Суреттелген оқиғада Тәуекел хан шабуыл жасаған қала:
A)Әндіжан
B)Үргеніш
C)Бұхара
D)Хиуа
E)Нарын
10.Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:
Қазақ ханы ____________ Әбді-Момын ханның өлтіріліп, Пір-Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін жолға шықты. Ол әуелі Ташкентті қаратты, ал сонан соң Самарқанды басып алды және Бұхараға қарай бет бұрды. Пір-Мұхаммед хан ашық шайқаста қарсыласу мүмкін деп таппай, сондықтан қамалға бекінді. Шамамен 20 күн бойы ___________ хан мен оның қазақтары Бұхараның маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңіліс тапты. __________ хан Самарқанға шегінді. Бауыры Әшім ханмен одақтасып, ол Пір-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып, шайқасуға әзірленді. Хан оларды тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пір-Мұхаммед ханның інісі Баки-Мұхаммед сұлтан келіп қосылды. Хан оның келуін жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсетті. Екі жақ әскерлерінің арасында бір айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бір жолы __________хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескілескен шайқас болды. ___________ ауыр жараланды. Ол еш нәрсеге қол жеткізі алмағандықтан, ат тізгінін Ташкент жаққа бұрды. Сол жарақаттан ____________ хан он дүниеге асығыс аттанып кетті...
XV-XVIII ғғ. Қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі материалдар.
А., 1969, 394-395, 556 б.(Орыс тілінде)«Таʼрих-и-Қыпшақ» еңбегінен.
Достарыңызбен бөлісу: |