Лабораториялық жұмыс №20. Жарықтың толқын ұзындығын өлшеу. Құрал – жабдықтар



Дата01.05.2020
өлшемі287,63 Kb.
#65272
Байланысты:
Лабораторялық жұмыс №20


Лабораториялық жұмыс №20. Жарықтың толқын ұзындығын өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап, дщифракциялық тор, жарық көзі.



Жұмыстың теориясы. Жарықтың дефракциясы дефракциялық тордың көмегімен жақсы бақыланады. Дифракциялық тордың формуласы

Бойынша түрліше ұзындықтағы толқындар үшін максимумдар түрліше бұрыштармен бақыланады. бұрышы аз және тор мен экранның а қашықтықтығы саңылаудан толқынның максимумы болатын b қашықтықтан көп үлкен болатындықтан,



деп алуға болады. 1 және 2 формулалардан



Жұмыс барысы



  1. Дифракциялық тордың 1 аспаптың рамкасына 2 қойып, оны көтергіш үстелдің қысқышына бекітіңдер.

  2. Жылжымалы экранды 5 дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.

  3. Дифравкциялық тор 1 арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектр көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп бұрып қойыңдар.

  4. Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орның да байқаңдар.

  5. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.




Спектрдің реттілігі

Тордың периоды, d (м)

Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашықтық, а

Спектрдің түсі мен шекаралары, м

Толқын ұзындығы, м

Қызыл

Жасыл

Күлгін

Қызыл

Жасыл

Күлгін




























  1. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар.

  2. Есептеу формуласы бойынша қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығын анықтаңдар.

  3. Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін табыңдар.

  4. Өлшеу қателігін бағалаңдар.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Толқын майданын Френель зоналарына қалай бөлуге болады?

2. Тар саңылаудағы дифракция құбылысын түсіндіріңіз.

3. Тар саңылаудағы дифракцияның максимум және минимум шарты.



4. Тордағы дифракцияның максимум және минимум шарттары қандай?

5. Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау тәсілін түсіндіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет