Негізгі геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық жүйе


Бірінші кластың триангуляциясы



бет3/10
Дата15.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#153169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Негізгі геодезиялық жұмыстар

Бірінші кластың триангуляциясы


Мемлекеттік триангуляция жүйелерін 1, 2, 3, 4 кластарға бөледі.
1 класс – астрономды геодезиялық, Жердің өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты ғылыми мәселелерді шешуге арналған. Сонымен қатар 1 кластың триангуляция жүйелері төменгі класты триангуляциондық жүйелерді дамыту үшін негізгі болып табылады.
1 кластың триангуляциясының үлкен аймақтарында меридиандар мен параллельдер бағытында орналасқан және бір бірінен 200 км артық емес қашықтыққа алыстаған үшбұрыштар тізбегі ретінде жасалады. Триангуляция тізбектері өзара қиылысып периметрі 800 км артық емес полигондарды түзеді. Үшбұрыштардың қабырғалары пішіні бойынша теңқабырғалыларға жақын болуы керек. Түйіннің ұштарында А,В,С,D нүктелерінде базистік қабырғалар беріледі (қабырғаның ұзындығын өлшейді). Базисті қабырғалардың пункттері
(Лаплас пункттері) ендіктің, бойлықтың және азимуттың астрономиялық анықтаулары жүргізіледі. Әр үшбұрышта жоғары дәлдікті аспаптық өлшеулер жүргізіледі. Одан кейін астрономиялық координаталардан геодезиялық және тікбұрыштыларға өтеді. Көлденең бұрыштарды өлшегеннен кейін 1 класс триангуляциясында гравиметриялық түсірілімді жүргіземіз.


    1. Екінші және төменгі кластардың жүйелерін дамыту


Бұл жұмыс 1 кластық жүйенің әр полигонында орындалады. 2 кластың триангуляциясы 1 класс полигонының толық ауданын толтыратын және контур бойында бірінші кластың тірек пункттерімен сенімді байланысқан үшбұрыштардың тұтас жүйесі ретінде дамиды. Екінші кластық жүйесінің ортасында бір EF базистік қабырғасы беріледі, онда астрономиялық координаттардың анықталуы жүргізіледі. 2 кластың триангуляциясының үшбұрыштарының қабырғалары 7 ден 20 км дейін болуы мүмкін. 2 кластық триангуляциясында барлық бұрыштарды өлшейді және 1 класс триангуляциясына сәйкес теңестіреді. 3 және 4 класс триангуляцияларының тірек пункттері жоғары кластар тірек пункттерімен байланысты анықталады, негізгі пункттерді немесе жеке пункттерді салу. 3 класс триангуляциясын өзара жеке 1 және 2 класты кірістірмей теңгереді. 4 класс триангуляциясын жоғары класс үшбұрышына тура немесе кері таңбамен тіректіі қосумен салады.



    1. -кесте - Триангуляция жүйелерінің шарттары



      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет