Негізгі геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық жүйе



бет1/10
Дата15.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#153169
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Негізгі геодезиялық жұмыстар
Kartografiya каз, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
  1. Негізгі геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық жүйе


Геодезиялық жүйе бұл жер бетіндегі пункттердің жиынтығы, ол үшін қандай да бір координаталар жүйесінде координаталары белгілі болады.
Геодезиялық жүйелер үш түрге бөлінеді: мемлекеттік геодезиялық тіректі жүйе; біріктіру жүйелері;
түсіру жүйелері.
Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге, жоғары дәлдікті жүйеден аз дәлдікті жүйеге қарай салынады.
Геодезиялық жүйелер триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен салынады.
Әр түрлі масштабты түсірілімдерді жүргізу үшін әр түрлі тығыздықты геодезиялық жүйелер ќажет.

P 3 S 2
2

(3.1)


мұндағы S – үшбұрыштың бір жағының ұзындығы, км.


Сонымен 1:100000 және одан аз масштабты түсірілімді қамтамасыз ету үшін 50, 60 км2 бір тірек қажет.




    1. –сурет- Геодезиялық тор

Негізгі геодезиялық жұмыстарға геодезиялық торларды құруды және олардың элементтерін анықтаудың дәлдігін бағалаудың алдын алу жатқызады.


Геодезиялық тор деп жергілікті жерде, бір координаталар жүйесінде орны анықталған, бекітілген нүктелер (пункттар) жиынтығын атайды.

Жердің физикалық бетінде орналасқан, геодезиялық пункттар орны үш координат бойынша анықталады; В ендігімен, референц-эллипсоид бетіндегі L бойлығымен және пункттің эллипсоид бетімен, Н биіктігімен.
В және L координаталары пункттың пландық орнын анықтайды. Тәжірибелік мақсаттар үшін пункттің пландық орнын жазықтықта х және у координаталарымен, мысалы Гаусс проекциясында анықтайды.
Н биіктігі оның геоид бетінен биіктік шамасының және геоидтың эллипсоидтан алшақтау шамасының қосынды ретінде келтіреді.
Жер бетінде пункттардың өзара орнын анықтаудың жалпы принципі келесідей.
Жергілікті жерде бір-бірімен байланысқан геометриялық фигураларды, әдетте үшбұрыштарды, орналастырады. Бұл фигуралардың төбелерін, олардың кейбір элементтері үздіксіз өлшеулер үшін ыңғайлы болатындай етіп таңдайды. Үшбұрыштағы пункттардың пландық орнын анықтау үшін, мысалы, бір қабырғасын және екі бұрышты немесе екі қабырғасын және бір бұрышын өлшеу жеткілікті, қалған элементтерің аналитикалық түрде оңай есептеп шығаруға болады. Бірақ геодезиялық жұмыстар тәжірибесінде, геометриялық құрылыстардың барлық элементтерін анықтауға қажетті өлшеулерден көп орындайды. Артық өлшеулерді геодезиялық торлар құрудың сапасын
жоғарлату үшін, тексеру үшін және дәлдігін бағалау үшін жасайды.
Фигуралар төбесінің абсолютті биіктіктерін анықтау мақсатымен, не қабырғалар ұзындығын біле отыра вертикаль бұрыштарды өлшеу жолымен, не геометриялық нивелирлеу жолымен, сәйкес өсімшелерді (биіктіктер айырмашылығы) анықтайды, көршілес пункттердің биіктіктерінің айырмашылығын анықтайды.
Бірақ құрылған фигураларды бағдарлау, пландық орнын анықтау және барлық төбелердің биіктіктерін анықтау үшін бір қабырғаның азимутын (дирекциондық бұрышын), координаттарын (В,L немесе х және у) және фигуралар жүйесінің бір төбесінің абсолюттік биіктігін білу қажет. Пландық орынды анықтау және пункттердің биіктік қалпын анықтау тәсілдерінің бір- бірінен едәуір айырмашылығы бар екендігін есепке алу керек. Пландық орнынды анықтау және геодезиялық пукттердің биіктіктерін анықтау өлшеулері бөлек және көбінесе әр түрлі тіктеуіштермен жасалады.
Осылай тірек торын құрып, оның пункттарына қатысты жергілікті жердің кез-келген нүктесінің орын анықтауға болады.
Өлшеулер түріне байланысты геодезиялық тор триангуляция, трилатерация, полигонометрия және олардың аралас тәсілдерінен құрылады. Соңғы кезде бір-бірінен алшақ жатқан пункттер орнын Жердің жасанды серіктерін бақылау арқылы анықтайтын болды.






    1. -сурет – Триангуляция үшбұрыштар қатары

Триангуляция – бұл жергілікті жерде, горизонтальді бұрыштарды және бір үшбұрыштың қабырғасының ұзындығы (қабырғалар бірнеше үшбұрышта өлшенуі мүмкін) анықталатын, бір біріне ұласқан үшбұрыштарды құру. Үшбұрыштарды өлшенген b қабырғасынан, бастапқысына қатысты біртіндеп шеше отырып (3.2-сурет), үшбұрыштар жүйесінің барлық қабырғаларын анықтайды.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет