1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1


Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі



Pdf көрінісі
бет109/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128
Байланысты:
2 5375107474514778464
1.1 матрицалар, мадениет, Аудит түсінігі, Словарь этнол.терм.
35.Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі. 
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті -дененің гомеостазын сақтауға, қоршаған орта 
факторларына бейімделуге және стресс кезінде өмір сүруге жауап беретін негізгі 
нейроэндокриндік жүйе. Ол гипоталамустың паравентрикулярлық ядросынан, 
гипофизден және бүйрек үсті кортексінен тұрады. Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті 
жүйесі-бұл стресске жауап ретінде белсендірілетін гормоналды реттеу желісі. Стресс 
көптеген формаларға ие болуы мүмкін, соның ішінде өмірге қауіп төндіретін аурулар, 
хирургия және қан кету, сондай-ақ депрессия немесе ас қорыту жүйесінің бұзылуы 
сияқты стресс факторларының созылмалы әсерлері. Стресстің барлық осы формалары 
гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесінің реакциясын сандық бағалауды қоса 
алғанда, қарқынды зерттеу тақырыбы болды. Физикалық жаттығулар ұзақ уақыт бойы 
тұрақты түрде жүретініне немесе болмайтынына қарамастан, гипоталамус-
гипофизарпо-бүйрек үсті жүйесінің белсенділенуіне әкелетіні анықталды. Бұл тарауда 
қысқаша қаралды негіздері реттеу гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесінің, 
сондай-ақ арнайы әсерлер дене жаттығуларымен шұғылдану және дене шынықтыру 
жаттығуларын бұл гормондық жүйесіне адам. 
Гипоталамус.Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. 
Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал 
төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық 
сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы 
болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл 
сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда 
нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан 
Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. 


54 
Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын 
орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады. 
Гипоталамус — көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің 
қиылысы мен үлкен миаяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. 
Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.Оның қызметі: 
зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі 
мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның 
қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің 
нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық 
жетілу кезінде аяқталады. Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологаялық 
процестерін, денедегі зат алмасуды — судың, минералды заттардың, көмірсулардың, 
белоктардың, майлардың алмасуын, — реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде 
гипофиз ерекше орын алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызметін реттеуге 
қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігі 
бірнеше гормон бөледі оларға мыналар жатады. 
Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), — организмнің барлық торшаларында 
белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер 
алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін 
жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе 
организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе — өсу 
процесі шапшаңдап, алыптық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл 
гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер 
өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) 
байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен байланысты организм кахексия 
(көтерем) және гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады. 
Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы және торлы 
аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек 
түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май 
мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін 
жоғарылатады. АКТГ — катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организмнен азоттың 
бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдігін төмеңдетеді, қабынуға қарсы 
әсер етеді. 
Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула 
ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен 
трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын 
жақсартады. Гонадотроптық гормондар (ГТГ) — жыныс бездерінің өсіп-дамуына 
жағымды әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын 
күшейтеді. Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), 
лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топқа бөлінеді. Бұл 
гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ 
аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі. 


55 
Бүйрекүсті бездері . Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. 
Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. 
Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан 
әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер 
жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп 
қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап 
салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан 
тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері 
нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады 
және басқа өзгерістер пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы 
қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты 
қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің милы 
қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып тастаса, жануар өте тез өліп 
қалады. Ал милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар 
салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады. Мұның себебі милы 
қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да ағзаларда 
кездеседі (ұйқы артериясының бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа бағаны 
бойындағы симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің 
ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді. 
Сондықтан (бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып тастағанда (демодулляциясы) 
оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы 
толықтырылады.
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам 
кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) 
жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық 
қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың 
ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық 
қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар 
(ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет