ҚР бойынша логопедиялық пункттердің қызметі



Дата15.03.2022
өлшемі40,6 Kb.
#135476
түріСабақ
Байланысты:
1 Тәж.Сабақ


ҚР бойынша логопедиялық пункттердің қызметі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында логопедиялық пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер құрастырылған, оларға сай меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан логопедтік пункт қызметінің тәртібі белгіленеді.


Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.
Логопедтік пункт жұмысын білім беруді басқаратын органдар ашады, әрбір логопедтік пункттегі топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі.
Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пунктті ашу 14-16 сынып болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-25 адам, ауылдық жерде 15-20 адам оқиды.
Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің (бастауыш мектеп – балабақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балаларға арналған оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.
Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетика-фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтықпа, сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедтік пунктке қабылдау үшін тексеру жыл бойы жүргізіледі. Мамырда бірінші сыныпқа баратын балаларды тексеру жүзеге асырылады. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтармен шағын топтарға бөлу үшін тізімге тіркеледі. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны топтық (шағын топтық) сабақтар болып табылады. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады.
Әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау мынандай:

  • Жалпы сөйлеу тілі дамымаған ( ЖСТД) – 3-5 адам;

  • ЖСТД-на байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;

  • Фонетикалық-фонематикалық жағы жетілмегендер (ФФЖ) – 3-5 адам;

  • ФФЖ-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;

  • Тұтықпасы бар – 3-4 адам;

  • Дыбысты айту кемшіліктерімен – 5-6 адам жіберіледі;

Мектепке дейінгі логопедтік пунктте жеке сабақтар сөйлеу бұзылыстары бар барлық балалармен, мектептегі логопедтік пункттерде – сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар
( ринолалия, дизартрия, ЖСТД 1-2 деңгейі) балалармен жүргізіледі.
Әрбір топтағы балалармен сабақтар аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жастарына байланысты және мектепке дейінгі мекемелерге байланысты құрастырылады: екінші кішкентайлар тобында- 15-20 минут, ортаңғы топта 20-25 минут, ересектер және мектепалды даярлық тобында 30-35 минут.
Мектепке дейінгі балаларға арналған шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 20-30 минут, жеке сабақтардың – 15-20 минут.
Мектептегі логопедтік пункттің топтық сабақтарының ұзақтығы 40-45 минут.
Мектеп жасындағы балаларға арналған логопедиялық пункттегі шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 25-30 минут; жеке сабақтардың ұзақтығы- 20-25 минут.
Түзете оқытудың ұзақтығы сөйлеу тіл бұзылыстарының күрделілігімен, оның құрылымына байланысты. Фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігімен (ФФЖ ) және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік көмекті жарты жылдан 1 жылға дейін алады. ЖСТД және ақаулықтарына байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік пунктте бұзылыс деңгейіне байланысты 2 ден -3 жылға дейін оқиды.
Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логопедтік пунктте сабақтар сабақтан тыс уақытта немесе «Тіл дамыту және сауат ашу», «Бейнелеу өнері», «Еңбек» және «Құрастыру» сабақтары кезінде жүргізіледі.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды шығарып салу жыл бойы олардың сөйлеу тілінің даму кемшіліктерінің түзелуіне байланысты болады.
Психофизикалық дамуын анықтау қажет болған жағдайда, логопед балаларды ата-аналарының келісімімен дәрігер-мамандардан (невропотологқа, психиатрға, отоларингологқа және т.б.) кеңес алуға немесе ПМПК- ға жіберуі мүмкін.
Логопедтік сабақтардың нәтижелері сөйлеу картасында белгіленеді және педагог-тәрбиешінің, сынып жетекшісінің және ата-аналар назарына жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысуы және қажетті талаптарды орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жүктеледі.
Мұғалім-логопедтің міндеттері:
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша
балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша
педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру;
3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін
педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен ,
сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет