Есімдіктер (ағл.: Pronouns)



Дата17.03.2020
өлшемі25.78 Kb.
Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады. Мысалы:

Асан сыныптағыларды жақсы танымайды. Өйткені ол сыныпқа жаңадан келді.

Жоғарыдағы мысалда екінші сөйлемдегі “ол” деген есім сөз (жіктеу есімдігі) алғашқы сөйлемдегі “Асан” сөзін алмастырып отыр. Мысалдар арқылы есімдіктер қазақшасында түсінікті болар. Енді ағылшынша мысал келтірейін. For example:

John studies at Alash National University. He is one of the best students — Джон Алаш Ұлттық Университетінде оқиды. Ол — үздік студенттердің бірі.

Ағылшын тілінде есімдіктердің төмендегіше көптеген топтары мен түрлері бар:

жіктеу есімдігі (Personal Prn.) — I (мен), you (сен, сіз), he (ол — муж. род), she (ол — жен. род), it (ол — сред. род), we (біз), they (олар);

тәуелдеу есімдігі (Possessive Prn.) — my (менің), your (сенің, сіздің, сіздердің), his (оның), her (оның), its (оның), our (біздің), their (олардың);

сілтеу есімдігі (Demonstrative Prn.) — this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар);

сұрау есімдігі (Interrogative Prn.) — who немесе whom (кім немсе кімге), what (не), whose (кімнің), which (қайсы);

белгісіздік есімдігі (Indefinite Prn) — some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кей біреу);

қатыстық есімдігі (Relative Prn.) — who (те, кто немесе тот, кто (который)) немесе whom (которого не-се кого), what, which (который), whose (чья, чей), that (что не-се то, что);

Ескерту! Қатыстық есімдіктердің қазақ тілінде тікелей аудармасы жоқ. Қатыстық есімдіктер мен сұрау есімдіктерінің жазылулары бірдей болғанымен, мағыналық айырмашылығы жер мен көктей. Шатастырып алмаңыздар. Екеуіне екі бөлек тоқталатын боламыз алда. Бұл тақырыпқа толығырақ толталғанша бастарыңыз қатпасын деп, қазір тек бір мысал келтіре кетейін. Мыс: The man who was here is our boss — Осында болған кісі — біздің бастығымыз. Ал орысшасы: Человек, который был здесь, наш шеф.

өздік есімдігі (Reflexive Prn.) — myself (өзім), yourself (өзің), himself (өзі), herself (өзі), itself (өзі), oneself (өзі — белгісіз біреу), ourselves (өзіміз), yourselves (өздерің, өздеріңіз), themselves (өздері);

ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal Prn.) — each other (бір-бірін — адамдар мен заттарға қатысты), one another (бір-бірін — екі немесе одан көп адамдарға және заттарға қатысты);

болымсыздық есімдігі (Negative Prn.) — no (… емес), none=no one (ешкім), neither (ешкім, ешбірі), nobody (ешкім), nothing (ештеңе), no one (ешкім).

Сұраулы сөйлем түрлері:

Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:



Yes/no questions (closed questions) немесе General questions

WH questions немесе Special questions

Tag questions немесе Disjunctive questions

Alternative questions

Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, “иә” немесе “жоқ” деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы:

Are you from Russia? — No. (No, I am not)

Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)

Есте сақтаңыз! Жақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.

Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, “yes” немесе “no” жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.

WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше. Мысалы:

What is your name? — My name is Assan.

Where do you live? — I live in Taraz.

How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.



Tag questions (ілмекті сұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to be етістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:

You are smart, aren’t you? — Сен ақылдысың, солай емес пе?

She comes tomorrow, doesn’t she? — Ол ертең келеді, солай емес пе?

Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.

They aren’t students, are they? — Олар студент емес, солай емес пе (солай ғой)?

Yes, they aren’t — Иә, солай (олар студент емес).

We don’t play today, do we? — Біз бүгін ойнамаймыз, солай емес пе?

No. We play — Жоқ, олай емес.Ойнаймыз.



Есте сақтаңыз!

I am a teacher, am I not? деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы: I am a teacher, aren’t I? болады. Егер ақылға салып, салыстырмалы түрде қарасаңыз, алғашқысы дұрыс болуы керек. Алайда, ағылшын тілі грамматикасының ережесіне сай келетіні тек екіншісі. Егер алғашқы нұсқасының қолданылуын кездестірсеңіз, таңа қалмаңыз. Ауызекі тілде ондай жағдайлар қалыптасып қалған. Ол жерде ол нұсқаны қате дей алмайсыз.



Alternative questions (Баламалы сұрақтар) кемінде екі немесе одан да көп жауаптарды ұсынады, яғни, көп жауаптың ішінен біреуін ғана таңдайсыз немесе біреуі ғана дұрыс болады. Бірақ бұл қатып қалған ережесі емес. Бірнеше баламалы жауаптар ерекше интонациямен айтылады.

Мысалы: Would you like tea, coffee or milk? — Шай, кофе немесе сүт қалайсыз ба?

Coffee — Кофе. Қысқаша жауап, бірақ нақты.

Will you come today or tomorrow? — Сіз бүгін келесіз бе, ертең келесіз бе?

I will come tomorrow — Мен ертең келемін. Толығырақ жауап, нақты жауап.

Article – артикль
Indefinite article (белгісіз артикль) – a, an

Definite article (белгілі артикль) – the

Zero article (артикльдің қолданылмауы)
Артикльдер дегеніміз не және олар не үшін қажет?

Article (артикль) – сөз табызат есімдердің алдында қолданылады және оны анықтап тұрады:

a table / the pen


Артикль белгілі бір зат есіммен байланысты, егер зат есімнің алдында анықтауыш болса, онда артикль олардың алдында тұрады:

анықтауыш + зат есім:

a new house / a big apple
Indefinite article (белгісіз артикль) – a, an

Бұл артикль one (бір, біреу) сан есімінен шыққан.

