1 қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен


Автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#64520
1   2   3
Автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып 
табылады.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЬЪЕКТІЛЕРІ
Фотосурет туындылары
Драмалық және музыкалық-драмалық туындылар
Карталар, жоспарлар
Хореография және пантомимо туындылары
Аудио-бейне туындылары
Кескіндеме, мүсін, графика туындылары
ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар
Мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар
Сәулет, қала құрылысы
Әдеби туындылар
Авторлық құқықты қорғау белгiсi:
Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.
Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар
  • ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
  • мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
  • халық шығармашылығы туындылары;

  • оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
  • Авторлық құқықтың субъектісі болып заң немесе келісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары, олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер мен басқа да тұлғалар табылады.
  • Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер жатады.

Тең авторлар
  • Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.

  • Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.
    Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
  • Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
  • Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
  • Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:

  • 1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
    2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
    3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).
    Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
    Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
    4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).
    2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
    3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
  • Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн 70 жыл бойы күшiн сақтайды.
  • Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.
  • Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн 70 жыл бойы күшiн сақтайды.
  • Автор қайтыс болғаннан кейiн 30 жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет