7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты
ПОҚ-ға арналған түсіндірме: бұл бөлім қорытынды бақылау қалай жүргізілетіні, білім алушы қандай жағдайларда емтиханға баға алатыны (оларды дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстыра отырып) және нақты жазылған бағалау критерийлері бойынша ақпарат беруді талап етеді. Төменде мұғалімнің силлабусқа қосатын мысалы келтірілген.
Мысал:
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар, кему шамасына қарай, «А»-дан «D» - ға дейін және «қанағаттанарлықсыз» - «FХ», «F»,) және дәстүрлі жүйе бойынша бағалаулар.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты университет сайтының 9-тармағындағы Академиялық саясатта ұсынылған талаптарға сәйкес келеді (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika).
7.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлері.
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдар дың
санд ық
балам асы
|
%-дық маз мұны
|
Дәстүрлі жүйе
бой ынша
бағ алау
|
Бағалау критерийлері
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А. Білім алушы тақырыпты толық меңгергенін көрсетеді, алған білімдерін тәжірибеде еркін қолдана алады.
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
А-. Білім алушы нақты фактілерді түсіндіре алады, оларды ажырата алады және қолдана алады; алған білімдері негізінде тиімді шешімдерді шеше алады.
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В+. Білім алушы оқу материалын жақсы меңгергенін көрсете алады. Бірақ аздаған елемеуге болмайтын қателіктері бар.
|
B
|
3,0
|
80-84
|
В. Білім алушы оқу материалын жақсы меңгергенін көрсете алады. Бірақ елемеуге болмайтын кейбір қателіктері бар.
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
В-. Білім алушы оқу материалын меңгергенін көрсете алады. Бірақ елемеуге болмайтын қателіктері бар.
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С+ Тәжірибелік, зертханалық және курстық жұмыстарды дұрыс, бірақ елеуге тұрмайтын қателермен орындайды.
|
C
|
2,0
|
65-69
|
Қанағат
т анарлық
|
С. Білім алушы тек нақты оқу материалын меңгергенін көрсетеді, қосымша және анықтайтын сұрақтар қоюға тура келеді, өйткені ол қойылған сұрақтарға тиісінше толық емес жауап береді.
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
С-. Білім алушы тек нақты оқу материалын меңгергенін көрсетеді, қосымша және анықтайтын сұрақтарға толық емес жауап береді.
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D+. Білім алушы кейбір оқу материалын меңгергенін көрсетеді, қосымша және анықтайтын сұрақтарға толық емес жауап береді.
|
D
|
1,0
|
50-54
|
D. Білім алушы аздаған оқу материалын меңгергенін көрсетеді, қосымша және анықтайтын сұрақтарға толық емес жауап береді.
|
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағат
т анар
лық сыз
|
«Қанағаттанарлықсыз» деген бағаға 0 сандық баламасы және 0-49 пайыздық мазмұны бар FХ, F әрпі сәйкес келеді. Бұл баға, студенттің ешқандай жауабы дұрыс болмаған жағдайда қойылады.
|
F
|
0
|
0-24
|
7.2. ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуға жеке амалдар
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды (бұдан әрі-ЕББҚ) оқыту кезінде оқыту әдістерін таңдауды оқытушы жүзеге асырады және әрбір жекелеген жағдайда оқыту мақсаттарымен, қолда бар білімнің, іскерліктің, дағдылардың бастапқы деңгейімен, педагогтің кәсіптік даярлық деңгейімен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, ЕББҚ бар білім алушылар үшін олардың қолжетімділігіне қарай білім алушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерімен негізделеді.
ЕББҚ бар білім алушыларды ҚБТ қолданып оқыту процесінде азаматтардың санаттар бойынша оқыту траекториясын даралау мүмкіндігі қолға алынады. Бұл білім алушының оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдістерін, қарқынын дараландыруды, нақты міндеттерді шешу кезінде ЕББҚбар білім алушының нақты іс-әрекеттерін бақылау мүмкіндігін, қажет болған жағдайда білім алушы мен оқытушының қызметіне қажетті түзетулерді енгізуді білдіреді.
Білім беру процесінде оқытушы Оnline және Оffline сабақтарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, соның ішінде виртуалды дәрістерді, чаттар, вебинарлар, семинарлар аясында пәнді меңгеру мәселелерін талқылауды, білім беру процесінің барлық қатысушыларын пәнді (модулді) игеру барысында зерделенетін пәндер бойынша белсенді жұмысқа қосу мүмкіндігімен жобалық қызмет технологияларын қолдана отырып, бірлескен жұмыстарды орындауды белсенді түрде қолдана алады.
Оқытушылар ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуда оқу материалдарын жасақтаудың қол жетімділік бойынша негізгі принциптеріне сәйкестікті қамтамасыз етулері тиіс (контент мазмұнының түсініктілігі мен болжамдылығы, суреттер үшін балама мәтінді көрсету, жеңілдетілген сөйлесім, материалдың қысқаша баяндалуы және т.б.).
Нақты пән бойынша ЕББҚ бар білім алушылар үшін ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу формалары жеке психофизиологиялық ерекшеліктерді (ауызша, қағазда жазбаша, компьютерде жазбаша, тестілеу формасында және т.б.), жеке мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын (жеке ерекшеліктер) ескере отырып белгіленеді. Қажет болған жағдайда ЕББҚ бар білім алушыға емтиханға жауап дайындау үшін қосымша уақыт беріледі.
Құрастырушы: Есенбекова Гулзат Туйешиевна
№1-ДӘРІС
Достарыңызбен бөлісу: |