Модульдік бірлік 14. Қазақстанның мәдени саясаты
Мәдени саясат ұстанымдары: "ҚР Мәдениет туралы заңы". Қазақстандағы мәдени реформалардың негізгі ұстанымдары.Қазақстандағы рухани жаңғыру үдерістерінің әлеуметтік-мәдени астарлары. Мәдени саясат модельдері мен қоғамның басты құндылықтар жүйесінің байланысы. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы және оның қазақстандық қоғамның мәдени шығармашылығындағы рөлі. Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі. Қазақстандық өркениетті әлемдік стандарттар мен паттерндер деңгейінде ілгерілетудегі қазақстандық мәдениет, қазақстандық зиялы қауымның рөлі.
Әлемнің ұлттық бейнесін қолдау. Заманауи қазақстандық қоғамға отандастардың мәдени бейімделу мен қосылу (интеграция) мәселесі. Жаңғыртудың екінші және үшінші толқынының жаңа қауіп-қатерлері форматында жас ұрпақтың нақты мәдени жағдайға бейімделу (инкультурация) мәселесі. Жаңа құндылықтық бағдарлардың қалыптасуы, халықтың қоғамдық санасының жаңғыруы, рационалды өркениетті дүниетанымның жаңа жүйесіне шығу. Қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу (культ). Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттілік бірегейлік мәселесі.