Көрсеткіштер атауы
|
1 класс
|
2 класс
|
3 класс
|
4 класс
|
1. Жүйе ұзындығы, км
|
200
|
-
|
-
|
-
|
2. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы, км
|
20 – 25
|
7 – 20
|
5 – 8
|
2 – 5
|
3. Базисті өлшеу- дің салыстыр- малы қателігі
|
1 : 400000
|
1 : 300000
|
1 : 200000
|
1 : 200000
|
4. Мүмкін бола- тын үшбұрыш- тағы бұрыштық қиыспаушылық
|
3
|
4
|
6
|
8
|
5.Өлшенген бұрыштың О.к.қ, m
|
0.7
|
1
|
1.5
|
2
|
-кесте - Триангуляция жүйелерінің шарттары
О.к.қ. Лаплас белгілері үшін
|
1 класс
|
2 класс
|
Ц
|
0.5
|
0.5
|
Л
|
0s.03
|
0s.03
|
А
|
0.5
|
0.5
|
мұндағы S – уақыт секундтары.
2, 3, 4 кластар триангуляциялары топографиялық түсірілімдердің дамуы
үшін тіреуіш жүйе болып табылады. 1 : 50000 – 1 : 5000 масштабты түсірілімдерді қамтамасыз ету үшін біріктіру жүйелері жүргізіледі, оларға I, II дәрежелі триангуляциялар және I, II дәрежелі полигонометрия жатады.
1 : 2000 – 1 : 500 масштабтары үшін салынбалы жүйелер қызмет етеді.
1 класс триангуляциясының бекеттеріне 2 класс триангуляциясының бекеттерінің байланысу сызбасы үшбұрышпен, төртбұрышпен және желпеуішпен жүзеге асырылады.
Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері
Триангуляция жүйесін жобалау құрамына кіретіндер:
Алдында дамытылған жүйелерді аса толық мөлшерде қолдану үшін жұмыс аймағының геодезиялық зерттелуінің талдауы;
Жүйенің жобалау сызбасын картада бекеттердің ыңғайлы орналасуын және жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес олардың қажетті бірлесуін жасауды ескерумен құрастыру;
Триангуляция бекеттерінде белгілердің биіктігінің алдын ала есебі;
Қолда бар нұсқаулықтар бойынша жұмыс әдістемесін, техникалық шектерді белгілеу, триангуляционды жүйенің элементтерінің болжамды нақтылығының алдын ала есебі;
Жұмыстың жалпы көлемін және қажетті құралдарды (кадрлар, көлік, саймандар, материалдар) белгілеу.
Техникалық жобалау алдында орындалған геодезиялық жұмыстар бойынша мәліметтер жинаудан басталады. Іс жүзінде бар триангуляция тірек пункттерін және олардың тұрғызылу сызбасын жобаның топографиялық картасына түсіреді. Егер бастапқы болып табылатын пункттердің сақталуы туралы күмән болса бекеттердің сақталуын зерттеу мақсатында рекогносцировка жүргізу қажет. 1, 2 класс триангуляциясының жүйелерінің жобасын құрастыру 1 : 100000 масштабты топографиялық карталарда, ал 3, 4
кластары 1 : 150000, 1 : 25000, 1 : 10000 масштабты карталарда орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |