1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет58/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Фузариозды шірік.Негізгі қоздырғыштарыDeuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын Fusarium туысының 2-3 түрі. Тамыржемістер үлкейе бастағанда шіру ішінен басталады, кеселге шалдыққан өсімдіктер-дің жапырақтары біртіндеп солып, қурайды. Олардың ішіндегі қуыстар мен жарықшықтарда саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл, ашық-сары өңез түзіледі. Макроконидиялар орақ немесе жаңа туған ай тәріздес, бірнеше көлденең перделермен бөлінген, пішіні мен мөлшері айтарлықтай ауытқиды. Жиі кездесетін F.oxysporum- ның макроконидиялары сәл иілген, 3-5 қөлденең перделермен бөлінген, мөлшері 25-50х4-5 мкм. Микроконидиялар бір немесе екі жасушалы, сопақтау, цилиндр тәріздес, мөлшері 11-18х 2-3 мкм. Мицелий тармақтарының ортасында 1-2 жасушалы көптеген хламидоспоралар түзіледі.Кеселге шалдыққан өсімдіктер өсу кезеңінің соңына қарай опат болады, немесе олардың шіруі жиын-теріннен кейін шоқада жалғасады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Күрес шаралары:
Техникалық дақылдар тұқымдарын дәрілеу үшін республика аумағында қолдануға тіркелген препараттар

Дақылдар

Аурулар

Препарат, жұмсалу мөлшері, кг/т л/т

Қант қызылшасы

Тамыр жегі, ризоктониоз, фузариоз

ТМТД, 80% с.ұ.(4-6), тачигарен, 70% с.п. (6,0 )

Темекі

Ризоктониоз және басқа шіріктер

ТМТД, 80% с.ұ.(4- 6)

Мақта

Гоммоз, вертициллез, фузариоз және басқа тамыр шіріктері

Витавакс 200 ФФ (4,0), ТМТД, 80 % с.ұ. (8-10),химоя, 10 % с. (4,0), эмиссар, с.к.(2,5 -3)

2- тапсырма: Вегетация кезеңіндегі өсімдіктерді, себер алдында тұқымдық, отырғызу материалдарын өңдеуге арналған препараттар түрімен танысу.
3 – тапсырма: 1,2 - кестелерді толтыру.

1 кесте - Техникалық дақылдардың аурулары



№ р/н

Қоздырғыш, зақымданған дақыл

Өсімдіктің зақымданған мүшесі, белгілері

Аралық ие өсімдік

Аурудың бастапқы, екінші пайда болу көздері

Аурудың дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар

Күресу шаралары
































































2 кесте Майлы дақылдардың аурулары



№ р/н

Қоздырғыш, зақымданған дақыл

Өсімдіктің зақымданған мүшесі, белгілері

Аралық ие өсімдік

Аурудың бастапқы, екінші пайда болу көздері

Аурудың дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар

Күресу шаралары


































































1 кесте –Тұқымдарды өңдеу үшін және өсімдіктің өсу даму барысында
дәрілеу үшін қолданылатын препараттар

Көрсеткіштер

Әсер етуші заттың аталуы
















Дақыл
















Сатылатын атаулары
















Әсер ету механизімі
















Өңдеу мерзімі
















Ауру
















Қолдану әдісі
















Күту мерзімі
















Қауіптілік класы
















Бақылау сұрақтары:

  1. Қант қызылшасының саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады және өсімдіктердің өсу кезеңінде қалай таралады?

  2. Ақұнтақ және пероноспороз ауруларының таралып, дамуына қандай ауа-райы қолайлы?

  3. Қант қызылшасының өскіндері мен тамыр-жемістерінде шірік ауруларының қандай түрлері кездеседі, оларды бір-бірінен қалай ажыратуғаболады, инфекциялары қайда сақталады?

  4. Техникалық дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын шектеуде ауыспалы дақыл жүйесі, органикалық және минералды тыңайтқыштар мен микроэлементердің атқаратын рөлі?

  5. Тұқым мен көшеттерді зарарсыздандыру үшін қандай препараттар қолданылады?

  6. Кант қызылшасының саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларына қарсы қандай фунгицидтер қолданылады және оларды қолдану ерекшелігі?

Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  3. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  4. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  5. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т.Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 112 б.

  6. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  7. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  8. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

Защита садовых культур: Учебное пособие / Сост.: Л.Н. Соколова, О.В. Антюхова. – Тирасполь, 2020. – 136 с. obzorintegrirovannayazashchita.pdf

7 тақырып. Көкөніс дақылдарының негізгі аурулары. Күресу шаралары.


Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының негізгі ауруларымен танысу және күресу шараларын ұйымдастыру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, аурулар коллекциясы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: . Көкөніс дақылдарға залал келтіретін негізгі аурулардың ерекшеліктерін білу. Күресу шаралары меңгеру.
2- тапсырма: Вегетация кезеңіндегі өсімдіктерді, себер алдында тұқымдық, отырғызу материалдарын өңдеуге арналған препараттар түрімен танысу.
3 – тапсырма: 1,2 - кестелерді толтыру.
Тақырыпқа түсінік: Қызанақ пен баялдының тамыр шіріктері. Қоздырушылары - Phytium debarianum Hess. Ооmycotа класының Пероноспоралылар қатарына жәнеRhizoctonia solaniKuhn., жоғарғы сатысы - Hypochnus solani Prill. Et Delacr. Deutermycota класының Стерильді мицелийлер қатарына жатады.Қосжарнақты біраз өсімдік түрлерінде факультативті патогендер ретінде белгілі. Жарнақ жапырақ кезеңінде өскіндер сабағы қарайып, жіңішкеріп, бунақталып, соның салдарынан солып, қурап опат болады. Көшетханаларда жарықтың жетіспеуінен, тұқым мөлшерден артық себіліп, көшеттер өте жиі шықса және шамадан тыс суғарылса ауру өрши түседі.Оларды ашық танаптарға қызбаған, ылғалдылығы жоғары топыраққа отырғызу, топырақтың беткі қабатының қабыршықтанып қатып қалуы аурудың дамуына қолайлы. Инфекция топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Фитофтороз. Қоздырушысы –Ооmycotакласының Фитофторалылар туыстығына жататын Phythоphtora infestans A. de Bary. Бұл саңырауқұлақ картоп фитофторозының қоздырушысы ретінде белгілі, кейде қызанақты да залалдайды. Ауа-райы жаз айларында құрғақ және ыстық келетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұл ауру сирек кездеседі. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде - жапырақтардың ұшы мен шеттерінде күңгірт-жасылсуланған сияқты, кейінірек қоңырқай тартатын дақтар, сабақтар мен жапырақ сағақтарында жолақтар мен шытынаған сызаттар, жемістерде - домалақтау шұңғыл дақтар ретінде байқалады. Жаңбыр жиі жауып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса залалданған мүшелердің төменгі бетінде селдір ақ өңез түзіледі. Саңырауқұлақ мицелийлері көлденең перделермен бөлінбеген, конидиялар жұмыртқа немесе лимон тәріздес, мөлшері 25-30х15-20 мкм, сағақтары бұғы мүйізі сияқты тарамдалған. Өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары мен ауа ағыны арқылы таралады.Күзге қарай залалданған өсімдік мүшелеріндеқоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына берікқалың қабықшамен көмкерілгенооспоралар түзіледі.Ауру қоздырғышы осы сатыда қыстап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет