23
жағылып, қайтадан рефлекторлық уақыт анықталды. Ол реакция толығымен
жойылғанға дейін біртіндеп өсті. Тұз кристалын алып тастап, миды тұзды ерітіндімен
жуғаннан кейін рефлекторлық уақыт біртіндеп қалпына келтірілді. Бұл тежелу -
орталық жүйке жүйесінің кейбір бөліктері тітіркенген кезде пайда болатын белсенді
процесс деп айтуға мүмкіндік берді.
Кейінірек И.М. Сеченов және оның студенттері орталық жүйке жүйесіндегі тежелу кез-
келген афференттік жолға күшті стимуляция қолданғанда пайда болатынын көрсетті.
Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылған болатын. Тежеуші нейронның
аксонының ұшынан тежелу медиаторы бөлініп шығады да, оның әсерінен түйіспеден
кейінгі тежеуші потенциал пайда болады.
ОЖЖ туатын тежелу процестері 4-ке бөлінеді. Олар: пресинапстық,
постсинапстық, пессималдық және қозудан кейінгі тежеулер.
Достарыңызбен бөлісу: