1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі.
Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.
3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар.
Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?
4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.
5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің
түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі.
6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір,
әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше,
бірдеме,кейбір, әрқалай.
7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді.
Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім,
ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
IV Жаңа тақырыпты пысықтау.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. ... ата- анаңызбен тұрасыз ба? Мұрат ... әңгімені айтты. Ауа райы ... тамаша! Әр халықтың ... ұлттық тағамы бар. ... үйде жақын досым тұрады. Университеттің ... корпусы бар. Отанын қорғау – ... азаматтың борышы. ... өтірік айтпа. Мына хат ... келген?
Есімдіктер: сіз, қандай, өзінің, бұл, бірнеше, әрбір, ешқашан,кімнен, бізге
ІV.Сабақты бекіту: Тест жұмысы 1.Есімдік қалай қолданылады? А) сұрақтарға жауап беру арқылы В) қолданылмайды С) есім сөздердің орнына қолданылады
Д) етістік сөздерінің орнына қолданылады Е) мұндай сөз табы жоқ
2. Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз:
А) ендеше, соңдықтан В) туралы, үшін С) оның, сіздер Д) Және, әрі Е) да, де, та, те
3. «Мен» жіктеу есімдігінің барыс септігінде түрленіп тұрғанын көрсетіңіз:
А) менің В) менде С) менімен D) маған Е) мені
4. Өздік есімдігін табыңыз:
А) бәрі, барлығы В) біреу, әркім С) мен, сен D) мынау, анау Е) өзіміз, өзге
5. «Біреу, әркім, әлдекім» сөздері қандай есімдікке жатады?
А) жалпылау В) болымсыздық С) белгісіздік Д) өздік Е) сұрау
6.«Ешқашан» сөзінің орыс тіліндегі баламасын көрсетіңіз:
А) нет В) никуда С) никогда Д) нельзя Е) ничего
7. Орыс тіліндегі « весь, все, всякий» сөздері қандай есімдікке жатады?
А) жалпылау В) белгісіздік С) болымсыздық Д) өздік Е) жіктеу
8. «Қазақ тілін білу- өзіміз үшін керек», - деген сөйлемнің есімдігі қайсы:
А) үшін В) өзіміз С) білу Д) қазақ тілін Е) керек
9. Қай сөйлем сілтеу есімдігінен құралған:
А) Менің кітабым таза. В) Кітап -білім бұлағы. С) Кітап не үшін керек?
Д) Бұл кітапты мен оқимын! Е) Қазақ тілі кітабын таза ұста!
10.Жалпылау есімдікті көрсетіңіз.
A) Сен. B) Өзінің. C) Анау. D) Бәрі. E) Ешкім.