Жалпы сипаты



Дата26.02.2020
өлшемі4,43 Mb.
#59076
Байланысты:
Сан есім туралы

Жалпы сипаты

  • Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

 Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады.

  •  Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Морфологиялық сипаттары

  • Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
  • Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Туынды сан есімдер

  • Туынды сан есімдер
  • Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жас.
  • Дара сан есімдер
  • алады. Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60)
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Синтаксистік қызметі

  • Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары

  • Есептік сан есімдер
  • Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.
  • Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).
  • Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Реттік сан есімдер

  • Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)
  • Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Жинақтық сан есімдер

  • Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқырбесеу (І. Жансүгіров)
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Топтық сан есімдер

  • Топтық сан есімдер
  • Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)
  • Болжалдық сан есімдер
  • Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілудеБазаралының қасында бес-алты кісі қалған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Назарларыңызға рақмет!!!

  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет