1. Оқытушы туралы мәліметтер


Арамшөптердің салалық классификаторы



бет43/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Арамшөптердің салалық классификаторы. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету орталық институтында (ЦИНАО) классификатор дайындалған, оған 400-ден астам арамшөптер енгiзiлген. Онда әр өсімдікке төрт саннан тұратын код берiлген, олар өсімдіктiң ботаникалық класын, тiршiлiгiнiң ұзақтығын, биологиялық ерекшелiгiн (жаздық, қыстайтындар және т.б.), арамшөптiң түрлiк аталуын көрсетеді. Мысалы, кәдiмгi қара сұлы 1150, кәдiмгi гүлтәжi 4287, далалық шырмауық 5420, т.т. Арамшөптердің коды танаптардың арамшөптермен ластануы туралы мәлiметтер қорын дайындауға, оларды ЭЕМ пайдаланып өңдеуге, гербицидтердiң қажет мөлшерін анықтауға және оларды облыстарға бөлуге керек. Егiстiктердiң арамшөптермен ластануының қорытынды тiзiмiнде арамшөптердің атымен қатар оның коды да көрсетiлуi керек.
Карантиндi арамшөптер - ТМД елдерiнде таралған арамшөптердің арасында Қазақстанда жоқ немесе аз таралған, бiрақ таралу мүмкiндiгi мол, өте зиянды түрлерi бар. Мұндай арамшөптердi карантиндi арамшөптер деп атайды және олардың жаңа жерлерге таралуын шектейтiн ерекше қатаң шаралар қолданылады. Бақылауды Мемлекеттiк карантин инспекциясы атқарады. Карантин қойылған заттар кiрер алдында арнайы шекара бекеттерiнде сыртқы алғашқы карантиндiк бақылаудан өтедi. Елдiң iшiнде қабылдайтын жерлерде шет елден келген карантин қойылған заттар екiншi рет карантиндiк бақылаудан өтедi. Мемлекеттiк карантин инспекциясы iшкi карантин шараларын да жүргiзедi. Олар карантин қойылған өсімдіктердің ел iшiнде таралуына жол бермеуге, тыиым салынған заттар ошағын дер кезiнде анықтап, таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы алқаптарын жүйелi түрде байқаудан өткізіп отырады.
Қазіргі кезде тиым салынған (карантиндi) 12 арамшөптiң бесеуi Қазақстанда кездеседi, олар: жусан жапырақты ойраншөп, күнбағыс арамшөбi, жатаған қызғылт у кекiре, тікенді алқа және арамсояулар (зығыр, құлмақ тәрізді, Леман арамсояуы т.б.). Қалған түрлерi ТМД елдерiнде және алыс шет елдерде кездеседi: үштармақ ойраншөп, теңіз маңының ойраншөбі, сыпыртқы ойраншөп т.б. Карантиндi арамшөптер туралы толық мәлiметтердi арнайы басылымдардан алуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Арамшөптермен күресте ұйымдастыру және алдын алу шараларына қандай шаралар жатады.
2. Егістердің арамшөптермен ластануын анықтау түрлері және олардың әдістемесі.
3. Зияндылықтың экономикалық шегi (ЗЭШ) дегенiмiз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет