26
Адам миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу бас терісінің үстінен, кейде операция
кезінде ашық ми бетінен немесе миға енгізілген
микроэлектродтар көмегімен
жүргізіледі. Тіркеуші электродтардың орналасуы әртүрлі болады:
униполярлы,
биполярлы және мультиполярлы. Солардың ішіндегі белсенді
электродтармен мидың
белгілі бір аймағындағы биопотенциалдар тіркеледі.
Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық
немесе спонтанды электрлік
белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі
Альфа-ырғағы - жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 30-70 мкВ по-тенциалдардың синхронды
тербелістері. Олар көбіне, тыныштық жағдайда көзді жұмып отырғанда, мидың артқы
бөлімдерінде байқалады.
Бета-ырғағы - жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 10-30 мкВ потенциал тербелістері. Бұл
ырғақтар организмнің белсенді әрекеттерінде (эмоциялық қозу, ойлық және физикалық
жүктеме) мидың маңдай және орталық аймақтарынан тіркеледі.
Тета-ырғағы - жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 100-150 мкВ потенциал тербелістері. Бұл
ырғақтар қалғуда,
ұйқының бастапқы кезеңінде, жеңіл наркоз
берілгенде және кейбір
науқастарда байқалады.
Дельта-ырғағы - жиілігі 1-4 Гц, амплитудасы 250-300 мкВ потенциал тербелістері. Олар
терең ұйқы кезінде, қажуда және терең наркоз берілгенде тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: