1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет68/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Атаулар және анықтамалар

Ағзаның орташа өлу мерзімі – химиялық зат немесе агенттің әрекетінен кейін 50% ағзалар өлетін орташа уақыт.


Аддитивтілік – қоспаның жиынтық әсері әр компоненттің жеке әсерінің қосындысы тәрізді болады.
Акарицид – кенелермен күресуге арналған химиялық зат.
Альгицид – балдырларды жоюға арналған химиялық зат.
Антидот – уға қарсы зат (дәрі-дәрмек, тағам).
Антифидант – насекомдардың қоректенуіне кедергі жасайтын химиялық заттар.
Арборицид –ағашты және бұталы өсімдіктерді еріксіз құрту үшін қолданатын пестицид.
Аттрактанттар – тірі ағзаларда түзілетін және дараларды иіс көзіне қарай бағыттайтын сигналды заттар (феромондар, алломондар, кайромондар).
Афицид – бітелерді құртуға қолданатын пестицид.
Аэрозоль – газда немесе атмосферада шашыраңқы орналасқан тамшылар немесе қатты бөлшектер диаметрі 0,1….50 мкм.
Арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
Арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
Аталық вакуум – зиянды ағзалармен күресу әдісі. Феромонды тұзаққа жергілікті түрдің ер жыныстыларын аулауға негізделген. Нәтижесінде ұрғашылардың негізгі бөлігі ұрықтандырылмайды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
Пестицидтердің қауіпсіз мөлшері – біркелкі енгізу кезінде ағзаға теріс әсерін беретін пестицид мөлшері.
Биологиялық тиімділік – дала жағдайында пестицидтерді қолдану нәтижесінде өлуін, зиянды ағзалардың азаю немесе өсімдіктердің зақымдану дәрежесінің азаюын көрсетеді.
Бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
Бластомогендік әрекет – әсер етуші заттың немесе агенттің, организмдері ісіктің пайда болуынан.
Вермицид – құрттармен күресуге арналған химиялық зат.
Гербицид – керек емес шөптесін өсімдіктерді жоюға арналған химиялық зат.
5
Дезориентация – аталықтарды кеңістікте бағытталуын бұзу – бағытынан айрылған аталық насекомдар аналықтарын ұрықтандыра алмайды.
Десикант – өсіп тұрған қалпында өсімдіктердің кебуін тездететін химиялық заттар;
Дефолиант – пестицид, шөптесін және ағаш бұта тәрізді өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылады.
Ерекше қауіпті зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейім, экономикалық, экологиялық залал келтіретін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген зиянкестер мен өсімдіктер аурулары;
Жартылай ыдырау мерзімі (Т50 ) - топырақтағы пестицид мөлшерінің бастапқымен салыстырғанда екі есе азаюы үшін қажетті уақытты көрсетеді.
Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;
Зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
Зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
Зиянды түрлермен интегралды күресу – механикалық, физикалық, биологиялық, генетикалық, агротехникалық шараларды бірге қолдану. Идиосинкразия – белгілі заттардың әсер етуіне көтеріңкі индивидуальды сезімталдылық.
Инактивация – детоксикация немесе иммобилизация әсерінен биологиялық белсенділіктің жоғалуы.
Ингаляция – тыныс алу кезінде заттың ауамен ағзаға енуі.
Ингибиторлар – тірі организмдердің бойындағы ферменттердің немесе зат алмасу үрдісінің қарқындылығын толық тежеуге немесе баяулатуға қабілетті органикалық немесе анорганикалық заттар;
Импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат;
Карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);
Карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
Карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
Карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
Карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
Карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;
Кумуляция - организм бойында улы заттардың түгел ыдырамау және организмнен шығарылмау нәтижесінде жинақталуы немесе удың әсерінің өзгеруі;
Күту мерзімі – пестицид қолданумен өнім жинау аралығындағы (дақылға байланысты ), пестицидтердің қалдықты мөлшерінің қауіпсіз деңгейге дейін төмендеу кезеңі.
Қолдану мөлшері - пестицидтердің өндірістік жағдайда өсімдіктерді қорғау және жоғары шаруашылық тиімділігі тәжірибе нәтижесінде анықталған мөлшері;
Ларвицид – насекомдар және кенелердің дернәсілдерімен күресетін зат.
Лимацид – пестицид, моллюскалармен күресу үшін қолданылады.
Метаболизм – пестицидтің in vitro, in vivo жағдайында биологиялық факторлардан, зат алмасу әсерінен өзгеруі.
Мутаген –ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өзгерістерді тудыруы мүмкін зат, агент.
