α- (альфа) ырғақ (8-13Гц, 10-100 мкВ) – ол әдетте, адамда тыныштық жағдайда
тіркеледі.
2.
β- (бета) ырғақ (14-30 Гц, 20 мкВ төмен амплитуда) – белсенді сергектілік
кезінде тіркеледі.
3.
δ- (дельта) ырғақ (4 Гц аз, амплитуда 150-200 мкВ),
4.
θ- (тета) ырғақ (7-11 Гц, амплитуда 100 мкВ жоғары)
Оларды нақты уақытта тіркеу энцефалографияның мәні болып табылады.
Альфа-ырғақтан бета-ырғаққа немесе тета-ырғақтан альфа-ырғаққа және бета-ырғаққа
өтуі
десинхронизация деп аталады. Ұйықтаған кезде, үлкен жарты шар қыртысының
белсенділігі төмендегенде,
синхронизация орын алады – электрлік белсенділіктің
альфа-ырғақтан тета-ырғаққа өтуі. Осы кезде ми жасушалары синхронды түрде жұмыс
жасайды: толқындар жиілігінің генерациясы төмендейді, ал олардың амплитудасы
жоғарылайды.