«Европа, Америка елдерінің ортағасырлар тарихы»



Дата19.09.2022
өлшемі407,5 Kb.
#149972
Байланысты:
1лек

«Европа, Америка елдерінің ортағасырлар тарихы»

  • Кіріспе. Ортағасырлар тарихының пәні, мәселелері.
  • 2020 ж.

Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі» — дәуір бастауынан басталып — X—XI ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең — XI ғасыр мен XIV ғасыр; ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» — XIV ғасыр және XV ғасыр аралықтарын қамтиды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңі — Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың («варда» — сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқьшшылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 жылы құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті баста л ып, коне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде қалыптасқан пұтқа табынушылықты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бұл процесс Рим империясы құлағаннан кейін де толастамады. Бұл жағдай — Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бетбейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.

Пән мақсаты:

  • Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері болып саналады. Олар құқықғылыммен өнерфилософияжоғары құқықтық мәдениетхристиан діні және тағы да басқалары.

Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай — бұрынғы Рим империясының территориясында «варварлардың» жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және тағы да басқа тайпаларды «тағылар» деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезеңде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен, металлургиямен шұғылданды.

Еуропа және Америка елдерінің ортағасырлар тарихы

  • Тарихи ғылымда феодализм дәуірінің басы ретінде құл иеленуші Батыс Рим империяның құлауы (V ғ.), ал аяғы ретінде Ағылшын буржуазиялық революция cаналады. Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы экономикада, әлеуметтік және саяси құрылыста маңызды өзгерістермен сипатталады. Осы өзгерістерге сай феодализм дәуірін бірнеше кезеңдерге бөледі: Ерте ортағасырлар кезінде өндірістің феодалдық түрі пайда болады;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет