Оқыту түрі:
Күндізгі бөлім, сырттай бөлім
Оқу мерзімі:
Күндізгі бөлім - 4 жыл
Арнайы орта білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқу - 3 жыл Жоғары білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқыту - 2 жыл
МАГИСТРАТУРА
Мамандықтар:
шифр
|
мамандық атауы
|
6M011700
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
6M011800
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
6M012100
|
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
|
6M012200
|
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
|
6M020500
|
Филология
|
6M021200
|
Түркітану
|
6M021300
|
Лингвистика
|
6M021400
|
Әдебиеттану
|
Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына мақсатты даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.
ДОКТОРАНТУРА
Мамандықтар:
шифр
|
мамандық атауы
|
6D011700
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
6D011800
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
6D012100
|
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
|
6D012200
|
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
|
6D020500
|
Филология
|
6D021300
|
Лингвистика
|
6D021400
|
Әдебиеттану
|
Институттың мекен-жайы: 050010, г.Алматы, проспект Достык, 13 Телефон: 8(727)2911835
e-mail: philology kaznpu@bk.ru
ЖАРА ТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРА ФИЯ ИНСТИТУТЫ
Институт директоры, профессор -Жанбеков Хайрулла Нышанович
Институт тарихы бүгінгі таңдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда институтта алғашқы кафедралар ашылды, олар - ботаника, химия, зоология кафедралары. Университет 1932 жылы еліміздегі жоғары оқу орны арасындағы жаңадан ашылған география бөліміне алғашқы студенттер қабылдады.
Жаратылыстану және география институтында мамандар даярлау оқытудың барлық формасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 5 қыркүйек 2012ж жастарға арнап оқыған интерактивті дәрісінің орындалуын жүзеге асыру мақсатында 5В011200-химия, 5В011300-биология 5В060900-география мамандықтарда көптілді топтар ашылып, дәріс алуда. Біздің иститутымызды елімізге және әлемге, ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың ішінде академиктер және корреспондент-мүшелері: А.С. Бейсенова,
А.И.Сембаев, И.В. Северский, Б.А. Бірімжанов, Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев және басқалар бар.
Жаратылыстану және география институты ұжымының мамандар даярлаудағы іс-тәжірибесі мол. Көптеген профессор-оқытушылардың ғылыми еңбектері жоғары, орта және арнайы оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге арналған.
Жаратылыстану және география институтында профессор-оқытушылар арасында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» мемлекеттік гранттың иегерлері және үздік оқу құралына арналған републикалық конкурстың жеңімпаздары, жаратылыстану және география оқулықтары бойынша отандық жаңа буын оқулығының авторлық ұжымдары мен авторлары бар, атап айтсақ А.С.Бейсенова, А.Ф.Сейтжанов, К.К.Мухамбетжанов,
Ж.А. Шоқыбаев, Ж.Б.Шілдебаев, Б.А.Мансуров, Т.О.Увалиев, Б.Ш.Абдиманапов, К.Д.Каймулдинова, Қ.А.Жумағұлова және т.б.
Лиссабон конвенциясы және Болон декларация аясында, біздің республикамыз қол қойған, білім берудің халықаралық жүйесіне кіру жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жүйесін, оның ішінде химия, биология және географияны оқытуды түбегейлі өзгертті, бұл білім берудің жаңа стандарттарын жасауға алып келді.
ПОҚ біліктілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» институты арқылы біздің профессор-оқытушыларымыз: Германия, Италия, Португалия, Испания ЖОО
біліктілігін арттыруда. Қазіргі кезде институтта бірнеше жобалар мен ғылыми бағдарламалар дайындалуда. Институт кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми - зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (РФ, Украина, Беларусия, ҚХР, ГФР, Туркия, Кипр және т.б.) университеттері және институттарымен тығыз байланыс орнатқан.
5В090200-туризм мамандығы бойынша Кипр университетімен қос дипломдық бағдарлама жасау жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда институтта күндізгі және сырттай бөлімдерде 815-тен астам студент, магистрант және докторанттар оқиды және 105 профессор- оқытушылар мен 23 оқу көмекші құрамы қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда ұл балалармен қатар қыз бала студенттер әскери дайындық кафедрасынан дайындықтан өтуге мүмкіндіктері бар. Қазір, институт құрамында алты арнайы кафедралар бар, олар төмендегі пәндер жүйесін оқыту арқылы мамандар даярлайды:
Химия кафедрасы: бейорганикалық және органикалық химия, аналитикалық химия, физикалық пен коллоидтық химия және химиялық технология, химия пәні мұғалімі, химия және биология пәні мұғалімі бойынша;
Ботаника және жалпы биология кафедрасы: ботаника ( өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, өсімдіктер систематикасы), генетика, эволюциялық ілім, қолданбалы биология және топырақтану, биохимия және өсімдіктер физиологиясы, биология пәні мұғалімі бойынша;
Елтану және туризм кафедрасы: география бакалавры, география жэне экология мұғалімі, география және тарих пәні мұғалімі, қызмет көрсету бакалавры, (туризм менеджері, туризм пәндерінің оқытушысы), география пәні мұғалімі және мектептегі туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырушы;
Қазақстан географиясы және экология кафедрасы: география бакалавры,
экология бакалавры, экология пәнінің мұғалімі, ғылыми-зерттеу
орталықтарының маманы, мекемелерде эколог қызметкері және биотехнология, табиғат қорғау мәселелері бойынша;
Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы: Адам және жануарлар физиологиясы, мектеп гигиенасы және жас ерекшеліктері физиологиясы, зоология (омыртқалылар және омыртқасыздар), тіршілік қауіпсіздігі бойынша;
Жаратылы стану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасы: жаратылыстану (химия, биология, география және экология т.б.) пәндерін оқыту әдістемелері мен технологиялары пәндері бойынша мамандықтар дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |