12
1.
Екі бөлік те афферентті (сезімтал) талшықтарға қарағанда эфферентті талшықтардың
көбірек болуымен ерекшеленеді, преганглийлік талшықтардың эффекторларға әсер ету
аймақтары кеңейеді – бұлшықеттер, бездер, яғни, құрылым функцияны анықтайды.
2.
Ганглиялардың арқасында вегетативтік нерв жүйесінің рефлекстік доғасының эфферентті
бөлігінде оларда ОНЖ-ның қатысуынсыз шеткері рефлекстер тұйықталуы мүмкін.
3.
Соматикалық нерв жүйесінен айырмашылығы вегетативтік нерв жүйесінің (ВНЖ)
салыстырмалы тәуелсіздігі («автономдылық») бар, бірақ мақсатқа бағытталған арнайы
жаттығулар кезінде (мысалы, үнді йогаларының жүйесі бойынша) вегетативтік
функциялармен ерікті жетекшілік етуге болады, оны К.М. Быков пен оның қызметкерлері
барлық ішкі ағзалар мен барлық вегетативтік функцияларды шартты рефлекстік реттеу (ми
қыртысына бағынатынын) мүмкіндігін тәжірибелерінде дәлелдеген.
4.
Вегетативтік нерв жүйесі организмге 3 түрлі әсер етеді: а) функция-лық (ағза функциясын
қоздыратын және түзетуші); б) трофикалық (заттектер алмасуды реттейді); в) тамыр
қозғалтқыш (тамырларды тарылтады немесе кеңейтеді).
5.
Вегетативтік нерв жүйесінің нерв талшықтары соматикалық нерв талшықтарына қарағанда
қозуды баяу өткізеді, олардың құбылмалылығы мен қозғыштығы төмен, бірақ
хронаксиясы ұзағырақ (1-3 мс), (соматика-лықта 0,08-0,32 мс).
Достарыңызбен бөлісу: