1-НҰСҚА ТАРИХ
1.Ерте палеолит дәуірі:
A)Б.з.б. 2,6млн.ж.-б.з.б.140 мың жыл
B)Б.з.б.140-б.з.б.40 мың жыл
C)Б.з.б.2,6млн.ж.-б.з.б.800 мың жыл
D)Б.з.б.40-б.з.б.12 мың жыл
E)Б.з.б.2,6млн.ж.-б.з.б.40 мың жыл
2. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны:
A)Үлкен Бесшатыр B)Атасу C)Шірік-Рабат
D)Қойлық E)Аралтөбе
3. Қарлұқ қағанатының астанасы (орталығы) болған қала:
A)Суяб B)Янгикент C)Отырар
D)Қашғария E)Ашнас
4. Xақназардан кейін таққа отырған хан:
A)Жәнібек B)Есім C)Тәуке
D)Тәуекел E)Шығай
5. Батый хан билік
құрған жылдар:
A)1236-1242 жж . B)1227-1245 жж.
C)1259-1267 жж. D)1227-1255 жж.
E)1255-1259 жж.
6. Үшір cалығының мағынасы:
A)жер көлеміне байланысты егіншілерден алынатын салық
B)балықшылардан алынатын салық
C)еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
D)мұқтаж адамдар үшін мешіт жинайтын салық
E)еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық
7. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға қоныс аударғандар:
A)Ұйғырлар мен дүнгендер
B)Шешендер мен ингуштер
C)Кәрістер мен немістер
D)Қырым татарлары мен месхеті түріктері
E)Гректер мен күрдтер
8. Қазақстан ЕҚЫҰ-на мүше болып қабылданды:
A)1992 жыл B)1991 жыл C)1996 жыл
D)1993 жыл E)1999 жыл
9. Жиембет жырау Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыр қызметін атқарады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Жиембет 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі роль атқарды. Алайда, көп ұзамай-ақ орталық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жырау ойраттармен шекара, шығыс бетке айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректердің айтуынша, жырау 1643 жылы туған жеріне қайтіп оралады. Бес ғасыр жырлайды. А.,1984, 58-59-б.