1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет61/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Бақылау сұрақтары:

  1. Тоғышар арамшөптер неліктен толық және жартылай болып екі топқа бөлінеді?
  2. Толық тоғышар арамшөптер, түрлеріне сипаттама беріңіз.

  3. Жартылай тоғышар арамшөптер, түрлеріне сипаттама беріңіз.

  4. Өскіндері бойынша арамшөптерді қандай белгілері бойынша ажыратады?

  5. Қосжарнақты және даражарнақтыларға қандай арамшөптер жатады?



9 тақырып. Көпжылдық және аз жылдық арамшөптердің жіктелуі. Гербицидтердің жіктелуі. Күресу шаралары.

Сабақтың мақсаты: Арам шөптердің гербицидтердің жіктелуін талдау. Арамшөптермен күресу шараларының жүйесімен танысу. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген гербицидтердің ассортиментімен танысу.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, гербарийлер, тұқымдар коллекциясы. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: Арамшөптердің агробиологиялық топтары: Көпжылдық және аз жылдық арамшөп түрлерінің өкілдерімен танысу. Гербицидтерге сипаттама жасау .
3- тапсырма: 1,2,3- кестелерді толтыру.
Жұмыстың барысы:
1 кесте - Дәнді дақылдарының егіндерін өндеуге қолданылатын гербицидтер



Көрсеткіштер

Әсер етуші заттың аталуы
















1

2

3

4

5

6

Дақыл
















Сатылатын атаулары
















Әсер ету механизімі
















Өңдеу мерзімі
















Арамшөп түрі
















Қолдану әдісі
















Күту мерзімі
















Қауіптілік класы
















Шектеу
















2 кесте - Топырақтық гербицидтер



Ә.Е.З.

Препарат

Дақыл, өңделетін нысандар

Арамшөп
тер турлері

Қолдану әдісі және уақыты

Шектеу























































3 – кесте Өсіп тұрған өсімдіктерді өңдеуге арналған жалпы жойқын әсерлі гербицидтердің түрлері мен қолдану ерекшеліктерін анықтап кесте толтыру



Ә.Е.З.

Препарат

Өңделетін нысандар



Қолдану әдісі және уақыты

Шектеу















































Бақылау сұрақтары:

    1. Көпжылдық және аз жылдық арамшөптердің жіктелуі туралы айтыңыз.

    2. Гербицидтердің жіктелуі.

    3. Күресу шаралары.

    4. Арам шөптердің гербицидтердің жіктелуін талдау.

    5. Арамшөптермен күресу шараларының жүйесімен танысу.

    6. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген гербицидтердің ассортиментімен танысу.

10 тақырып. Карантиндік ағзалар.

Сабақтың мақсаты: «Өсімдік карантині» туралы заңдармен танысу. Сыртқы карантиндік ағзаларға қойылатын талаптарды білу. Қазақстан Республикасында таралуы шектеулі ішкі карантин және сыртқы карантинге жататын нысандармен танысу.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, гербарийлер коллекциясы.
1 – тапсырма: Ішкі карантин карантиндік ағзаларға жататын нысандардың тізімімен танысу және сипаттама жасау.
2- тапсырма: Сыртқы карантиндік ағзаларға жататын нысандардың тізбесімен танысу және сипаттама жасау.
Жұмыстың барысы:
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-I Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №2-3, 34-құжат; "Егемен Қазақстан" 1999 жылғы 19 ақпан №35.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді – ҚР 2009.07.17. ?189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


1-тарау. «Өсімдік карантині» заңы бойынша жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;
3) импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат;
4) карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
6) карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
9) карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;
10) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;
13) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау - өкілетті орган жүзеге асыратын, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру жөніндегі қызмет;
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет