Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады.
«Блиц-кездесу» әдісі
Жаңа тақырып тақтада слайдтар арқылы көрсетіледі. Бірінші оқушы тақтаға қарайды, екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап тұрады. Тақтаға қарап тұрған оқушы отыз секунд ішінде өзінің көршісіне тақтадағы ақпаратты түсіндіруі тиіс. Орындарын ауыстырып, осы әрекеттерді қайталайды.
Бағалау: ауызша, мақтау, ынталандыру.
Жұптық жұмыс:
№1 тапсырма: Термин мен анықтаманы сәйкестендір.
№2 тапсырма: Виртуалдық мәшиненің көмегімен орындауға болатын іс-әрекеттерді тізімнен
белгіле.
Компьютерді вирустарға тексеру.
Программалық қамтамасыз етуді реттеу.
Ойын ойнау.
Зиянды программалық қамтамасыз етудің қызметін үйрену.
Жеке пайдаланушылар арасында ресурстарды бөлу.
Қатқыл дискілерді бөлімдерге бөлу.
Бір компьютерде бірнеше пайдаланушыны құру мүмкіндігі.
Білу және түсіну
1. «Виртуалды мәшинелер» терминіне анықтама бер.
2. Виртуалды мәшинелер неге арналған?
3. Виртуалдау және гипервизор өзара қалай байланысты?
Қолдану
Таратпа
материалдар - 1
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейі. Сызбаны толықтыр.
Сызба оқулықта берілген.
В деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, виртуалды мәшинелер жасауға арналған,
сұранысқа ие программалардың рейтингін жаса.
С деңгейі. «Виртуалды мәшинелердің арналымы» тақырыбында таныстырылым дайында.
Таныстырылымда мына ұғымдарға анықтама бер:
а) виртуалды операциялық жүйе, виртуалдау, гипервизор;
ә) бөлу, оқшаулау, инкапсуляция
Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар
1. Виртуалды мәшинелер қолданылған жағдайда қандай мәселелерді шешуге болады?
2. Виртуалдауды өнеркәсіпте қолданудың қандай артықшылықтары бар?
3. Гипервизордың монолитті сәулеті мен микроядролы сәулетінің айырмашылығы қандай?
4. Виртуалдау процесі үй мақсаттарында да, өнеркәсіптік мақсаттарда да неліктен
сұранысқа ие болып отыр?
Топтық жұмыс
Топта «Виртуалды мәшинелерді қолдану» атты 6-суретке түсінік беріңдер, талқылаңдар.
Виртуалды мәшинелерді қолдану бағытына қандай ұсыныс бере аласыңдар?
|