«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Биосфераның шекарасын анықтаңыз, тірі ағзалар таралған қабықтарды атап, олардың таралу шекарасын, өзіне тән ерекшелігін жазыңыз
Биосфера
[2] Мына табиғат компоненттерінің қосылыстары қандай табиғи-аумақтық кешенді қалыптастырады?
а)
b)
[2]
3.Сәйкестендір
а) Үндіеуропалық тіл семьясындағы топтар мен халықтарын сәйкестендір
Герман
А) италиялықтар
Славян
В) ағылшындар
Роман
С) латыштар
Балтық
D) беларустар
[1]
b) Орналасуына байланысты аралда орналасқан халықтың тіліне мысал келтір
(оқшау тіл) ________________________________
[1] 4.Топырақ түрлеріне сипаттама бер
[2]
5.Сипаттамасына қарап анықта
Бұл топырақ белдемі Қазақстанның 52-53° солтүстік ендіктеріне дейінгі жерлерді алып жатыр. Бұл топырақ түрі Қазақстан аумағының 9,5% ға жуық аумағын алып жатыр.
а)Топырақ түрін анықтаңыз______________________
b)Кескін картаға осы топырақ түрі алып жатқан аймақты түсіріңіз
[2]
6. Алтай тауы табиғат кешенін жоспар бойынша сипаттаңыз
Климаты
Өзендері, көлдері
Өсімдігі
Жануарлары
[4] 7 .Суретті мұқият қара. 500000 адам тұратын қаланың қоқысы 8-10 км жердің топырағын, табиғатын ластайды.
а)Топырақтың мұндай ластануы не деп аталады? _____________________________
8. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 130-дан астам ұлт өкілдері мен 40-тан астам дінді уағыздайтын діни бірлестіктердің отаны болып отыр.
а) Ұлтаралық және дінаралық келісім не үшін қажет______________________________
b)Қазақстанда саны жағынан көп ұлт өкілдері____________________________________
с)Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану себебі_____________________________
d)Қазақстанда көпшілігі ұстанатын басым 2 негізгі дін_____________________________
e)Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің жүзеге асырылуына ықпал етуші қандай ұйымдарды білесің______________________________________________________