Бухгалтерлік шоттар – кәсіпорын мүлкінің және олардың құрылу көздерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ағымда есепке алу үшін арналған шоттар.Өзгерістер екі түрлі болады: көбею және азаю. Сондықтан шоттар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің құрамындағы көбеюі және азаюы жеке есепке алуға болатындай етіп құралған.Шоттың сол жағы «дебет», ал оң жағы «кредит» деп аталады. Олар латын сөздерінен шыққан «debet» - берешек, «kredit» - сену деген сөздерінен шыққан.
Активтік шоттарға баланстың активінде көрсетілетін баптары жатады, олар әр түрлі құндылықтардың көбеюін немесе азаюын көрсетеді және шаруашылық құралдарының құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған.

Пассивтік шоттарға баланстың пассивінде көрсетілетін қаржыландыру қорларын есептеуге арналған баптар жатады. Пассивтік шоттар шаруашылық құралдарының құрылу көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.

Шоттардың типтік жоспары
1- қысқа мерзімді активтер• 2- ұзақ мерзімді активтер• 3-қысқа мерзімді міндеттемелер
4- ұзақ мерзімді міндеттемелер • 5- капитал мен резервтер• 6- кірістер
7- шығыстар• 8 өндірістік есеп шоттары
Екіжақты жазу әдісі
Екіжақты жазу - шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекеті екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.• Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты ұғымдары тығыз байланысты.
Шоттар корреспонденциясы – бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыстылық, мысалы «Кассадағы ақшалар» және «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», немесе «Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу» және «Кассадағы ақшалар», немесе «Шикізат пен материалдар» мен ««Алынуға тиісті шоттар»» және т.б.

Қорытынды
Шоттардың көмегімен есептің бір текті объектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, кейіннен, оның өзгеруі тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құралдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындыларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.