Модуль 1 Әлеуметтану Модульдік бірлік 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива. Модульдік бірлік 2 Әлеуметтану теорияларына кіріспе Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар. Модульдік бірлік 3 Әлеуметтанулық зерттеулер Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау. Модульдік бірлік 4 Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік. Модульдік бірлік 5 Әлеуметтену және бірегейлік Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер. Модульдік бірлік 6 Отбасы және қазіргі заман Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу. Модульдік бірлік 7 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс. Модульдік бірлік 8 Дін, мәдениет және қоғам Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.