Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.) №7 Тақырып Су ресурстары Жоспар: Қазақстанның су ресурстары
Су ресрустарын қорғау және тиімді пайдалану
Қазақстан жер аймақтарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады.
Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы) техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды.
Тянь-Шань тауларында кездесетін Тянь-Шаньдық типтегі өзендер жоғары емес, жайылған көктемгі- жаздық қар суымен және деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай гидрологиялық режим су қоймаларының техногенез өнімдерінің өзін- өзі тазалауына әсер етеді.
Төменгі және жайылыңқы қөктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды.
70- тен астам артезиандық бассейндердің болуы Қазақстанның альптік региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып табылады
Судың жиналу режимі мен су деңгейінің толқуы, өзендердегі сулардың максималды және минималды шығындарын және қоршаған ортаның экология жағдайына тікелей әсер ететін басқа да гидрологиялық факторлар тығыз байланысты.
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады.табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды.Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз.бұған қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі кіредіжәне сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.