Қолданылуы: зат есімнің жекеше түрінде: Take a pen, not two pens.
көп заттың ішінде біреуі аталса: I am a student.
a – дауыссыз дыбыстардың алдында қолданылады:

a table


a dictionary

a teacher

a big apple

Take a map. – Бір картаны алыңыз.


an – дауысты дыбыстардың алдында қолданылады

an apple


an orange

an hour


an yellow pencil

I am reading an interesting book. – Мен қызықты кітап оқып отырмын.


Мамандықтардың алдында белгісіз артикль қолданылатынын есте сақтау керек:

A am a teacher. – Мен мұғаліммін.

He is a translator. – Ол аудармашы.
Егер мамандық көпше түрде болса артикль қолданылмайды.

We are teachers. – Біз мұғалімдерміз.


Definite article (белгілі артикль) – the

Белгілі артикль бұл деген сөзден шыққан.

Демек көптеген заттардың ішінен біреуі туралы айтатын болсақ ол зат есімді белгілі артикльмен айтамыз.

Белгілі және белгісіз артикльдердің мағыналарын салыстырып көрелік:

Take a pen. – Қалам алыңыз (кез-келген).

Take the pen. – Мына қаламды алыңыз.

Ал енді белгілі артикльді қолдану жағдайлары мен ережелерін қарастырайық.

the белгілі артиклі қолданылуы:


Жекеше, көпше түрдегі зат есімдердің алдында:

The book that I am reading is on the table. – Мен оқып отырған кітап столдың үстінде.

The books that I am reading are on the table. – Мен оқып отырған кітаптар столдың үстінде.

Текстегі зат есім бір рет аталғаннан кейін қайталанса:

The Smiths have bought a new house. The house is very high. –

Смиттер жаңа үй сатып алды. Ол үй өте биік.


Жалқы есімдердің алдында артикль қолданылмайды.

Бірақ, егер фамилия ретінде семья аталса:


The Smiths have bought a new house. – Смиттер отбасы жаңа үй сатып алды.
Жалғыз атауларда:

the Sun – күн

the Moon – ай

the Earth – жер

The sun was shining. – Күн сәулесін шашып тұрды.
Мұхиттар мен теңіздерөзендер мен көлдертаулар мен шөл далалараралдар атауларында:

the Amazon River – Амазонка

the Pacific Ocean – Тынық мұхиты

the Pamir – Памир

the Bahamas – Багам аралдары

They went to the Alps every summer. – Олар Альпыға жылда жазда барды.


Мемлекеттер атауларында әкімшілік термин аталса:

the United States of America / the People’s Republic of China / the United Kingdom



Кейбір елдердіңқалалардың алдында:

the Netherlands – Нидерланды

the Congo – Конго / the Hague – Гаага

Маңызды!

Кейде the белгілі артиклі қолданылады:

I am waiting for the Broadway bus. – Мен Бродвей автобусын күтіп тұрмын.

The Helsinki agreement was signed on September 1, 1975. – Хельсинки келсіміне 1975 жылы 1 қыркүйекте қол қойылды.

Көңіл бөліңіз.

Бұл жерде біз жоғарыда айтып өткен



анықтауыш + зат есім

жағдайын қарастырып тұрмыз.


Жалқы есімдер мұнда анықтауыш болып тұр.

the белгілі артиклі бұл жерде Broadway, Helsinki жалқы есімдерінің алдында тұр, бірақ ол bus, agreement зат есімдеріне қатысты.

Абстрактілі, ғылым мен оқу пәндерінің атаулары (history, gold, life, air, grammar) алдында артикль қолданылмайды.

Бірақегер абстрактілі зат есім белгілі санды немесе сапаны білдірсеонда белгілі артикль қолданылады:

the history of France – Франция тарихы

the grammar of the English language – Ағылшын тілі грамматикасы

The gold of this ring is very old. – Бұл жүзіктің алтыны өте ескі.



Zero article – артикльдің қолданылмауы

Зат есімдердің артикльсіз қолданылатын жағдайлары болады.

Зат есімдер артикльсіз қолданылады:
Жалқы есімдер

(есімдер, континенттер атауы, елдер, қалалар, көшелер, жыл мезгілдері, айлар, күндер т.б.):


Tom is going to buy a new car. – Том жаңа автомобиль сатып алғалы жүр.

Helsinki is the capital of Finland. – Хельсинки – Финляндияның астанасы.

London is an old city. – Лондон – ескі қала.

Broadway is famous for its theaters. – Бродвей өзінің театрларымен әйгілі.

I was there in spring (in December, on Monday). – Мен онда көктемде болдым. (желтоқсанда, дүйсенбіде).
Дәрежемен атағанда:

Doctor White – доктор Уайт / Professor Black – профессор Блэк



Абстрактілі және зат атаулы зат есімдері жалпы мағынада:

gold /hope/ music

Gold is a precious metal. – Алтын – қымбат металл.

There is always hope. – Үміт әрқашан бар.

I like music very much. – Мен музыканы өте ұнатамын.
Зат есімнің алдында тәуелдік септігіндегі жалқы есім:

John’s house – Джонның үйі / I met Nancy’s sister. – Мен Нэнсидің апайын кезіктірдім.



Алдында тәуелдік немесе сілтеу есімдіктері бар зат есімдер:

my apartment – менің пәтерім / that teacher – ол мұғалім



no сөзі бар зат есімдер:

There is no bread on the table. – Столда нан жоқ.



They have no new teachers. – Оларда жаңа мұғалімдер жоқ.

No man can do it. – Еш адам да оны жасай алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет