1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


  Уақыт  пен  жиіліктің  мемлекеттік  қызметі  (әрі  қарай  УЖМҚ)  және



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата01.05.2020
өлшемі391,88 Kb.
#65275
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Диана

7.  Уақыт  пен  жиіліктің  мемлекеттік  қызметі  (әрі  қарай  УЖМҚ)  және 

заттар  мен  матиериалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  стандартты 

үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ) 

  

1.                   УЖМҚ негізгіқызметтері 



2.                   СҮМҚ негізі қызметтері 

  

УЖМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: 



-  техникалық  құралдарды  және  УЖМҚ  жүйелерін  дамытуды  және  үздіксіз 

қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық қызөметті жүзеге 

асыру; 

-  уақыт  пен  жиілік  бірліктерінің  мөлшерлерін,  УЖМҚ  пайдаланылатын 

эталондардың  негізінде  Қазақстан  Республикасындағы  уақыттың  ұлттық 

шкаласын жаңғырту және сақтау; 

-  Жердің  айналу  параметрлерін  бақылау  пунктерінде  алынған  ақпарат 

негізінде бүкіләлемдік уақыт пен Жер полюстерінің координаттарын анықтау 

және болжау; 

- елдің уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарына, сондай-ақ байланыстың 

келісілген арналары бойынша жердің айналу параметрлері туралы ақпаратқа 

деген  сұраныстарын  радио  және  теледидар  арналары,  спутниктің 

навигациялық  жүйелері,  Инетернет  басты  желісі  бойынша  үздіксіз 

қамтамасыз ету; 

-  Қазақстан  Республикасының  аумағында  техникалық  құралдар  және 

жүйелер  арқылы  берілетін  уақыт  пен  жиіліктің  эталондық  дабылдарын 

метрологиялық бақылау; 

- тұтынушыларды УЖМҚ ақпараттық деректерімен қамтамасыз ету; 




-  эталондық  базаны,  жердің  айналу  параметрлерін  анықтаудың  техникалық 

құралдарын  және  уақыт  пен  жиіліктің  эталондық  дабылдарын  беру  және 

қабылдау  жүйесін  жетілдіру  бойынша  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелі 

конструкторлық жұмыстарды жүргізу; 

- уақыттың Мемлекеттік қызметінен берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық 

дабылдарының,  жердің  айналу  параметрлерінің  сипаттамаларына  қойлатын 

талаптарды және болжау; 

- УЖМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтамақтастыққа қатысу; 

-  уақыттың,  жиіліктің  және  жердің  айналу  параметрлерінің  техникалық 

құралдарының  түрін  бекіту  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 

жүргізу; 

-  қазақсатн  Республикасының  аумағында  уақытты  санаудың  белгіленген 

тәртібін сақтауды бақылау. 

СҮМҚ негізі қызметтері мыналар болып табылады: 

-  стандартты  үлгілерді  жасау  және  қолдану  негізінде  заттар  мен 

материалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  бірлігін  және  талап  етілетін 

дәлдігін қамтамасыз ету; 

-  СҮМҚ  қызмет  етуін  және  дамытуын  қамтамасыз  ету  бойынша  ғылыми-

техникалық және практикалық қызметті жүзеге асыру; 

-  стандартты  үлгілерді  жасау  және  қолдану  бойынша  аймақ  аралық  және 

салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 

-  экономиканың  стандартты  үлгілерге  деген  сұранысын  анықтау  және 

болжау; 

- тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау 

дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу; 

-  стандартты  үлгілерді  жасауды,  өндіруді,  жүзеге  асыруды  және  қолдануды 

регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу; 

-  стандарты  үлгілердің  түрлерін  бекіту  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру 

және жүргізу; 

-  «Заттар  мен  материалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  стандарты 

үлгілернің  бекітілген  түрлері»  бөлімі  бойынша  өлшем  бірлігін  қаматамасыз 

етудің  Мемлекеттік  жүйесінің  тізілімін  жүргізу  (әрі  қарай  –  түрі  бекітілген 

стандартты үлгілердің Мемлекеттік тізілімі); 

- тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету, 




-  стандартты  үлгілерді  жасау,  стандартты  үлгілерді  аттестаттау  құралдарын 

жетілдіру  бойынша  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелі-конструкторлық 

жұмыстарды жүргізу; 

- СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет