n
a b sin A1 sin A2 ...sin An .
(3.2)
мұндағы
k1
(3.3)
b ;
sin B1
a1 k1 sin A1 ,
C1 k1 sin C1.
(3.4)
n нөмірлі үшбұрыш үшін анықталатын
an kn sin An ,
cn kn sin Cn .
(3.5)
мұндағы
kn
an1 ; sin Bn
(3.6)
Содан кейін бастапқы пункттың анықталған х1, у1 координаталары және белгілі қабырғаның (базистік жақтың) α дирекциондық бұрышы бойынша,
мысалы, 1-2-3-4....N жүрісі бойынша геодезиялық тура есепті шешу арқылы, үшбұрыштар төбелерінің координаталарын есептейді.
Жергілікті жерде бекітілген және сәйкес белгіленген үшбұрыштар төбелері триангуляция пункттары деп аталады. Триангуляцияның өлшенген жағы базисті деп аталады, ал координаталары берілетін пункт триангуляцияның бастапқы пункты деп аталады.
Триангуляцияның жағын өлшеу мүмкін болмаған кейбір жағдайларда жергілікті жерде базистік тор құрылады (3.3- сурет). Шығыс жағы деп аталатын (1-2-3) торы үшбұрышының 1-2 жағының ұзындығы базистік торды өңдеуден аналитикалық түрде анықталады. Базистік тор әдетте кіші АВ диагоналі немесе кіші қабырғасы өлшенетін ромб түрінде болады.
-сурет- Базистік тор
Трилатериция – бұл жергілікті жерде, барлық қабырғалары өлшенетін, бір-біріне ұласқан геометриялық фигураларды (үшбұрыштар, төртбұрыштар және т.б.) құру.
Мысалы, тригонометрия формулаларымен үшбұрыштарды шеше отырып, дирекциондық бұрыштарды есептеуге қажетті, барлық горизонтальды бұрыштарды анықтайды,
A1 arccos
a 2 b2 c 2
2bc
(3.7)
1 1
немесе
A arctg
1
p bp c1
(3.8)
1
2 ,
pp a1
мұндағы
2 p a1 b c1 .
Трилатерация пункттерінің координаталарын (фигуралар төбелерін) триангуляциядағы әдіспен анықтайды.
Полигонометрия – бұл жергілікті жерде тұйықталмаған және тұйықталған сынық сызықтар жүйесін құру. Полигонометрияда барлық сызықтарды және екі көршілес сызықпен жасалынған горизонталь бұрыштарды өлшейді (3.4-сурет). Полигонометрияның теодолиттік жүрістен айырмашылығы
горизонтальді бұрыштар және жақтар ұзындығы жоғары дәлдікпен анықталуында.
-сурет - Полигонометрия
-сурет - Спутниктік триангуляция
Полигонометриялық жүрістің координаталарын бастапқы мәліметтерге (координаталар және дирекциондық бұрыштар) қатысты есептелген дирекциондық бұрыш және өлшенген сызықтардың ұзындығы негізінде анықтайды.
Геодезиялық торды бағдарлаудың тексерісі мақсатымен Лаплас пункттарын анықтайды. Осы пункттарда астрономиялық бақылаулар нәтижелері бойынша ендікті, бойлықты және астрономиялық азимутты анықтайды, содан соң Лаплас түзетуін есепке алып геодезиялық азимутты есептейді.
Лаплас пункттары болып триангуляцияның базистік жақтарының пункттары немесе бөлек полигонометриялық жүрістердің соңғы пунктары табылады.
Геодезиялық тор пункттарының координаталары Жердің жасанды серіктерін (ЖЖС) бақылау арқылы анықталуы мүмкін.
-сурет -Нивелирлеудің геометриялық принципі
ЖЖС қолдану геодезияда екі түрлі бағытпен дамиды. Олардың біріншісі– геометриялық, мұнда ЖЖС, Жерден жоғары орналасқан, алыстатылған визирлік нысана ретінде қолданылады (3.6-сурет). Бұл жағдайда, (А,В,С) геодезиялық тірек пункттарынан оған дейінгі қашықтықты өлшей отырып, кеңістікте серіктің орнын (S1,S2,S3) анықтайды. Дәл осы кезде анықталатын (Р) пункттан ЖЖС дейінгі қашықтықтарды өлшеп, аналитикалық түрде оның координаталарын алуға болады. Осылайша –бақылау кезінде ЖЖС орналу жерлерінде–төбелері Жерде және кеңістікте бола алатын, кеңістіктік үшбұрыштар жүйесі құрылуы мүмкін. Белгілі (АВ,ВС,СА) базистерді біле отырып, барлық кеңістіктік үшбұрыштарды шешуге, төбелері арасындағы қашықтықты есептеуге, содан кейін олардың координаталарын анықтауға болады. Бұл әдіс синхронды бақылау әдісі деп аталады. Онымен, бірнеше километрге дейін жететін, үлкен қашықтықтарды анықтауға болады. Әдіс, әр түрлі континенттерде құрылған геодезиялық торларды, біртұтас координатты жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.
ЖЖС қолданудың екінші бағыты геодезияда динамикалық есепті шешуге негізделген. ЖЖС қозғалу теориясы негізінде серіктің орбитадағы орнын және оның кеңістіктегі координаталарын анықтауға болады. Мұндай тәсілді көбіне орбитальды деп атайды. Бұл тәсіл кеңістіктік ғарыштық триангуляция құру үшін қолданылу мүмкін.
Геодезиялық тордың биіктіктерін, екі принципті–геометриялық және физикалық– қолдануға негізделген, нивелирлеу арқылы анықтайды.
Нивелирлеудің геометриялық принципі горизонтальді (геометриялық нивелирлеу) немесе еңісті (тригонометриялық нивелирлеу) сәулені қолдануға негізделген.
Геометриялық нивелирлеуде (3.6-сурет) А және В нүктелерінің абсолютты НА, НВ биіктіктерінің айырмасы һ=НВ-НА, горизонтальды сәуледен Жердің физикалық бетінің нүктелеріне дейінгі қашықтықтардың айырмасына тең
Һ=а-b. (3.9)
Егер триангуляцияның немесе полигонометрияның геодезиялық пункттарында еңіс бұрыштары (АВ геодезиялық пункттарын қосатын түзу сызық және АА1горизонтальді сызық арасын қосатын сызықтар арасындағы
бұрыш) өлшенген болса, онда пункттар арасындағы d аралығын біле отыра, тригонометрия формулаларымен биіктіктер айырмасын һ=НВ-НА алады.
h dtg. (3.10)
Екі жағдайда да В пунктының абсолютты биіктігін келесі формула бойынша анықтайды:
HB H A h . (3.11)
Нивелирлеудің физикалық әдістері, әр түрлі физикалық көріністерде болатын, Жердің биіктігінің және сыртқы гравитациялық өрістерінің өзгерістері арасындағы байланысқа негізделген. Физикалық әдістерге жататындар: барометрлік, гидростатикалық механикалық нивелирлеу және геометриялық әдіс сияқты абсолютты биіктіктерді көршілес пункттардың биіктіктерінің айырмашылығынан анықталатын басқа да тәсілдер.
Өлшеулер нәтижесін математикалық өңдеу геодезиялық торды құрудың қорытынды бөлімі болып табылады.
Алдын-ала есептеулерге далалық материалдарды тексеру, өлшенген бағыттарды пункттар центріне келтіру және бағыттарды Гаусс проекциясында жазықтыққа редуцивтеу жатады.
Теңдестіру есептерінің мақсаттары геометриялық шарттардың қиылыспаушылықтарын анықтау және геодезиялық тор элементтерінің жақын болатын мәндерін анықтау.
Геодезиялық торды құрудың дәлдігін бағалау мақсаттарға байланысты күрделі және жеңілдетілген тәсілдермен жасалуы мүмкін. Күрделі тәсілдер әр түрлі геодезиялық торларды теңестіру кезінде қолданылады. Дәлдікті бағалаудың жеңілдетілген тәсілдері торларды жобалаған кезде кең қолданыс табады.
Соңғы есптеулерге каталогтарды құруға қажетті, берілгендерді алу және тексеру жатады. Жұмыстар каталогтарды құрумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |