1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет11/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Санын есептеу әдістемесі. Күзде (қазан, қараша) аяз түскенге дейін егітіктерде жұлдызқұрттарының қыстау орнына кетер алдында олардың санын есептеу мақсатында бақылау жүргізіледі. Әр егістіктің диагоналы бойынша (немесе шахмат түрінде) 0,25 м2 (50х50) мөлшерінде топырақтан 8 сынама алынады. Топырақтың өңдеу қабатынан сынамаларды қарайды және 4 мм 2
болатын електен өткізіп, онда анықталған жұлдызқұрттарды есептейді. Егістіктен жиналып алынған жұлдызқұрттарды зертханада олардың салмағын анықтау үшін таразыға тартылып, сонымен қатар олардың тоғышар және аурулармен залалданғанын анықтауға сараптама жүргізеді. Бақылау нәтижесінде дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының популяциясының 1 м2 тығыздығы және физиологиялы жағдайы анықталады. Осының негізінде көп мерзімдік болжам жасалынады.
Көктемгі қайта бақылау жұмыстары егістіктерде қыстаудан шыққан жұлдызқұрттардың қуыршақтануға дейінгі мерзімде күзгі болжамданған көлемді нақтылау мақсатында жүргізіледі. Санын есептеу әдістемесі күзгі бақылау әдісімен сәйкес.
Дәннің сұр көбелектерінің ұшу динамикасы және қарқындылығын анықтау жазғы бақылау мерзімде жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының санын болжау үшін жүргізіледі. Көбелектерінің ұшу мерзіміне бақылау маусым айының 2-3 онкүндігінен бастап шілде айының соңына дейін жүргізіледі. Көбелектерінің санын анықтау күнделікті таңертең еліктіргіш аулағыш (ыдыс мөлшері 1л) арқылы жүргізіледі, ол топырақ бетінен 1 метр биіктікте рейка ағашына бекітіледі. Аулағыштағы ыдыстың 2/3 бөлігіне 10% қант ерітіндісінің ашытқысы құйылады. Күнделікті ұстап алынған аналық көбелекті құрсағын ашып және оның жұмыртқаларын санайды. Егер 1 түнде аулағышқа 50 аналықтан жоғары көбелек түскен жағдайда, олардың тұқымдылығы 500 жұмыртқадан жоғары болады, көбелектерінің ұшуы бидайдың масақтану мерзімімен сәйкес келеді, онда дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттары жаппай туылып шын мәнінде қауіп туғызады.
Жаздық тексеру жұмыстары (масақты ашу арқылы) көбелектың 1-2 жастағы жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының жаппай туылуы кезінде жүргізіледі, ол жаздық арпаның дәннің толысуы және сүттеніп балауыздануы фазаларының басталуы кезіне сәйкес келеді. Бақылаушы егістіктің диагоналы бойынша жүріп өтеді, 200 масақты (20 орында 10 масақтан) қарайды, оны матадан жасалынған қалтаға салып этикетка салынады, аузын байлап зертханаға алып барады. Қалталарды желдетіп тұратын жайға іліп қояды. Масақтың сараптамасын кепкеннен соң 2 күннен кейін кейін тексереді және 100 масақтағыжұлдызқұрт санын анықтайды. Содан соң масақтарды қалталарға этикеткамен қоса салып аузын байлап қайтадан 1-2 күнге кептіруге іліп қояды, соңынан қайтадан масақтарды қағып ондағы жұлдызқұрттарға есептеу жүргізеді. Екінші қағу кезінде анықталған жұлдызқұрттардың санын бірінші қағылғанға қосып есептейді (17 форма). 100 масақтағы жұлдызқұрттар санын келесідегідей анықтайды. Мысалы егістіктен 228 масақ кесіліп алынған, оларды қағу барысында барлығы 57 жұлдызқұрт анықталды. 100 масақтағы жұлдызқұрт саны 25 дананы құрады (57 х 100 : 228 = 25).
Егістікті өңдеуге жатқызу ондағы жұлдызқұрттар саны ауа райы жағдайы және егістікті пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі.
Тауарлық құны бар күздік бидай егітіктерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ЭЗШ – салқын ауа райында 100 масаққа 15жұлдызқұрт, қалыпты ауа райында 20-дан жоғары және құрғақ ауа райы жағдайында 30-дан жоғарыны құрайды.
Өсімдік қорғау іс шараларын жоспарлау. Ағымдағы қорғау іс шаралары күзгі тексеру нәтижеселеріне байланысты жоспарланады. Бір жылға болжам жасау кезінде дәннің сұр көбелегінің даму популяциясы, жұлдызқұрттарының қыстау алдындағы дене салмағы, саны, физиологиялық жағдайы және табиғи жауларымен зақымдалу дәрежесі ескеріліп жасалынады. Қысқы кезеңде диапаузаға кеткен популяцияның өміршеңдігі олардың салмағына байланысты: егер жұлдызқұрттың салмағы 200 мг кем – 10% -дан төмен, жұлдызқұрттың салмағы 300 мг-ға дейін – 50-60%-дан төмен. Жұлдызқұрттардың салмағы 300 мг болғанда олар жақсы қыстап шығады, келесі жылдың жаз мерзімінде көбелектердің өсімталдығы 500-1200 жұлдызқұртқа дейін жетеді. Жұлдызқұрттарының табиғи жауларымен жоғары зақымдалуы олардың популяциясының төмен жағдайда екендігін растайды, сондықтан 70-80%-дан жоғары гранулезбен зақымданған жағдайда, келесі жылы осындай егістіктерде жоспарланған химиялық өңдеуді жүргізу қажет емес.
Күзгі бақылау нәтижесі бойынша жоспарланған күресу іс шараларының критериі – егістіктерде дәннің сұр көбелегі популяциясының тығыздық көрсеткіштері 1 м2 –та 3 дана өміршең жұлдызқұрт, салмағы 1 м2 300 мг-нан жоғары болған жағдайда, бұл алқаптарда жұлдызқұрттардың жаңа ұрпақтарына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.
Жасалынған болжам көктемде нақтыланады. Өңдеу іс шараларының жоспарлау критериі – көктемгі бақылау нәтижесі бойынша 1 м2 2 жұлдызқұрттан жоғары. Жоспар дәннің сұр көбелегінің ұшу және жұмыртқа салуы нәтижесі бойынша қайта қаралады.
Асбұршақтың дән қоңызы Brucus pisorum L. Қазақстанда кең таралған. Оңтүстікте және оңтүстік шығыста ақбұршақты ерекше зақымдайды. Бір жылда бір ұрпақ беріп дамиды.
Қоңызының ұзындығы 4-5 мм. Қара түсті, қанатының үстінде көптеген ақ дақтар және қисық ақшыл белдеулер, құрсағының соңғы сегменті үстінгі қанатымен жабылмайды. Ол ақ жіпшелермен ірі екі қара дақтармен жабады, айқасқан суреттер өткен. Қырымен алдынғы бел омыртқасы және бөксесінде артқы аяқтарында тісшелері анық байқалады.
Жұмыртқалары домалақ, ашық-сары, өлшемі 0,3-0,5 мм.
Дернәсілдері қызылқанды, шашпаулы, үш біріккен бауыр аяқтары жақсы дамыған, келесі жаста ашық-сары изогенді ашық-қоңыр кішене бастарымен және толық дамымаған аяқтарымен үлкен емес салпыншағы бар. Үлкен дернәсілдің ұзындығы 5-6 мм.
Қуыршақтары еркін, бірнеше қара дернәсілдері ұзындығы 6 мм дейін.
Дәннің ішінде көбіне үлкен қоңыздар қыстауы дәнқамбасында, қуыстарда ағаштың өлген тамыр астында, қуыстарындарында, ағаштардың қурап қалған ішінде, майланған шөптерде және басқа жерлерде. Қоңыздар әдетте асбұршақтың бастапқы гүлдеу кезінде пайда болады. Тозаңмен және гүл күлтесімен қоректенеді. Бұршақ даму кезенді аналық жұмыртқалауға кіріседі. Жас асбұршақтың үстіңгі бетіне сиыстырады. Аналықтың орташа ұрықтануы 130 жұмыртқа, кейбір кезде 750 жұмыртқаға дейін салады. Эмбрионалдық дамуы 6-10 күнде.
Дернәсіллдердің туылуы маусымның екінші онкүндігінде басталады. Аналығы бірнеше уақыт бұршақтың ішкі қабатын үңгілейді сосын дәнді кеміріп енеді. Дернәсіл енген тесік тез бекітіліп кетеді және балаңқұрт қоныстанған дән сыртқы түрі бойынша зақымдалған дәннен айырмашылығы болмайды. Дәнің ішіне еніп дернәсілдері кейінен дамиды. 29-37 күнен кейін дернәсілдер қоректенуін тоқтатады, дөңгеленіп кеміріп дәнің қабығының ішіне қуыршақ салады. 13-25 күнен кейін қуыршақ қоңызға айналады, дәнде қыстап немесе тығыздалып орналасқан дернәсілдер сыртқа шығады. Қоңыздың жаңа ұрпақтары тамыз айының бірінші онкүндігінде жаппай пайда болады. Қамба ішінен дәндер егістікке шығуы қазан айына дейін созылады. Ересек қоңыздар күзге дейін түрленеді және дәнің ішінде келесі жылдың көктеміне дейін қалады.
ЭЗШ-гі дәндердің шанақтану кезеңі асбұршақта аулағыш қақпатормен 10 рет сермегенде 15-20 қоңыз болғанда.
Көп мерзімді болжам жасау үшін мына төмендегі жайттар қолданылады:

  1. Тексеру барысында қоныстанған зиянкестердің егін алқабында асбұршақтың бастапқы гүлдеу кезінде; зиянкестің сандары (максимальды, орташа).

  2. Дернәсілдермен зақымданған дәндер.

  3. Қорғау іс шараларының көлемі және тиімділігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет