Мақсаты:Білімділік: 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; Заттарды санына қарай салыстыруға үйрету,математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру. Теңестірудің жолдарын меңгерту. цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету;
Дамытушылық: бір –біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Көпшілік орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру.
Әдіс –тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ –жауап,слайд, практикалық, сурет арқылы жұмыс жасау.
Қажетті көрнекі құралдар: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, дидактикалық ойындар.
Сөздік жұмыс: үлкен, кіші, кішілеу, салыстыр.
Үш тұғырлық: үлкен-большой-big, кіші –маленки-a bit
-Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Ал келген қонақтармен амандасып алайық.
Жылулық шеңбері:
Балабақшам, армысың
Сені қатты сүйемін.
Достарым аман бармысың
Сендерді қатты сүйемін.
Үлкендерге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адмға құрметпен бас иеміз біз.
Балалар қонақтармен амандасды 3 тілде.
Қимыл-қозғалыс арқылы жылулық шеңберді айтады.
Ұйымдстырушылық- ізденістік
Сұрақ – жауап:
-Жыл мезгілін атаңдаршы?
-Төрт түлікке нелер жатады?
-4 санын тақтаға жазып көрсету.
-Санды ауаға жазамыз.
-Сандарды тура және кері санайық.
«Қандай сан жоқ» көрінісі.
Жазық далада бір кіші үйшік тұрады. Сол жазық бойымен 1 саны келе жатып үйшікті көреді де есікті қағады?
1 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
Ешкім дыбыс бермеген соң 1 саны ішке кіреді. Осында мен тұрайыншы,- деп отырады.
2 саны жазық далада тұрған үйшікті көріп жақын келіп есікті қағады.
2 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: - Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін. Бір дегенім бала, санды дұрыс сана, сенің қанша атаң бар, сенің қанша апаң бар.
Ал сен кімсің?
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған. Екі дегенім ешкі, таудан келер кешкі, лағы оның қанша, ізде келмей қалса. Мен сенімен бірге тұрайыншы? 2 саны үйге кіріп тұра бастайды.
3 саны келе жатып жазық далада тұрған үйшікке келіп есікті қағады.
3 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін.
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған.
Екеуі бірге: - Ал сен кімсің?
3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен 3 дегенім үйім, үйде жақсы күйің, бақшадан да қалма, тап - таза болып киін. Мен сендермен бірге тұрайыншы?
3 саны үйге кіріп сандармен бірге тұра бастайды.
Д/О: «Қандай сан жоқ?»
Жазық дала бойымен тағы 1 сан келе жатыпты. Үйшікті көріп есікті қағады.
- Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін.
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған.
3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен.
Үшеуі бірге: - Ал сен кімсің?
4 саны: Мен 4 санымын. 4 дегенім түлік, жүргін мұны біліп, жылқы, сиыр, түйе, қой, сана мұны біліп қой. Мен сендермен бірге тұрайыншы.?
4 саны үйге кіріп тұра бастайды.
Өткен тақырыпты пысықтау:
-Сандар туралы кім тақпақ біледі?
-Бүгін 4 саны және цифрымен танысамыз.4 саны сандық қатарда 3 санынан кейін тұрады.4 санына байланысты4 түлік, 4жыл мезгілі, шаршының 4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі т.б бар екен.
Тура және кері санау.
4 саны байланысты тақпақ айту.
Достар мені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Қуанар кейде анасы,
Төрт алғанда баласы.
Ғажайып сәт: (Мақта қыз бен мысық)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, Сәлеметсіздер ме қонақтар. Мен өзімнің жақсы көретін тағамымды іздеп келдім.
1. Сиырдың тапсырмасы.
Дидактикалық ойын: «Заттың санын санмен сәйкестендіру»
(Суреттегі заттың санына сәйкес үлестірмелі сандарды көрсетеді.)
-Өткен оқу қызметінде қандай сандармен таныстық. Оларды тура және кері санайық.