3. Орта ғасырдағы Батыс Европа мәдениеті. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениетінің қайнар бұлағы - «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Орта ғасыр дәуірі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1. Басталуы орта ғасырдағы кезең дәуір басынан басталып, X-XIғасырға дейін.
2. Жоғарғы (классикалық) кезең ХІ-ХIVғасырлар.
3. Кейінгі орта ғасыр кезеңі ХІV-XVғасыр аралығында қамтиды.
Бірініші кезеңде: Орта ғасыр мәдениетінің басты ерекшелігі-мәдениеттің діннің ықпалында болуы болды. Яғни христиан діні және христиан шіркеулері қоғамда ерекше роль атқаруда болды. Бұл кезеңде «Роман стильі» қалыптаса бастады. Роман стильі денеімізді сөзбе-сөз аударғанда, «Рим мәдениетінің мирасқоры» деген мағынаны береді. ХІ-ХІІІ-ғасырда Роман стильі сәулет өнерінде, мүсін өнерінде, ірі собарлар құрылысында кең етек жайды. Бұл кезеңде діни шіркеулер салуға ерекше бет-бұрыс кезені болды. Әсем шіркеулер салуда ою-өрнекпен ғимараттарды түрлендіруді қолға алынды. Орта ғасыр шіркеулері тасты күмбездерден салды. Батыс Еуропаның орта ғасырдағы өнер тарихына Франция мемлекеті шешуші рөл атқарды. Романдық стильдің аса көрнекті үлгісі - Париждегі Нотер-дам (Құдай-ана) шіркеуі болды. Осы кезеңде кітап безендіру ісі де жоғары сапаға ие бола бастады. Көбінесе монастырьларда монахтар "Библияны", тағы басқа кітаптарды көшіріп, көркемдеді. Мұндай кітап көркемдеуді "миниатюра" деп атады.
Меровингтік дәуірде миниатюрадағы бейнелер жалпылама, жазықтық түрінде бейнеленді, ал Каролинг дәуірінде, әсіресе Ұлы Карл тұсында (742-814) бейнелеу шынайылыққа жақын, табиғи кейіпке келтірілді. Ұлы Карл тұсында франктер мемлекетінде, көбінесе римдік базилик жобасындағы тас шіркеулер тұрғызылды. Ұлы Карлдың империясы
ыдырағаннан кейін, оның орнында ұш мемлекет пайда болды. Олар: Франция, Гернмания, Италия қалалары болды. Сол кезде Каролинг өнері жаңа ғасыр өнерінің дәуіріне аяқ басты және өнердің тұрлі ағымдары пайда болды. Бұл өнер Батыс Еуропа елдерінде X-XII-ғғ. дамыды. Бұлай аталуы оның сәулетіне байланысты еді. X-XII-ғғ.сәулет ғимараттарының материалы, негізінен, тастан болды, ал төбелері крест арқалы тәсілмен тұрғызылды. Бұл әдіс орта ғасырларда романдық стильмен қолданылған. Сәулет өнерінде романдық өнердің негізгі ғимараттары - ғибадатханалар мен шіркеулер болды. Олардың кұрылысы д ерекше еді. Орта ғасырлардағы тұрғызылған алғашқы шіркеулер өте ауыр, қалың тастардан қаланды. Готика өнері алғаш Францияда жақсы дамыды, бұл өнер түрі романдық өнерден кейін келді. Готикалық әсем өнер түрі Францияда өркендеп, сонда сақталған. Кейіннен ол басқа елдерге тарады және XVI ғасырға дейін созылды. Готика өнері өзінің ерекшелігімен роман ағымынан дараланып тұрады. Сонымен қатар оның ғасырдан ғасырға өткен сайын көтерілгені, дамығаны байқалады. Мұндағы роман стилі ауыр қорғандардай монументтігімен көзге түссе, готика ағымы биік сымбатымен, аспанға ұмтылған инедей үңкір мұнараларымен таңырқатады. Роман мен готика ағымындағы ғимараттарды салыстыра қарастырсақ, ерекше қасиеттерді көруге болады. Роман ағымында салынған сәулет ғимараттарында ауыр төбені ұстап тұру үшін терезелер аз жасалынған. Ал готика стильінде терезелер өте үлкен, биік және жиі орналасқан. Кіре беріс есігінің маңдайша арқасы үшкірленіп бітетіндіктен, готика ғимараттары өте жеңіл, әдемі көрінеді. Готика соборлары үшкір, ұзыншақ болып келеді. Франциядағы ең көне және бүкіл әлемге әйгілі ғимарат - "Құдай ана" ғимараты. Ол XII ғасырда салынған. Сондай-ақ орта ғасырда Францияда шамамен 800-ге жуық собор, жүздеген игіркеу, монастырьлар болды. Соның бірі - "Әулие Михаил тауы" атты ансамбльдік ғимараты. Бұл Нормандия жерінде тұрғызылған. Франция елінде де готикалық стильде және Германияда да салтанатты соборлар жаппай салынды, соның бірі «Страсбургтегі» собор болды (1276). Флоренциядағы «Әулие Мария дель Фъоре» шіркеуі мен «Милан» соборы көзге түседі. Осы кезеңде мүсін, әр түрлі мадонналарды кескіндеу, діни ғимараттарды росписьтермен бедерлеу қолға алынды. Сол кезеңде осы өнер бағытының асқан шебері Джотто ди Бондоне (1266-1337) өмір сүрді. Ол бояулардың сан түрлі кұбылмалы реңдерімен-ақ кескіндемелік шығарманы жандандыра түсті. Ұлттық көркемділік даналықты айқын танытатын романдық өнер - Германияда да кең етек жайды. 1174-1234 жылдары салынған атақты «Вармс Соборы» болды. Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер береді. Италия еліндегі романдық стильде салынған. Флоренцияда салынған «Сан Миятьо» шіркеуі. ХІХ ғ. өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роден: «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бір қалыптылығын,тұрақтылығын паш ететін үнсіздігінен адамның мысын басып,оны шабындыра білді», деп өзінің пікірінде. ХІ-ХVI ғғ. пайда болған Еуропада «Готикалық стиль» өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемділігі мен таң қалдырды». Романдық стильдің табиғи жалғасы ретінде 3ғасыр бойы Францияда салтанат құрған «Готикалық стиль» (гот тайпалық атымен аталған) өмірге келеді. Сұсты да аймақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген сәулетщілік өнер тұтынушылары көз татарлықтай әсем де сәнді болып шықты. Осы орайда Лев Любимов: «Египеттегі пирамидалар, Афинадағы Парфеон және Константинопольдегі София соборы сияқты, Париждік Нотер-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеясы мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындай»-бейне беретіндігін атап кетеді. Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекететті. Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы» болды.
Достарыңызбен бөлісу: |