1.Оқыту жобаларының жіктелуі (Коллингс бойынша)
1910-жж. АҚШ профессоры Коллингс, оқу жобасының төрт тобын анықтаған:
1. «Ойын жобасы" – кіші жастағы балаларға арналған жоба, онда топ болып әрекет ету жүзеге асырылады: әртүрлі ойындар, халық биі, драммалық қойылымдар, басқа көңіл көтерушге арналған шаралар.
2. "ЭКСКУРССИЯЛЫҚ ЖОБА»: мәселені қоршаған орта және қоғамдық өмірмен байланысты қарастырып, оны мақсатты түрде оқып білу.
3. «НАҚТЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖОБА»: балалар мұнда өзінің өнімінен ләззат алады, оған ауызша, жазбаша, ән айту, көркем өнер, музыка (домбыра, қобыз, фортепианода және т.б. ойнау) және т.б. жатады.
4. «ҚҰРАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖОБА», нақты, қажетті өнім шығаруға бағытталады: жаңа сусын, оқуға қажетті зат, т.б.
Жоба мазмұнына, құрылымына, мерзіміне, деңгейіне байланысты жіктеледі. Мысалы: мерзіміне байланысты қысқа, ұзақ, айлық, жылдық т.б. болып жіктеледі. Деңгейіне байланысты, университет аралық, облыстық, республикалық, халықаралық болып бөліне алады.
2. Оқыту жобаларының заманауи классификациясы (Фишбоун әдісі арқылы анықтау)
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.
Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі. Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл сынып-сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді, сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».
Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: жүйелелігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастыру; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпалы. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық; оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индивиуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қоладанылады.
Достарыңызбен бөлісу: |