Нематицид – нематодтармен күресу үшін қолданылатын зат.
Орташа летальды пестицидтің мөлшері – біркелкі енгізгенде біртекті зиянды объектілердің даралар тобының 50% жойылуына әкелетін пестицид мөлшері.
Овицид – пестицид, зиянкестердің жұмыртқаларын жою үшін қолданылады.
Өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
Өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру,
техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;
Өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
Персистенттілік (тұрақтылық) - пестицидтердің физикалық, химиялық және биологиялық үдерістердің ыдыратушы әсеріне қарсы тұру қабілеті;
Пестицидтер - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
Пестицид дозасы - белгілі бір аудан, көлем немесе өңделетін объект массасына шаққандағы салмақ бірлігі (г/га, л/га, г/л, мг/л, кг/т, л/т т.б.).
Пестицидтерді детоксикациялау – пестицидтердің басқа химиялық байланыстарға айналуы, зиянды ағзаларға және жылуқанды жануарларға токсинді емес пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;
Пестицидтерді мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
Пестицидтердің бастапқы компоненттері - пестицидтерді өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
Пестицидтердің қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
Пестицидтің летальды дозасы - зиянды ағзалардың өліміне алып келетін доза.
Пестицидтің метаболизмі – тірі ағзаның ішінде пестицидтің өзгеруі.
Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесі;
Пестицидтер тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер тізбесі;
Пестицид мөлшері – пестицид бірліктерінің саны бірлік есебінің беткі қабатынан, тәжірибелік объектінің көлемі немесе массасы.
Пестицидтерге резистентілік (төзімділік) - организмдердің пестицидтердің улы әсеріне қарсы тұра алатын биологиялық қасиеті;
Пестицид ұнтағы – шаң тәрізді препарат пестицидтердің бөліктерімен диаметрі 0,02-ден 0,06 мм-ге дейін қолданылады.
Пестицидтің шығын мөлшері – пестицидтің әсер ететін мөлшері, өңделетін жерге жұмсалатын пестицидтің мөлшері, массасы.
Пестицидтің синергизмі – бірнеше пестицидтерді бірге қолданғанда жинақталған токсиндік әсерінің жоғарылауы.
Пестицидтер жүйесі - өсімдікке ене алатын, ұлпаларына таралатын және зиянды объектілерді жоятын пестицид.
Пестицидтермен жойқын улануы – пестицидті бір рет қолданғанда ағзаның өмір сүруі нашарлайды, өліміне алып келеді.
Резорбты әрекет – қанға сіңгеннен кейінгі заттың әсері.
Рұқсат етілген шекті мөлшері – тағамдағы максимальды заттың санын, ауада және суда, адамға немесе ұрпағына күнделікті қолдану өмір бойы негативті жағдайлар туғызбайды.
Рұқсат етілген шекті концентрация (ПДК) – заттардың максимальды мөлшері немесе агенттің ортадағы мөлшері, мөлшері көбейгенде оны жарамсыз қылады.
Репеллент – бұл адамға, үй жануарларына немесе пайдалы өсімдіктерге зиян тигізуші жәндіктер мен басқа жануарларды үркіту (қорқыту, қуу) үшін қолданылатын химиялық қосылыс.
Ретарданттар - өсімдіктердің өсу қарқындылығын тежейтін химиялық заттар, нәтижесінде өсімдіктер ергежейлі болады.
Родентицид – кеміргіштерге қарсы қолданылатын у.
Синергизм – қоспаның улылық дәрежесі жеке компоненттердің улылық дәрежесінің қосындысынан әлдеқайда көп;
Стерилянттер – организмдердің көбеюге қабілеттілігінен айыратын химиялық заттар;
Сублетальды пестицид мөлшері – біркелкі енгізгенде зиянды ағзаларды өлімге әкелмей, маңызды функциялардың бұзылуына әкелетін пестицид мөлшері.
Талғампаз (селективтік) уыттылығы химиялық улы заттардың организмдердің біріне әсер етіп, ал екіншісіне әсер етпеу қасиеті.
Токсикология – улы заттар мен олардың организмдерге әсерін зерттейтін ғылым саласы;
Уәкілетті орган - жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Улар – aз ғана мөлшерде болса да организмдердің бойына әртүрлі жолдармен еніп, оларды белгілі бір жағдайда улап, ауруға шалдықтыруға қабілетті химиялық заттар;
Фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
Фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
Фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
Фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
Фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
Фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
Фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
Фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері;
Экспозиция -удың организмдерге әсер ету ұзақтығы;
Эмбриотроптық - пестицидтердің жатынның қалыпты қалыптасуын бұзатын қасиеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет