1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1


Нерв орталықтары арқылы қозудың берілуінің кідіруі



Pdf көрінісі
бет26/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128
Байланысты:
2 5375107474514778464

Нерв орталықтары арқылы қозудың берілуінің кідіруі.
Бұл қасиетте синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға жүйесінде 
қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Нақты өлшеу 
жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы анықталған.Соған 
байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді 
болады. 
Ритм трансформациясы.
Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, 
трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін 
эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. 
Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс 
органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс 
органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі. 


14 
Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады.Тонус деген сөздің екі мағынасфы бар. 
Орталық жүйке жүйесінде тонус ол үзбей қозу дегенге келеді.Орталықтың тонусы 
күшейсе бұл қозудың үдегенін көрсетеді,ал тонус төмендесе қозудың бәсеңдегені 
байқалады. 
Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына 
қарағанда тез қажитыны анықталады. Бұл, біріншіден синапстарда медиаторлар 
санының азаюынан, ешіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. 
Тәжірибе жүзінде жұлын сегментінің артқы түбірін осы арадағы еттердің жиырылуы 
тоқтағанша үзбей тітіркендіріп, содан соң тітіркендіргішті сол сегментті алдыңғы 
түбіріне көшірсе, жиырылуы тоқтаған ет қайтадан жиырыла бастайды. Жұлынның 
артқы түбірін ұзақ уақыт үзбей тітіркендіру салдарынан ет жиырылуының тоқтауы 
ОЖЖ-нің қажуын ал тітіркендіргіштің орнын ауыстыру нәтижесінде еттің қайтадан 
жиырылуы оның қажымағанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет