4. Христиандық сана-орта ғасыр менталитетінің негізі.
Христиандіні (гр. Χριστός, Khristos,cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылш. 'anointed', орыс. помазанный', қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан дінін ұстанады. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
Інжілдер. (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
Апостолдардың арнаулы хаттары;
Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
Ақыр заман туралы өсиет.
Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы IV-VI-ғғ. қалыптаса бастады. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330- 390), Григорий Нисский (335 - 394), Василий Кессарийский (330- 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде IX-XI ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16-ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан. Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу – Көне және Жаңа өсиеттерге негізделген.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі - мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай-әке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос - әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады, деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285-337 жж.) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні - деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты.
Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка). Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа еуропа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.
Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады. Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады. Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым».
ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді.XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038ж) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167ж), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209ж) - ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі - белгілі университет ғалымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214-1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегішіркеубеделінекүмәнкелтірді. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160ж). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. Орта ғасырлық университеттік ғылымды - схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық - логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дәлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады, онда Византия коғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дөл ғылымдармен қатар алхимия, астрономия, магия, және тағы да басқа ғылым салалары да өз өрісін кеңейте бастады.
Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатьш субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат — адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді жене қиялға жақын болғанымен алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі — ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон «патша арағында» еріген алтын өмірдің шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын — саксондық қаһармандық эпостардың бірі 700 жылдары шамасында жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын «Старшая Эдца» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғасыр бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра-француздардың халықтық ерлік эпосы — «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған өскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. XII-XIII ғасырларда неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда V ғасырдағы Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары уақиғаның негізгі арқауы болған.
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай маңындағы) поэзия» француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары Бертран де Борн (1140-1215), Джауфре Рюдель (1140-1170) және тағы да басқаларыболды. XII-XIII ғасырда француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды. Ваганттар деп (латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі - вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық ісөрекетін өділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі болып саналады. XIII-ғасырда ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі - Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады. Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, соннеттер басым болып келеді. XII ғасыр ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатгы дәріптейтін соны бағыт «жаңа әдемілік стиль» пайда болды. Бұл стильдің негізін салушы - болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230-1276) болды. XIII ғасыр аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық коре бастады. Солардың тырнақалдысы - новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды. Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері Чекко Анджольерн, Гвидо Орланди (XII ғасыр аяғы) және тағы да басқалары. Олардың шыгармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты. Францияда қала мәдениеті XI-XII ғасырларда туындады. Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы - қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғасырдан бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы бұл қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылды. Онда қала халқының тұрмыс-тіршілігін жан-жақты қамтылды.
Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды XIII ғасырдан бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі «моролитенің» пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері: Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы қасиеттерді шыңдық тұрғысынан бейнелей білді.
Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда шіркеулік емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Осындай қала мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. XII ғасырда шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Францияның ең беделді магастрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың келелі мәселелерін қамтыған «Иә және жоқ» атгы шығармасы өз заманының тамаша туындыларының бірі болды. Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай болатын себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени дөстүрлерге ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим мәдениетін жалғастырушы мирасқорлар болды. «Екінші Рим» аталған Константинополь қаласында алып құрылыстар қанат жайды. Солардың бірі өз заманындағы тендесі жоқ ғимарат «София» ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары түрлі-түсті мозаикалармен безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 жылы Византияны түріктердің жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті өзінің өміршендігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және тағы да басқа мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті. Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз бойына сіңіре білді.
Достарыңызбен бөлісу: |