2 Оқу пәнінің сипаттамасы Әлеуметтану - адамзат қоғамын, оның құрылымын, даму заңдылықтарын, адам әрекетіндегі мінез-құлықтарын, адамдардың өзара қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің жалпы мәселелерін оқытатын ғылым. Қазіргі заманда әлеуметтану пәнін оқытуда қоғамның жаңа сипаты, әдіснамалық өзгерістері, жаңа перспективалары сипатталуы керек. Сондықтан оқытылғалы отырған курс жаңа методологиялық әдістерді қолдана отырып, жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қазіргі қоғамның сипатын жан-жақты ашып көрсетуге негізделген.
Саясаттану – саяси ой-тұжырымдамаларды оқытатын, саяси жүйелердің түрлері мен қызметтік заңдылықтарын, мемлекет пен саяси институттарды, қоғамдық саяси үрдістер мен құбылыстарды зерттейтін, қазіргі әлемдік саяси шындықты түсіндіретін, заманауи саяси тенденциялар мен саяси даму перспективаларды қарастыратын пән.
«Психология және мәдениеттану» - болашақ маманның кәсіби сана-сезімін олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық және мәдени тұрғыдан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.