,1,3,4 D) 1,3,2,4,5 Е) 4,5,2,3,1.
Достарыңызбен бөлісу: |