1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата01.05.2020
өлшемі391,88 Kb.
#65275
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Диана

20. Өлшеу құралын тексеру 

  

1.                  Салыстырып тексеру түрлері 



2.                  Салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі 

Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және 

сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі. 

Бастапқы салыстырып тексеру 

Бастапқы  салыстырып  тексеруге  Қазақстан  Республикасының  аймағында 

өндірілетін немесе  Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 

2.21  сәйкес  типті  бекіту  мақсатында  және  бекітілген  типке  сәйкестікке 

сынаудан  немесе  ҚР  СТ  2.30  сәйкес  метрологиялық  аттестаттаудан  өткен 

және  ҚР  МӨЖ  тізіліміне  енгізілген,  сондай  –ақ,  жөндеуден  шығарылған 

өлшем құралдары жатады. 

Қазақстан  Республикасының  аймағына  әкелінетін  өлшем  құралдары 

Қазақстан  Республикасында  бастапқы  салыстырып  тексеруден  өтуге 

тиістіемес.  Егер  басқа  елдерде  жүргізілген  салыстырып  тексеру  нәтижелері, 

ҚР  СТ  2.40  халықаралық  келісімдерді  іске  асыру  мақсатында  әзірленген 

нормативтік  құжаттарда  белгіленген  тәртіп  бойынша  халықаралық 

келісімдерге сәйкес уәкілетті органмен танылады. 

Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс. 

Кейбір  жағдайларда,  салыстырып  тексерудің  әдістемесінде  көрсетілген 

өлшем  құралын  таңдап  алып  салыстырып  тексеруге  болады.  Таңдап 

салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы 

бойынша жүргізілуі керек. 




Таңдап  салыстырып  тексерудің  оң  нәтижесі  салыстырылып  тексерілетін 

партияның барлық бірлігіне таралады. 

Бастапқы салыстырып тексеруді мына жағдайларда жүргізеді: 

-өлшем құралдарын дайындау орнында

-Өлшем құралдарына жөндеу жүргізу орнында; 

-өлшем құралдарын пайдалану орнында

-өлшем  құралдарын  өндіру  орнында  біршама  және  жартылай  өлшем 

құралдарын  қолдану орнында біршама. 

Салыстырыптексеру  орнын  салыстырып  тексеруді  жүргізетін  мемлекеттік 

метрологиялық 

қызметтің 

бөлімшесі 

және 

заңды 


тұлғалардың 

метрологиялық қызметтері бекітеді. 

Өндірістен  және  жөндеуден  шыққан  өлшем  құралдарын  бастапқы 

салыстырып  тексеруден  өткізу  үшін,  олар  алдымен  техникалық  бақылау 

міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы керек. 

Ескерту  –жылжымалы  бригада  өлшем  құралына  жөндеу  жүргізу  кезінде 

өлшем  құралын  алғашқы  салыстырып  тексерудіңтехникалық  міндеті 

жүктелген  бөлімшенің  алдын  –ала  қабылдауынсыз  –ақ,  өлшем  құралына 

жөндеу жүргізген тұлға салыстырып тексеруге жіберуіне болады. 

Бастапқы  салыстырып  тексеруді  өлшем  құралын  өндіретін  және  заңды 

тұлғалардың  ұйымдастыруы  бойынша  бақылау  –салыстырып  тексеру 

пунктінде (БСП) жүргізуге болады. 

Мерзімдік салыстырып тексеру 

Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда тұрған өлшем 

құралдары  жатады,  олар  белгілі  бір  салыстырып  тексерудің  аралық 

интервалдары  арқылы  жүргізіледі  және  салыстырып  тексерудің  аралық 

кезеңінде  қолдануға  жарамдылығын  қамтамасыз  етуді  есепке  ала 

отырыпбекітіледі. 

Ұзақ  сақтауда  тұрған  өлшем  құралдарының  сақталған  мерзімі  салыстырып 

тексеру  аралық  интервал  мерзімінен  асатын  болса,  онда  оларды  мерзімдік 

салыстырып тексеру жүргізбеуге болады. 

Өлшем  құралдарын  ұзақ  мерзімге  сақтауға  беру,  өлшем  құралының 

бумаланған,  консервіленген  түрі  және  оларды  сақтау  жағдайы  мен  соңғы 

салыстырып тексеру мерзімі көрсетілген акт бойынша құжат толтыру керек. 




Мұндай өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу оларды пайдалану 

алдында жүргізіледі. 

Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік мерзімін белгілейтін, 

осы  стандарттың  В  қосымшасында  көрсетілген  нысан  бойынша  өлшем 

құралдарын салыстырып тексеру кестесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін. 

Өлшем  құралдарын  салыстырып тексеру кестесін  құру  және  келісу тәртібін 

мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  бөлімшесі  немесе  салыстырып 

тексеруді  іске  асыратын  аккредиттелген  заңды  тұлғаның  метрологиялық 

қызметі белгілейді. 

Өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеруге,  консервілеуден  шыққан,  шаң  –

тозаңнан  тазартылған  ,  қажетті  жағдайда,  төлқұжат,  техникалық  сипаттау, 

пайдалану нұсқауы, соңғы салыстырып тексеружөніндегі сертификатты және 

салыстырып тексеру әдістемесі мен қажетті жинақтаушы қондырғылары мен 

қоса берілуі тиіс. 

Егер  өлшем  құралы  бірнеше  физикалық  шамаларды  өлшеуге  (қайталауға  ) 

арналған  болса  немесе  өлшемнің  бірнеше  ауқымын  өлшейтін  болса,  алайда 

физикалық  шаманың  ең  кіші  санын  тұрақты  өлшеуге  немесе  өлшем 

ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары 

бойынша  мерзімдік  салыстырып  тексеру  шарасын,  салыстырып  тексерудің 

нормативтік  құжаттарына  сәйкес  тексеруге  болады.  Сонымен  қатар, 

өлшемнің  қолданыстағы  ауқымы  мен  өлшем  құралының  жарамдылығын 

анықтайтын физикалық шаманың санын анықтайды. 

Мұндай  жағдайларда  өлшем  құралдарына  қолдану  саласын  көрсететін анық 

жазу  немесе  шартты  белгілеулер  басылуы  тиіс.  Сәйкес  жазулар  пайдалану 

құжаттарында  және  салыстырып  тексеру  туралы  сертификаттарда  да  болуы 

тиіс. 


Өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексеру барысында (мысалы, өлшем 

жүйесін  салыстырып  тексеруде  )  салыстырып  тексеру  мемлекеттік 

метрологиялық  қызметтің  бөлімшесінде  немесе  заңды  тұлғалардың 

метрологиялық қызметтері шектеулі түрде ғана жасалған болса(салыстырып 

тексеру  нормативтік  құжаттарының  барлық  талаптарына  сай  келмесе),  онда 

салыстырып тексеруді тізбектеп толық түрде жүргізуге болады: алдымен бір 

мемлекеттік  метрологиялық  бөлімшемен  немесе  бір  аккредиттелген  заңды 

тұлғалардың метрологиялық қызметімен , содан кейін басқа аккредиттелген 

заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен немесе басқа мемлекеттік 

метрологиялық  қызметтің  бөлімшесімен  тексеріледі.  Бұл  жағдайда 

салыстырып  тексеру  нәтижесін  рәсімдеуді  мемлекеттік  метрологиялық 

қызметтің  бөлімшесі  жүргізеді,  ал  мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің 

қатысуынсыз  жүргізілген  болса,  онда  салыстырып  тексерудің  соңғы бөлігін 

жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет