1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата01.05.2020
өлшемі391,88 Kb.
#65275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Диана

3. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі 

  

1.             Метрология саласындағы мамандарға берілетін біліктілік 



2.             Метрология саласындағы мамандардың  құзіреттілігі 

  

Метрология саласындағы мамандарға мынадай біліктілік беріледі: 



-            шама  бірлігінің  мемлекеттік  эталондарын  сақтаушы  –  ғылым  (бұдан 

әрі – сақтаушы -ғылым): 




-            өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  сарапшы  –  аудитор 

(бұдан әрі сарапшы аудитор); 

-            өлшем құралдарын салыстырып тексеруші; 

          басқа біліктілік, қажет болғанда техникалық реттеу және метрология 

жөніндегі  уәкілеттік,  қажет  болғанда  техникалық  реттеу  және  метрология 

жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органмен  қабылданған  (бұдан  әрі  – 

мемлекеттік орган). 

Метрология  саласындағы  маманның  өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету 

саласында  сәйкес  дайындағы және  математика,  физика,  химия,  өнеркәсіптік 

технология,  электроника  автоматтық  басқару  және  бақылау  органдары 

саласында  да  жалпы  техникалық  білімі  (сататистиканы  қоса)  болуы  және 

мына мәселелерде құзіретті болуы тиіс; 

-       өлшемнің  түрлі  салаларындағы  негізгі  қағидаттарында  және  өлшеу 

деректерін алу әдістерінде

-       өлшемнің  негізгі  құралдарында,  ұқсас  және  сигналдарды  сандық  өңдеу 

көрсеткіштерінде және жүйелерінде (өлшеуіш тізбелер); 

-       бастапқы  қағидаттарды  және  өлшеу  нәтижелерін  өңдеу  әдістерінде, 

қателікті  және  белгісіздікті  бағалау  мақсаттарында  есептеуіш  техникаларды 

пайдалану; 

-       өлшеуіш  эксеперименттерді  жоспарлау  әдістерінде  және  өлшеуге 

қажетті құралдарды таңдауды үйлестіру әдістерінде; 

-       әсер  етуші  факторлардың  әсеріне  өлшеуіш  құралдарды  сынау 

әдістерінде; 

-       өлшем құралдарының динамикалық сипаттамаларын талдау әдістерінде

-       стандарттар талаптарында, құжаттарды рәсімдеуде

-       ұйымдастыру  және  салыстырып  тексеру  (калибрлеу)  нәтижелерінде 

салыстырулар жүргізу тәсілдерінде; 

-       ұйымдастыру  және  техникалық  құжаттамаға  метрологиялық  сараптама 

жүргізу тәсілдерінде; 

-       еңбекті ұйымдастыру және сапаны басқару негізінде

-       метрология  саласындағы  маманның  жұмысына  қатысты  ұлттық 

заңнаманың,  халықаралық  және  мемлекетаралық  стандарттардың  негізгі 

талаптарында. 

Метрологиялық саласындағы маман мынадай жұмыстар атқаруы тиіс: 




-       қолданыстағы  стандарттарды,  нормативтік  құқықтық  актілерді  және 

өзінің  қызметін  іске  асыру  кезінде  өлшеуіш  техникамен  жұмыстың 

тиімділігін арттыруға арналған басқа да құжаттаманы пайдалану

-       өндірісте  өлшеудің  қазіргі  заманғы  әдістерін  әзірлеу,  енгізу  және 

өлшемнің осы саласындағы техникалық параметрлерін бақылау; 

-       өлшемдердің  растығын  қамтамасыз  ету,  өндірістік  процестегі  олардың 

қалыпты  жұмыс  істеуін  қаматамасыз  ететін  өлшеуіш  аспаптарды  реттеуді 

орындау; 

-       өлшем қателіктерін талдау, олардың шығу көздерін белгілеу және өлшеу 

нәтижелерін дұрыс рәсімдеу; 

-       қолданылатын  өлшем  құралдарының  жай-күйін  бағалауды,  сондай-ақ 

өлшеу  құралдарын,  қолданылатын  эталондарды  салыстырып  тексеруді 

(калибрлеуді) ұйымдастыру. 

Метрология  саласында  базалық  мамандандырылған  білімі  бар  мамандар 

өлшемнің сәйкес түрі немесе метрологиялық жұмыс түрі бойынша сынақтан 

өткеннен кейін біліктілік алады. 

Метрология  саласында  базалық  мамандандырылған  білімі  жоқ  мамандар 

мамандандырылған  біліктілік  курсынан  және  өлшемнің  сәйкес  түрі  немесе 

метрологиялық  жұмыс  түрі  бойынша  сынақтан  өткеннен  кейін  біліктілік 

алады. 


Сынақтан сәйкес біліктіліктен өту туралы сертификаты бар маманнан өтеді. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет