1-нұсқа: Мектепке дейінгі педагогика және психология
1. Жастық дамуға және орта ықпалына байланысты ойлау процесінде
өзгерістердің болуы және сандық, сапалық ерекшеліктердің жиынтығы
A) психикалық даму
B) тұлғалық даму
C) ақыл-ой дамуы
D) психологиялық даму
E) адамгершілік даму
2. Мәдени-гигиеналық дағдылар түрлері
A) Тамақтану, ойын, таңертеңгілік қабылдау
B) Тамақтану, өзін-өзі күту, бөлме ішінің реттілігі
C) Өзін-өзі күту, ұйқы, еңбек
D) Тәртіптілік, тамақтану, серуен
E) Жуыну, тәртіптілік, мінез-құлық
3. Мектепке дейінгі мекемедегі сюжеттік ойындарды ұйымдастыру
принциптерін қарастырған
A) Н. Н. Поддьяков, Т.А.Куликова
B) Н.Я.Михайленко, Н.А.Кортокова
C) Ф.Фребель, Т.А.Куликова
D) В.И.Даль, П.Я.Гальперин
E) Я.А.Коменский, С.А.Козлова
4. Мектепке дейінгі баланың ерік әрекетін тәрбиелеуде сақталатын ережелер
A) үлкендер балаға шыншыл болып, іс-әрекетінің дұрыс орындалуын
қадағалау
B) балаға арнайы ұйымдастырылған күн тәртібінің белгіленуі,
үлкендердің балаға қарым-қатынасы мен талаптарының бірдей болуы
C) балаға мақсат қоюда кішкене мақсаттар қоюды үйрету
D) баланың шыдамдылығын дамыта отырып, ортаға бейімдеу
E) танымдық үрдістерін дамыту
5. Дидактиканың басты қағидалары
A) қолжетімділік, түсініктілік
B) белсенділік, танымдық
C) жүйелілік, құрылымдылық, сәйкестілік
D) тәрбиелеушілік, дамытушылық
E) белсенділік, дербестік, жүйелілік, бірізділік
6. Балалар үшін еңбек тапсырмаларын орындаудағы қолжетімді жас
A) 5-6 жас
B) 1-2 жас
C) 4-5 жас
D) 2-3 жас
E) 3-4 жас
7. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету
мектепке дейінгі кішкентай балалар ойынының
A) жанама әрекеті болып табылады
B) негізгі мазмұны болып табылады
C) жүйесі болып табылады
D) ортадан алған әсерін жеткізу
E) мәнділігін жеткізу
8. Мектепке дейінгі баланың балабақшаға ауыр бейімделуі дегеніміз
A) Бала ортаға баяу бейімделеді
B) Баланың көңіл-күйі көтеріңкі, бала психикасында өзгеріс байқалмайды
C) Балабақшаға алғаш келген ерте жас балаларының мінез-құлқындағы
өзгеріс бір ай ішінде,мектепке дейінгі жастағы балаларда 10-15 күн ішінде
қалыпқа келгенімен, тәбеттің төмендегені байқалады
D) Балалардың мінез-құлқындағы өзгеріс айқын көрінеді. Ұйқысы мен
тәбеті 20-40 күндей нашарлап, 30-40 күндей баланың эмоционалды күйі
тұрақсыз болады
E) Балалар 2айдан 6 ай немесе одан да ұзақ уақыт арасында балабақшаға
бейімделе алмайды, 8-9% балалар ерекше назарды қажет етеді.
Балалардың тәбеті төмендеп, ұйқысы нашарлайды. Ата-анасымен жылап
айрылысады
9. Өз зерттеуінде отбасылық тәрбиенің күші мен беріктігін анықтайтын
факторларды жүйелеген
A) Ю.П.Азаров
B) Т.А.Маркова
C) В.И.Даль
D) Ф.Н.Жұмабекова
E) И.В.Гребенников
10. З.Фрейд бойынша тұлғаның даму бағыты
A) эмоционалды сфера, дарындылық
B) организмнің ортаға бейімделуі
C) физиологиялық, эмоционалдық, тұрақтылық
D) тұқымқуалаушылық, орта
E) биологиялық, әлеуметтік, биоәлеуметтік
11. «Дидактика» терминін қолданысқа алғаш енгізген
A) Л.А. Венгер
B) В.Ратке
C) К.Д.Ушинский
D) Е.Н Видозова
E) А.П.Усова
12. «Тәрбиешінің шеберлігі талантты керек ететін ерекше бір өнер емес, бірақ
ол музыкантты, дәрігерді шеберлікке қалай үйретуі керек болса, солай
үйретуді керек ететін мамандық» деген ойдың авторы
A) Н.К.Крупская
B) Я.А.Коменский
C) Ж.Ж.Руссо
D) А.С.Макаренко
E) В.А.Сухомлинский
13. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің бірінші кезеңі
A) екінші кіші топтан басталады
B) ерте жастан басталады
C) бірінші кіші топтан басталады
D) туғаннан басталады
E) ортаңғы топтан басталады
14. Балалардың әсемдік пен сұлулыққа деген қатынасын тәрбиелеу
A) сенсорлық тәрбие
B) эстетикалық тәрбие
C) ақыл-ой тәрбиесі
D) адамгершілік тәрбие
E) еңбек тәрбиесі
15. Балабақшада кең қолданыста ойналатын ойын түрлері
A) асық ойыны, доп ойыны
B) қуыршақ ойыны
C) көкпар ойыны, құрылысшы ойыны
D) дидактикалық, үстел үсті, қимылды, сөздік
E) театр ойыны
16. Ойында балабақша өмірінің бейнеленуі біртіндеп кеміп, оның орнын
шығармашылық ойындардың алмасуы болатын топ түрі
A) бірінші кіші топ
B) ерте жас тобы
C) ортаңғы топ
D) ересек топ
E) екінші кіші топ
17. Кішкене балаларға тән оқыту формасы
A) сабақ
B) спорттық ойындар
C) педагогикалық технология
D) педагогикалық ойындар
E) көрнекілік
18. «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек»
деген пікірді айтқан
A) Я.А.Коменский
B) А.Н.Соколов
C) Л.С.Выготский
D) С.Бабаев
E) Ж.Руссо
19. Бала психологиясының негізін қалаған
A) Қ.Нығметова
B) Ч.Дарвин
C) В.Прейер
D) А.Н.Соколов
E) Л.С.Выготский
20. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі
қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу
A) қорытынды жасау
B) нақтылау
C) абстракция
D) объективтік байланыс
E) операция
21. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті қабылдауы
A) Толып жатқан объектілірдің ішінен біреуін іріктеу
B) Жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін білуді
адамның әрдайым қабылдауға даярлығы
C) Заттар мен құбылыстардың көлемін, түрін, аумағын, алыс-жақындығын
, бағыт-бағдарын қабылдау
D) Белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау
E) Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі
22. Өткен тәжірибені есте сақтау процесі
A) ойлау
B) түйсік
C) қайта жаңғырту
D) ес
E) қабылдау
23. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі
болып табылатын түйсіктер
A) Көру, есту, иіс, дәм, тері
B) Дыбыс толқындары, сезу
C) Дененің кеңістіктегі алып тұрған орны
D) Тактиль, қысым, дуыл
E) Қозғалыс, абсолюттік табалдырық
24. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде байқалатын көру
есінің ерекше түрі
A) Логикалық
B) Эйдетикалық
C) Ұзақ уақыттық
D) Оперативтік
E) Эмоциялық
25. Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән қиял
A) жасампаз қиял
B) белсенді қиял
C) ықтиярсыз қиял
D) ықтиярлы қиял
E) шығармашыл қиял
26. Ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі
A) мінез
B) қабілет
C) қабылдау
D) темперамент
E) ерік
27. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі
A) ауытқиды және нығая түседі
B) нығая түседі
C) едәуір дәрежеде тереңдейді және нығая түседі
D) едәуір нығая түседі
E) қарқындылығы баяулайды және бәсеңдейді
28. Адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтерімен өмір
сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік
құндылығы деп түсіндірген
A) О.С.Ушакова
B) И.П.Павлов
C) И.М.Сеченов
D) В.М Бехтерев
E) Е.И.Тихеева
29. Темперамент туралы теорияның негізін салған
A) С.Бабаев
B) Ч.Дарвин
C) Л.С.Выготский
D) Гиппократ
E) Эйнштейн
30. Баланың мінез-құлқында жиі байқалатын мотив түрі
A) оқу мотиві
B) стиль мотиві
C) әрекет мотиві
D) жүйе мотиві
E) ойын мотиві
Достарыңызбен бөлісу: |